«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. 9-сынып экспо-2017» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата03.12.2022
өлшемі21,32 Kb.
#161075
Байланысты:
9-сын.ҚТ№1.БЖБ
майлар лаб

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. 9-сынып
ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқушының аты-жөні:
Сыныбы:



Оқу мақсаты

9.1.3.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу
9.4.3.1 стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут



1-тапсырма.Мәтінді тыңдап, берілген сұрақтар арқылы қазіргі өмірмен байланыстырыңыз
1.Түркияның Қазақстанда өз елшілігін алғашқы болып ашуының себебі неде деп ойлайсыз?
2. «Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй—тәй басты.» деген сөйлем арқылы автор нені аңғартады?
3.Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін БҰҰ-ға кіруінің себебі? (өз пікіріңіз)

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран – Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды


АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция, т.б. ірі-ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың соңына дейін мойындады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп—жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қосып, стильдік ерекшелігін сақтап, сөйлемдер құраңыз


Сөз тіркестері: Қазақстанның тәуелсіздігі, әлемдік арена, БҰҰ-на мүше, әлем елдері

1-сөйлем

2-сөйлем
3-сөйлем

4-сөйлем



Бағалау критерийі


тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін ақпаратын өмірлік мәселелермен байланыстырады



1

1-сұрақ


2-сұрақ


3-сұрақ

2
2
2



Стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді дұрыс қолданады

2


1-сөйлем

2-сөйлем

3-сөйлем

4-сөйлем




1

1


1

1


Барлығы

10


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет