Erasmus+
ТЕМПУС
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
Алматы 2014
ТЕМПУС Қазақстан Республикссында – Алматы, 2014 – 72 б.
Жинақ материалдарын Мəдениет, аудиобейне құралдар жəне білім беру бойынша Атқарушы Агенттіктің ( ЕАСЕА) қолдауымен Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі баспаға ұсынды.
Ғылыми редакторы:
Тасбулатова Ш.У., п.ғ.к., доцент, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі
Техникалық редакторы:
Бегалинова Н.В., Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі
Мазмұны
Алғы сөз …………………………………………………………………………….3
Кіріспе………………………………………………………………………………….5
Темпус……………………………………………………………………………………
Қазақстан Республикасы жəне Болон үдерісі ………………………………………..
Қазақстандағы Темпус бағдарламасының Ұлттық кеңсесі ………………………….
Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша эксперттер Ұлттық командасы …………………………………………………………………………….
Темпус Қазақстанда ……………………………………………………………………
Ақпараттық сессиялар …………………………………………………………….
Жобалар мониторингі ………………………………………………………………..
Қазақстандағы Темпус бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің жұмысы ............. ………
Темпус IV Конкурс І жобалары ………………………………………………………
Темпус IV Конкурс ІІ жобалары ………………………………………………………
Темпус IV Конкурс ІІІ жобалары ………………………………………………………
Темпус IV Конкурс IV жобалары ………………………………………………………
Темпус IV Конкурс V жобалары ………………………………………………………
Темпус IV Конкурс VІ жобалары ………………………………………………………
Эразмус+ …………………………………………………………………………………
Алғы сөз
Еуропалық Одақтың ең табысты бағдарламаларының бірі - Темпус 1991 жылдан бастап жүзеге асырылып, 20 жыл бойына əрекет етті. Осы уақыт аралығында Қазақстандағы, сондай-ақ Шығыс Еуропадағы, Орталық Азиядағы, Батыс Балқан жəне Жерорта теңізі елдеріндегі басқа да серіктес елдерде жоғары білім беруді реформалау, модернизациялау үрдістеріне айтарлықтай ықпал етті.
Əр өңірдің даму қажеттіліктеріне байланысты бейімделіп отыру - Темпус философиясының ерекше белгісі. Бағдарламаның артықшылығы - оның серіктес елдердің жоғары білім беру жүйесінің дамуы ұлттық стратегияларына, оқу орындарының өзекті мəселелеріне, əр елдің ұлттық приоритеттеріне байланысты əлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктеріне стратегиялық жəне тактикалық мақсаттарына сай келуі. Бағдарлама аясында өткізілетін шаралар "төменнен-жоғарыға" ұстанымы негізінде жүргізіледі жəне студенттер мен оқытушылардың потенциалдарын арттыруға басты назар аудара отырып, технология мен білім трансфертіне бағытталады. 2004 жылдан бастап Жеке ұтқырлық (мобилділік) гранттары бойынша əрекет еткен Эразмус Мундус бағдарламасына қарағанда, Темпус студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлықтарын арттыруға, əр елдің, мəдениеттердің арасындағы əріптестік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.
Темпус бағдарламасының IV кезеңі 2007 жылдан басталып, 2013 жылдың желтоқсан айында аяқталды. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап Еуропалық Одақтың жаңа 2014-2020 жж. арналған Эразмус+ (Erasmus+) бағдарламасы жүзеге аса бастады. Бағдарламада Еуропа 2020 жылға дейінгі стратегияларының басты приоритеттері қамтылады.
Қазақстандық оқу орындары Темпус бағдарламасының шараларында 1995 жылдан бастап қатысып келеді. IV Темпус V (2012) жəне VI (2013) Конкурстарында іріктелген жобалар Эразмус+ шараларымен қатар іске асырылады. Қолдарыңыздағы басылымда Қазақстандық оқу орындарының Темпус жобасына қатысуы нəтижелерін, сондай-ақ Эразмус+ бағдарламасы туралы, оның мақсаттары мен міндеттері, форматы, жеке тұлғалар мен оқу орындарымен серіктестік құралдары туралы қысқаша ақпараттармен таныса аласыздар.
ТЕМПУС БАҒДАРЛАМАСЫ
Темпус - серіктес елдердегі жоғары мектептің жұмысына оң өзгерістер енгізуді қаржыландыруға бағытталған жəне білім беру жүйесіндегі өзекті мəселелерді шешуге ықпал етуге мақсатталған бағдарлама.
Бұл өзгерістерді іске асыру үшін студенттер, оқытушылар жəне оқу орындарының, факультеттердің, жалпы жоғары білім беру саласының басқа да қызметкерлері тартылады.
Бағдарламаның əрекет ету шеңбері өте ауқымды. Оның шараларына жоғары оқу орындары, азаматтық қоғам өкілдері, министрліктер қатыса алады. Профессорлық-оқытушылық құрамның жəне студенттердің сынақ мерзімдерімен қатар, бағдарлама оқу бағдарламаларын, курстарды дайындау мен модернизациялауды, ресурс орталықтары мен зерханаларды жабдықтауды, оқулықтарды басып шығаруды, білім беруді реформалау бойынша басты қажеттіліктерді қаржыландыруды қарастырады.
Темпус жобалары оқу орындарының интернационализациясына, таяу жəне алыс шет елдермен қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етеді.
Бағдарламаның ең үлкен жетістігі деп адами ресурстардың артуы, кəсіби мамандармен қарым-қатынастың нығаюын жəне осы байланыстың жаңа жобаларда жалғасуын айта аламыз. VI (2013) Конкурстың қорытындысы бойынша Орталық Азияда ең алғаш болып ҚазЭУ грант иегері атанды жəне іс-шараларды жүргізу жауапкершілігіне ие Темпус жобасының үйлестірушісі болып тағайындалды.
Тасбулатова Ш.У.
Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасы Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі
Достарыңызбен бөлісу: |