Erasmus+ темпус


ТЕМПУС III (2000-2006 жж.) - «модернизация» бағдарламасы



бет5/11
Дата15.09.2017
өлшемі2,35 Mb.
#33873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТЕМПУС III (2000-2006 жж.) - «модернизация» бағдарламасы ЕО дамуна сәйкес еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты жоғары білімді модернизациялауға, кадрларды даярлауға бағытталды. 1990-2006 жж. аралығында Темпус бағдарламасы аясында Еуропа мен серіктес елдердің 2000 университетінен 6500 жоба қаржыландырылды. Бағдарламаның осы кезеңін сипаттайтын кілт сөздер: «еңбек нарығымен байланыс», «әлемге ашықтық», «білім алу кезеңін мойындау» «Лиссабон стратегиясы», «өмір бойы білім алу».

ТЕМПУС IV (2007-2013)серіктес елдердегі ұлттық реформаларды қолдау бағдарламасы. Бұл бағдарламаны құрастыру кезінде өткен кезеңдердің нәтижелері ескерілді, мысалы бағдарлама приоритеттерін «ұлттық» және «аймақтық» деп бөлу. Темпус IV кілттік стратегиялық бағыттары: «аккредитация», «сапаны қамтамасыз ету», «академиялық емес серіктестермен арақатынас», «университеттердегі реформалар».

Толық ақпарат: http://eacea.ec.europa.eu/tempus/programme/history_tempus_en.php



ТЕМПУС БАҒДАРЛАМАСЫН БАСҚАРУ

2007 жылға дейін бағдарламаны басқару Еуропалық білім қорының Темпус бөлімінің техникалық қолдауымен мәдениет және білім беру мәселесі бойынша Еуропалық комиссияның Бас Директораты тарапынан жүзеге асырылды.

2009 жылдың 1 сәуірінен бастап ТЕМПУС IV бағдарламасы аясында өткізілетін конкурстарды, жобаларды бағалау және мониторингілеуді Еуропалық Комиссия атынан әрекет ететін Мәдениет, аудиобейнеқұралдар және білім беру бойынша Атқарушы Агенттік (The Education, Audiovisual and Culture Executive Agency – EACEA) басқарады.

ЕО барлық мүше елдерде Ұлттық Байланыс Орталықтары құрылды; серіктес елдерде Темпус Ұлттық кеңселері (National Tempus Offices - NTO) құрылды, олар бағдарламаның түрлі аспектілері бойынша ақпараттық қызметтер атқарады және Лиссабон Конвенциясы мен Болон үдерісінің жүзеге асуына ықпал етеді, т.б. которые предоставляли информационные услуги по различным аспектам программы, Тәуелсіз эксперттер жүргізетін алдын-ала бағалаудан кейін қаржыландырылатын жобаларды іріктеу кезінде ЕАСЕА серіктес елдердегі ЕО Өкілдіктерімен және ТҰК консультация ұйымдастырады. Осылай, Темпус Ұлттық кеңселері жобаларды іріктеуде және оларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

АТҚАРУШЫ АГЕНТТІК ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ: http://eacea.ec.europa.eu/index_en.php



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ БОЛОН ҮДЕРІСІ

Қазақстан Республикасы Болон үдерісі мен жоғары білім беру Еуропалық кеңістігінің Орталық Азиядағы алғашқы толыққанды мүшесі. 2010 жылы 11 наурыз Болон үдерісіне қатысушы елдердің Білім министрлігінің шешімі бойынша Болон Декларациясына қол қойылған күн ретінде қазақстандық жоғары білімнің тарихына енді (46 ел).

Қазақстан Республикасы Болон үдерісінің 47 қатысушы елі болды. Қазақстанның Болон үдерісіне қатысудағы мақсаты –еуропалық білім беру жүйесіне қол жеткізу, білім берудің сапасын арттыру, жоғары білім берудің сәйкес жүйесін қабылдау арқылы студенттер мен оқытушылар құрамының тұтастығын арттыру, кредиттер жүйесін қолдану, қазақстандық оқу орындарының бітірушілеріне жалпыеуропалық диплом қосымшасын беру.
Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы қазақстандық білім беру бағдармаларының, оқу жоспарларын, студенттер мен оқытушылардың академиялық тұтастығын , еуропалық аймақтарда отандық дипломдардың айналымдылығын, кез келген елде жұмысқа тұру мүмкіндігін мойындатуды қамтамасыз ете алады.


Қазақстан Республикасының Болон Декларациясына қол қоюы оның негізгі параметрлерінің орындалуын түсіндіреді.


Каталог: attachments -> article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет