Қазіргі таңдағы еңбек нарағының талаптарына сай мамандар даярлаудағы « Арқалық политехникалық колледжінің » тәжірибесі
Соңғы кезде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі көптеген позитивті өзгерістер болуда. Елбасымыз Н. Назарбаев кәсіптік –техникалық және экономикалық индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес,әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне үлкен дәрежеде көңіл бөліп келеді. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесіндегі реформалау мен модернизациялау бағыттары корсетілген.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, педагог мамандығының беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Бұл саладағы жүргізіліп жатырған реформаның да басты мақсаты-өндіріске бейімделген,кәсіптік шеберлігі шыңдалған,білікті кәсіби маман дайындау,рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор,қазіргі қоғамда ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Бағдарламаны іске асыру барысында өндірістің барлық салалары бойынша орта буын мамандарын кең көлемде дайындау қажет етіледі.Олай болса экономиканы дамытудың кілті кәсіптік білімде жатыр. Ғылым мен техниканың жедел дамыған,озық ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына аса қажетті орта кәсіптік білікті мамандар даярлау колледжіміздің негізгі міндеттері болып келеді.
Арқалық политехникалық колледжі өңіріміздегі ,еңбек нарығының сұраныстарына талдау жасай отырып,түлектердің жұмысқа орналасуы,мамандықтардың сұранысына қарай,өнеркәсіб,энергетика және техникалық мамандық бойынша кадрларды даярлап келеді. Еліміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқан кезде кәсіптік білім беруді дамыту үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Біріншіден, колледжіміз тәжірибелі,кәсіби сауатты кадрлық құрамының базасын қалыптастыруды көздейді. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан кәсіптік техникалық білім беру жүйесін жетілдіруде белсенді шаралар қолдануда,яғни оқу орны басшылары мен оқытушыларының біліктілігін арттыру мәселесі көп көңіл бөлінді. Осы саладағы жүйені әлемдік стандартқа сәйкестендіруге алдыңғы қатарлы халық аралық тәжірбиені зерделеп одан алар тиімді жағын қолдануға бірнеше жобалар енгізілді. Соның ішінде біздің Аркалық политехникалық колледжіміз « Техникалық және кәсіптік білім беруді қолдау» Еуропалық Одақ және ТМД тәжірбиелерін енгізу жөніндегі тәжірибесін таңдады. Ол үшін,тәжірбие алмасу мақсатында 2014 жылы Германия,Швецария,Франция,Ресей,Белоруссия елдерінің алдынғы қатарлы оқу орындарында оқытушыларымыз тағылымдамадан өтті. Уақыт талабына толық сай келетін білім жүйесіне қол жеткізу үшін оқытушыларымыз жаппай ізденіп, игерген тәжірибелерін әріптестерімен бөлісіп жұмыс барысында қолдануда. Арнаулы пән оқытушылары өз бағыттарында әруақытта жаңашылдыққа,шығармашылыққа ұмтылумен ерекшеленеді. Осындай жоба аясында колледжіміздің үш арнаулы пән оқытушылары, яғни өзім өндірістік оқыту шебері Алекешов Ғибрат Хайдарұлы, Сыздықов Амангелді Хабдуахитұлы,Абдибеков Амерхан Кенжебекұлы және Курганбеков Болат Мамбекович Минск қаласындағы кәсіптік білім берудің Республикалық институтынан құзыреттілік негізінде модульдік бағдарламаларын жасау курсыннан 2014 жылдың маусым айының 25 жұлдызынан, шілде айының 7- сіне дейін екі апталық курсын оқып шықтық. Ол курстың ерекшелігі елдердің білім беру ұйымдарының басқаруда пайдаланатын қолданыстағы нормативтік құжаттар,байланыс құралдарымен ақпараттық мәліметтермен,яғни оқу орындарымен басқару әдістемелерімен кеңінен таныстырылды. Негізі бағыт « Кәсіби құзырлық негізінде модульдік бағдарламада даярлау және енгізу» тақырыбында колледждің оқытушылары біліктілікті арттыру курсы мен тағлымдамадан өтті. Бұл бағыттан алғанымыз жұмыс берушілердің қазіргі таңдағы кәсіби талаптарына сәйкес барлық біліктіліктерді біріктіретін модульдік бағдарлама жасақталып,студентке кезекті жұмыс біліктілігін алуға,тәжірибеден өту арқылы дағдысын арттыруға, жұмыспен қамтамасыз етілуіне жағдай туғызылды.Осы жұмыстармен қатар колледж оқытушылары республикалық тұрғыда механизатор саласының біліктілік талаптарына айқындайтын модульдік тапсырмаларды,оқу-әдістемелік құралдарды өңдеуге атсалысуда. Ал өзімнің айтарым бұл модульдік технологияны іс-тәжірибеге енгізу, тәжірибеде оқыту жүйесінің пәндік бағытта оқыту технологиясы мен тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы кездеседі.Модуль дегеніміз – іріленген дидактикалық бірлік.Оқу процесінде модульдік жүйені пайдалану қазіргі таңда студентерге ұсынылып жатқан көлемді материалдарды қысқартуға және жеделтедуге жол ашады.Студент өз мүмкіндігіне қарай әр деңгейдегі тапсырмаларды орындауға ерікті. Бұл технологияның маңызды шарты- студент кез-келген ғылыми сөздіктерді, оқу құралдарын пайдалануына болады және оқытушыдан жедел кеңес ала алады. Қорыта келгенде, кәсіптік оқытудың дуалды жүйесін енгізу арқылы әлеуметтік әріптестік дамыту көзделген. Дуалды жүйенің нәтижесі негізгі-мамандарды оқу орны мен өндірісте қатар дайындау. Студенттер колледжде алған теориялық білімдерін өндірісте практика жүзінде пайдалана білулері үшін үнемі жан-жақты дайындалып,көп іздену қажет. Сондықтан бүгінгі таңда дуальдік оқыту жүйесі- әлемдегі кәсіби –техникалық мамандарды даярлаудың тиімді жолы. Өйткені өз мамандығын осы жүйемен меңгерген түлектер бірден қызметке орналаса алады, бұлда қазіргі замандағы басты мәселенің бірі. Сонымен қатар студент өндірістік ұжымдағы қарым-қатынасқа ерте бейімделіп, әлеуметтік ортаға үйренетіндігін айта кету керек. Болашақта өз қызметкерлері арасынан сауатты,білімді жас мамандар көргісі келетін кәсіп орындар қазіргі білім алушыларға сапалы білім алуға көмек қолын созса деймін.
Алекешов Ғибрат Хайдарұлы
Өндірістік оқыту шебері
Арқалық политехникалық колледжі
Кәсіптік білім беру – келешек кепілі немесе « Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының тиімділігі
« Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты азаматтарды оқыту мен оларды жұмысқа орналсатыру мәселелерін қамтыды.Бүгінде білім беру мен бизнес саласы арасындағы әріптестік байланыс күшейіп келеді. Оған ел экономикасының дамуына қажетті мамандықтар даярлаудың себепкер екенін ескерсек, бұл арнадағы жұмыстар өз ретімен орындалуда. Бұл бағыттағы жүйелі жасалған жұмыстар екінші жағынан аймақтық бәсекені арттырары сөзсіз. Дей тұрғанмен, жасыратыны жоқ, елімізде кәсіптік білім беруді көздейтін стандарттарға енді ғана көңіл бөлініп келеді. Осы ретте ірі кәсіпорындар кәсіптік білім беру жүйесіне қыруар қаржы салып, жас мамандарды даярлау ісіне белсене қатысуда. Осылайша аймақ экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау мәселесі қолға алынды. Нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар басталды. Кәсіптік-техникалық оқу орындары индустриалық-инновациялық сала үшін кадрлар даярлауға баса назар бөлді. Аймақтағы кәсіби техникалық мамандар даярлап жатқан оқу орындары да бұл форумда өздерінің жұмыстарын таныстырғанды жөн көріпті. Түптеп келгенде, облыс халқының басым бөлігі ауылшаруашылық саласында еңбек етеді. Бірақ, облысты өзге аймақтармен қатар дамыту керектігін ескерсек, индустрияландыру бағытына негізгі басымдық беру керек. Оған республикада қабылданған индустриялық-инновациялық бағдарлама зор мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпкерлер кәсіптік білім беру ошақтарымен серіктестік байланысын нығайтатын болса, қажетті маман даярлау жұмысы жолға қойылар еді. Жалпы, жастардың жоғары оқу орындарында білім алумен қатар кәсіптік білім алуының да ел дамуы үшін маңызы айрықша. Бүгінгі еңбек нарығында техникалық мамандық иелері инженер-құрылысшы, энергетик, механик, жобалаушы, тігінші, аспазшы, жоғары дәрежелі газэлектр дәнекерлеуші, жол жөндеу жұмыстарына қажетті машинистер, тас қалаушы, ағаш ұстасы секілді құрылыс мамандары тапшы. Сондықтан әлеуметтік серіктестіктер маман даярлап, оқытуға ынталы болуы қажет. Өндіріске қажетті жаңа технологиялармен жұмыс жасай алатын білікті кадрлар дайындауға қол жеткізілетін болады. Оларды даярлау – кәсіптік білім мекемелерінің міндеті. Сондықтан жергілікті бюджеттен жасақталатын тапсырысты «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен ұштастыру қажет екенін Ел басы ұмытпады. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орындары мен әлеуметтік серіктестіктерінің байланысын нығайтудың маңызы аса зор. Елбасының халыққа кезекті жолдауында ел экономикасын дамыту, әлеуметтік ахуалды арттыру, еңбек нарығындағы мәселелерді шешу жолдары айқын көрсетіліп, нақты бағыт-бағдарлар берілген.
ЖҰМЫССЫЗДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАЛАЙ ҚАМТЫЛДЫ? Жаңа бағдарлама үш бағытта жұмыс жасауды көздейді. Оның алғашқы сатысында инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл механизм естеріңізде болса, 2009-2010 жылдары да орындалған еді. 2009-2010 жылдардағы бағдарламалардың ішінде 4 бағыт болғаны естеріңізде шығар. Ауылдарды абаттандыру, коммуналдық жүйедегі нысандарды, әлеуметтік инфрақұрылымдарды қайтадан жөндеу мәселелері болатын. Бұл бағыт негізінде 2009-2010 жылдағы бағдарламада жұмыстан шығып қалған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қарастырылған болатын. Қазірде сол мәселе толық қолданылып отыр. Егер де «Жұмыспен қамту» бағдарламасында негізінен 3 санаттағы жұмыссыз, аз қамтамасыз етілген және өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен азаматтарды оқуға көбірек тартқан болсақ, бұл жолы оқуға тарту, жұмыспен қамтамасыз ету негізінен жұмыс берушінің қажеттілігіне қарай жасалады, - деген болатын. Осындай бағдарлама аясында колледжіміз 2009 жылдан бері айналысып келеді. Алғашқыда колледжіміз Арқалық қаласының «Жұмыспен қамту орталығымен » шартқа отырып бірнеше мамандықтар бойынша 3 айлық қысқа мерзімді курстарды даярлықтан өткізді.Өндірістік оқытушыларының біліктілігінің арқасында және колледждің дайындық базасының жоғарғылығынан білім алушылар қысқа мерзімнің ішінде өз таңдаған мамандықтарының иесі болып шыға келді. Бұл жүйенің негізі ерекшелігі білім алушыларға әуелден практикалық білімге басымдық беріледі. Әрбір топқа шеберханаларда жұмыс жасағанда бір тәлімгерден, яғни өндірістік оқыту шеберлерін бекітеді.Онда әр білім алушылардың техника қауіпсіздігін қатаң сақтауын қадағалайды. Қазіргі таңда колледжіміз биылғы 2016-2017 оқу жылында да Арқалық қаласының жұмыспен қамту бөлімінен жіберілген қайта даярлау курсын қолға алып 2016 жылдың 2 – ші жарты жылдығында өткізді.Колледжіміз қазір уақытта өңірімізде суранысқа ие болып тұрған мамандықтарды дайындауда.Атап айтсақ электргазбен дәнекерлеуші,электромонтер,аспазшы,шаштараз мамандықтары бойынша.Бүгінгі күн жақсы білім алыпп,өз білімдерін қысқа мерзімді курстарында шындап,елімізге аянбай еңбек етсе деп тілейміз.
Конец формы
Алекешов Ғибрат Хайдарұлы
Өндірістік оқыту шебері
Арқалық политехникалық колледжі
Арқалық политехникалық колледжнің ер балалар арасындағы баскетболдан жарысқа қатынасатын электромонтер 2 курс тобының студенттер тізімі
№
|
ТАӘ
|
Туған жылы
|
Тобы
|
Медециналық тексеру
|
1
|
Аманбай Нағашыбай Төлегенұлы
|
01.09.1999
|
ЭМ- 22
|
|
2
|
Байзір Мамбетәлі Тұрғынбекұлы
|
01.02.1997
|
ЭМ- 22
|
|
3
|
Бейсенбаев Ер-Мади Нурланович
|
31.10.1999
|
ЭМ- 22
|
|
4
|
Болат Асхат Санатұлы
|
09.04.1998
|
ЭМ- 22
|
|
5
|
Сақтанбергенов Алмаз Шоптибаевич
|
02.02.1999
|
ЭМ- 22
|
|
Топ кураторы: Алекешов Ғ.Х
Меніңше,ұстаз болу – үлкен өнер,себебі оқушы тәрбиелеу, оқушының шығармашылық қабілеттерін ашу,оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау керек. Сонымен қатар арнайы пән мұғалімінің ұстанымы,көз қарасы,шешімі,іс-әрекеті болу керек деп ойлаймын. Мен сабақтарымды тек білімділік мақсатарды шешіп қоймай, оқушының жекелеген қасиеттерін,жазбаша және ауызша,сөйлеу дағдыларын жетілдіре отырып,білгенін қысылмай айтуға дағдыландырамын. Оқушының бұрынғы білімін,жаңа ақпараттарымен ұштастыра отырып,пікір айта алатындай етіп жоспарлауды мақсат етемін.
Мақсатым – оқушыларды олимпиядаға жақсы дайындау,мақсатыма жету үшін олимпиаданың кезеңдерінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, келесі тұжырымдаманы басшылыққа алдым. Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін мүмкіншілігін айқындау. Олимпиядаға қатыса алатын оқушының жасы 18 ден асқан,3 курс оқитын,себебі арнайы пәндердің толық бағдарламасын оқыған,олимпиада туралы ережемен және бұйрығымен,жеке міндетерін, олимпиада өтететін орнын,бойындағы жетістіктерін,кемшіліктерін қабылдау.( Мониторинг жүргізу)
Арнайы пәнінен ұйымдастырылатын олимпиядалар колледж оқушыларының осы пәнге деген қызығушылықтарын тудырумен бірге,олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады,ерекше жолы деп айтсақта болады. Сонымен бірге , ол шәкірттердің білімдік және танымдық мазмұн-қасиеттерін,шығармашылық іс-әрекеттері мен тәжірибе жинақтауларын дамыта отырып,олардың кәсіптік білімінің ауқымдылығы мен құндылығы жан-жақты түсінуіне және оны жете сезінуіне ой салады.
Шәкірттеріме қиындықтарды жеңуге және кемшіліктерден арылуға көмектесу.Әр арнайы пән мұғалімі әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап,тиімді пайдаланған ғана мақсатқа жете алады деп ойлаймын. Сондықтан олимпиядағы дайындық сабақтарымды мен мынадай әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланған жөн деп есептеймін.
Тест әдісі
Жаттықтыру әдісі
Көрнеклік әдісі
Электрондық қор пайдалану әдісі
Аудио әдісі
Әңгімелесу әдісі
Баяндау әдісі
Пікір айту әдісі
Негізгі шарт яғни тіл байлығы,тілді жетілдіру үшін оны жиі қолдану керек. Ол қай жерде қажет: негізгі ой табу,талдау жасау немесе тәжірбиелік тапсырмаларды орындау.
Оқушының тілін дамыту
Ауызша ереже айтуға
Сұлба-кестемен жұмыс жасау
Кез-келген электр кондырғыларының техникалық сипаттамасын айту
Жазбаша жатығулар орындау,кестені сызу
Олимпиадалар көп жағдайларда екі турдан ұйымдастырылады-теориялық және практикалық. Бұл құрылымының өзіндік ерекшеліктері бар. Ең негізгісі теориялық білімді қолданбалы жұмыспен ұштастыра білу.Кейбір аймақтарда практикалық турды үлкен шеберханаларда өткізу мүмкіндігі туады.
Олимпиадаларды ұйымдастырғанда қызығушылық танытатын мәселелердің бірі ретінде сұрақ жауаптарын бағалау болып есептеледі.Әр сұрақтың балы жалпы сұрақтардың санына байланысты болады. Теориялық тур 100 сұрақтан тұрады. Оның 60 сұрағына дұрыс жауап бергенде ғана, келесі турға өте аласыз. Олимпиада тапсырмалары бір жүйеге топтастырылады. Мұндай жағдайда белгілі-бір әдіс айту оңай емес,сондықтан да негізгі 3 принципке бөліп ұстанғанымыз жөн санадым.
1 принцип: Білімді оқушыға жеткізу міндеттендірмей еркін болу тиіс. Мұғалімнің жеке басы оның білімі ,оның қызықтыру тәсілі сабаққа деген ынтасын арттыру керек.
2 принцип: Оқушының келешекте жоғары оқу орнына түскенде, олимпиадаға қатысқаны,оған ықпал беруі. Оқушының ата-анасымен байланыстың өте маңызды екенин естен шығармау.
3 принцип: дәрістердің жүйелі түрде жүргізілуі. Алдынғы екі принцип оқушыларды қосымша білім алуға ынталандырады. Ал соңғысы дайындықтың барлық бағытын айқындайды. Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау керек яғни әрбіріне тапсырмалардың күрделігі оқушының деңгейі мен жеке басына сай келуі керек. Оқушыны жұмысты безендіруге ,шешімді тауып тексеруге,әдемі идеяны таба білуге үйрету керек. Жалпы алғанда,пәндік олимпиядаға дайындықтың оны ұйымдастырудың жолдары көп. Дайындалу үрдісінде негізгі жүк пән мұғаліміне түседі. Қорыта келгенде,білімді ұрпақ – Қазақстаның ертеңі мен болашағы. Ал ,жас ұрпақты жан- жақты терең білімді жеке тұлға етіп тәрбиелеу біздің ұстаздар қауымының алдына қойылған ауыр жүк. Сондықтан ,қиындығы мен қазығы мол осынау ұстаздық еңбек жолында барша ұстаздар қауымына тек қана шығармашылық табыстар тілеймін.
Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру
Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субЪект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды оқушылардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті.
Қазіргі кезде оқушылардың дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істеуге болады. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында арнайы пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.
Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Колледж оқушылары арасында арнайы пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты-дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, өз таңдаған мамандығын игеруге шақыру, маман-кадрлар дайындауға үлес қосу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.
Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен оқушы бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ған шебер ұйымдастыра алады.
Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауы, қиялдауы, сана-сезімі өседі нақты біліммен қаруланады. Өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлігі мен дағдылары дамиды. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші роль атқарады.
Осы орайда, мен олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибемді ортаға салғым келеді.
Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, алғашқы курстан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:
Ең алдымен физика және химия пәнінің мектеп бағдарламсы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс;
Физика және химия бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге, формулалар, таблицамен және ережелік мәліметтермен жұмыс істеу, салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек.
Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.
Осындай бағыттарда жұмыс жүргізуде мен оқушыларды пәндік олимпиадаға даярлаудың үлгі- жоспарын назарларыңызға ұсынығым келеді.
Бағдарлама 4 кезеңнен тұрады.
Дайындық кезеңдері
|
Жүргілетін жұмыс түрлері
|
Оқушы іс-әрекеті
|
І кезең
|
Оқушының теориялық білімін жетілдіру бөлімі
|
1.Өтілген материалдар бойынша білімін толықтыру мақсатында қайталау дәріс сабақтарын өткізу.
|
Дайындық барысында пайдаланылатын қосымша әдебиеттерді беремін. Оқулықтан тыс күрделендіріліген тапсырмалар беру және ғылыми терминология бойынша жұмыс жүргізу маңызды.
|
2.Қосымша білім көздерін пайдалану (БАҚ материалдарымен танысып отыру)
|
Оқушылар БАҚ көздеріне сүйене отырып, күнделікті өмірде дүние жүзінде болып жатқан жағңалықтармен танысып отыруы керек.
|
3.Электронды оқулықтарды пайдалану, интернет жүйесі арқылы мағлұматтар алу.
|
Электронды оқулықтар арқылы өз беттерімен дайындалуына көңіл бөлу. Интернет ресурстарын пайдалану. Интернет-кітапханалар арқылы білім алу. Дистанционды олимпиадаларға қатысу,«Дарын» сайтындағы өткен жылдардың олимпиада материалдарын орындау. Онлайн тесттерді орындату.
|
Теориялық білімін практикалық тұрғыда қолдану бөлімі
|
Оқу-тәжірибелік және сарамандық жұмыстарды: Физикалық және химия мен графиктер тұрғызуға, профильдер сызуға, статистикалық мәліметтермен жұмыс жасауға, сызба, сұлба, кескін карталар, жұмыстар, т.б. машықтану.
|
1. Статистикалық мәліметтермен жұмыс;
2. Технологиялықкартамен жұмыстар жүргізу;
3. Кескін картамен жұмыс;
4. Есептер шығарту;
5. Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;
6. Профиль сызуға үйрету,
7. Жоспар бойынша сипаттамалар беруге үйрету;
8. Салыстырулар жасауға үйрету;
9. Кестемен жұмыс;
10. Сызбалармен жұмыс.
|
ІІ кезең
|
Зерттеу, талдау, түсіндіру және болжам жасау (пайымдау) кезеңі.
|
Оқушы алған білімдерін пайдалана отырып, заңдылықтар мен құбылыстарды, өзгерістер мен жаңалықтарды зерттеуге, оны талдай білуге немесе түсіндіруге , қажет болса болжам жасай білуге үйренуі тиіс.
|
1. Оқушы кез-келген уақытта, қазіргі таңдағы өндірісте қолданып жатқан электр бұйымдарынан хабардар болу керек , олардың техникалық сипаттамасын түсіндіре білуі қажет;
2. Нақтылы фактыны зерттеуге, салыстыруға, талдай білуге үйрену, өз бетімен тұжырым және болжам жасай білу.
|
ІІІ кезең
|
Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу кезеңі.
|
Қазіргі таңдағы евро бұйымдары туралы алған мағлұматтарына қосымшаерекшеліктерін және оның қолдану әрекетін танып-білу мақсатында өз бетімен зерттеулер жүргізу.
|
1. Жергілікті жер табиғаты мен экономикасын зерттеу жұмыстарын жүргізу(жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, органикалық дүниесі, ішкі сулары, өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығы, халқы және еңбек қоры, т.б.)
2. Оларды картаға түсіру, номенклатураларын жасау, диаграммалар тұрғызу,т.б.
3. Статистикалық мәліметтер жинақтау.
|
IV кезең
|
Қорытынды кезең
|
Оқушының дайындық кезеңдері бойынша алған білімдерін саралау, жүйелеу, қорытындылау.
|
Тақырыптық тесттер орындату,
Тестер жинағы, әр тарауға байланысты тапсырмалар орындату.
|
Өзім құрастырған осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, оқушыларды облыстық және Республикалық пәндік олимпиадаларға үздіксіз даярлауға болады.
Оқушының іскерлік пен дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді жолы есептер шығару мен технологиялық карталармен беру арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту. Әсіресе, физикалық курсы бойынша ток күшін өлшеу, орамалардың кедергісі, азимут, масштаб, сағаттық белдеулер, гидросфера тараулары бойынша, ал экономикалық география курсы бойынша демографиялық және экономикалық есептерді көбірек орындату керек. Өзімнің құрастырған жинағым, Ресейлік авторлардың және интернеттен алынған есептер жинақтарын өз тәжірибемде тиімді пайдаланып келемін.
Оқушының білімін жетілдіруде статистикалық мәліметтермен жұмыс жасату нақты сандық мәліметтерді пайдалана отырып, оқушыға дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Мұндай мәліметтерге елімізде болайын деп жатқан ЭКСПО -2017 тақырыбы « Елімізде электр энергиясын өндіру және тиімді пайдалану жолдарын дамыту»Осындай статистикалық мәліметтер көздерін пайдалана отырып, оқушы график немесе диаграммалар, мониторинг, кестелерді жасауға үйренуі қажет.Оқушының кішігірім ғылыми-зерттеу шығармашылық жұмысымен айналысуы оның өз өлкесінің ток көздері туралы мағлұмат алуына жол ашады. Осылайша, ол өз өлкесінің энергия көзімен мен ток көзін тиімді пайдалану туралы мағлұматтар жинақтайды.
Оқушыларды олимпадаға дайындауда қосымша әдебиеттерді тиімді таңдай білген жөн. Мен өз тәжірибемде төмендегідей әдебиеттер түрлерін пайдаланамын:
Р/с
|
Оқулық немесе әдебиеттің атауы.
|
Шыққан жылы, баспасы.
|
Авторлары.
|
1
|
Тест жинақтары 3000 сұрақ, 6 -вариант
|
2014 жыл
|
Алекешов Ғ.Х.
Исмагулов Е.Н.
|
2
|
«Электротехниканың қысқаша анықтамасы»
|
Алматы. 2009 жыл
|
Қосыбаев. Қ.Т.
Темірбеков А.Т.
|
3
|
« Электротехниканың теориялық негіздері».
|
Астана. 2011 ж
|
Медетбеков А.К.
|
4
|
« Лабороториялық практикум».
|
Алматы 2014 ж
|
Салықова А.С.
Қабақова Т.А.
|
5
|
« Электромонтер» оқулық
|
Астана 2014 ж
|
Дурманов Б.Т..
|
6
|
Орысша – қазақша сөздік
|
Алматы 2010 ж
|
Тобжанова Б.С.
Жанұзақов А.Т.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көрнекілік құралдар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бейне материалдар Слайд және призентациялар Технологиялық карталар, Стендтер
|
|
Қорыта келгенде, білімді ұрпақ- Қазақстанның ертеңі мен болашағы. Ал, жас ұрпақты жан-жақты терең білімді жеке тұлға етіп тәрбиелеу біздің ұстаздар қауымының алдына қойылған ауыр жүк. Сондықтан, қиындығы мен қызығы мол осынау ұстаздық еңбек жолында мен барша ұстаздар қауымына тек қана шығармашылық табыстар тілеймін.
Оқушы жетістігі- мұғалімнің еңбегінің жемісі болып табылады. Осы орайда, шәкірттерді пәндік олимпиадаға дайындауда жүргізген жұмыстарымның нәтижесі өз жемісін береді. Оған дәлел- оқушыларымның облыстық, Республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленіп жатса.
Оқушылар жетістігінің динамикасы
2016- 2017 оқу жылының 1-ші жарты жылдық бойынша 1504092 « Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер » ЭМ-22 тобының тәрбие жұмысының есебі
Тәрбие жұмысының ең негізгісі – ұжымда жеке адамды тәрбиелеу,сондықтан да оқушыларды ұжымда тәрбиелеу педагогтердің алға қойған міндеттерінің бірі болып табылады. Жас ұрпақ санасында отаншылдық,ұлттық рухтың оянып қалыптасыуына білім қабырғасынан,білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор. Оқушыларға жекелеме ықпал ету тәжірибесіне жол ашады. Сыныпқа оқу-тәрбие жұмысында бірыңғай талап қоюға септігін тигізеді.
Оқушының жауапкершілігін арттыру ( жеке тапсырма,ынталандыру,иландыру,пән бойынша сыныптан тыс жұмыс беру)
Топ құрамы.
Топ құрамының жас ерекшеліктері.
Оқушылардың білімін дәрежесі,даму.
Жұмысқа қабілетін және үлгерімі.
Топ белсенділері. Қоғамдық жұмысқа қызығуы,тапсырманы орындауы. Сынып ұжымының бағыты,саналағы.
1504092 « Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер » ЭМ-22 тобының тәрбие жұмысының 2016-2017 оқу жылына алға қойған Мақсаты:
Студенттерді тәрбиелеу, білімділігімен қатар, патриотық, өнерге, шаруаға бейімділігін байқау, өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру,ептілікке, тапқырлыққа балу , азаматтық қасиеті бар тұлға болуын қалыптастыру жолында тәрбиені күшейту. Өз мамандығының қас шебері болуға, жаңа замандық білім беру технологиясы игеруге оның шешу жолдарын ұйымдастыра білуін үйрету.
Міндеті:
Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы,бір сырлы болып өсуі керек. Ол үшін әрбір ата-ана, ұстаз студенттің білімділігінің.мәдениеттілігі мен іскерлігінің, адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне Отансүйгіштік, еңбексүйгіштік,теориялық білімін практика жүзінде ұштастыруға жан-жақты көңіл бөлу керек. Қазақстан Республикасының рәміздері мен ұлттық белгілерін , дәстүрін құрметтеуге және оны көзінің қарашығындай сақтауға міндетті.
1. Азаматтардың міндеттері
2. Азаматтардың құқықтары
3. Мамандығына деген қызығушылықты артыру
4. Отбасы тәрбиесі, ұжымдық тәрбие үлгісі
5 Топтың ұжымының негізгі бағыт-бірлігін анықтау
6. Колледж студентерін зерттеу
7. Студентердің іс-әрекетінің нәтижелерін саралау
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
9. Сынып белсенділерімен әңгіме.
10. Ата-аналармен жұмыс тығыз байланысу
Топ белсенділері
Топ басшысы: Кемелтай Сауытбек
Топ басшысы көмекшісі: Аманбай Нағашыбай
Оқу секторы: Төреғұл Нұрмұханбет
Спорт секторы: БолатАсхат
Қаржы секторы: Естай Асылан
Мәдениет секторы: Шақаров Бекзат
Шаруашылық секторы: Елеусіз Мирасбек
Редколегия мүшесі: Нұрбай Жасқанат
Ұранымыз: « Біз бар жерде, жарық бар»
Достарыңызбен бөлісу: |