169
Аллаһ пен расулына шақыру
игіліктерді уыстан шығарып алдың. Әлі де көптеген
жақсылықтар бар. Қане,
Пайғамбарымызға келіп, Ис-
ламды мойында. Ол – адамдардың ең жомарты, ең
қайырымдысы, ең мейірбаны. Оның мәртебесі – сенің
мәртебең, Оның мерейі – сенің мерейің», – деді. «Егер
айтқаның рас болса, екеуміз бірге барайық», – дедім.
Пайғамбарымызды Әбу Бәкірмен және Омармен бірге
Батхада отырған жерінен іздеп таптық. Әбу Зәррден
оған қалай сәлем беру керектігін сұрадым. «Әссәләму
аләйкә әюһәннәбиу уә рахматуллаһи уә бәрәкатуһ»
дейсің» деп үйретті.
Мен солай сәлемдестім. Расулаллаһ: «Саған да
сәлем, ей, Хуайтыб!» – деді. Мен: «Куәлік етемін,
Аллаһтан басқа
ғибадатқа лайық тәңір жоқ, сен
Аллаһтың расулысың», – дедім. Ол: «Сені тура жолға
салған Аллаһқа мадақ айтамын», – деп жауап қайтарды.
Менің мұсылман болғаныма қатты қуанды. Менен
қарызға ақша сұрады. Мен қырық мың дирхам бердім.
Сонымен қатар, Хунәйн соғысы мен Таиф жорығына
қатыстым. Ол маған Хунәйн олжасынан жүз түйе бер-
ді
158
.
Хакимнің басқа бір риуаятында Хуайтыбтың одан
кейін былай дегендігі айтылады: «Ата-бабаларының
наным-сенімінен айырылмай,
қатып-семіп қалған
Құрайыштардың ішінде ешкім Мекке бағындырылғанға
дейінгі жеңілістерден мен секілді әсер алған жоқ.
Тағдырдың жазуы солай болды. Мен мүшріктермен бір-
ге Бәдір соғысына қатыстым, ғажайып оқиғаларға куә
болдым, періштелерді көрдім, олар адамдарды өлтіріп,
тұтқынға алып жатты. «Бұл адамға рухани қолдау
көрсетіледі екен» деп ойладым, бірақ көргендерімді
158
Хаким, Мүстәдрәк 3/561 (6084)
170
Сахабалар салған сара жол
ешкімге айтпадым. Жеңіліс тауып, салымыз суға кетіп,
Меккеге оралып, сонда қалдық. Құрайыш ерлері бірі-
нен кейін бірі Исламға кіріп жатты. Худайбия келісімін-
де елшілік қызмет атқардым. Келісімшарттың мерзімі
біткенге дейін тырысып бақтым. Осылардың барлығы
Исламға күш-жігер беріп, Аллаһтың қалауы жүзеге асып
жатқан еді. Худайбия келісімшартын жазған кезде, ең
соңғы куәгер мен болатынмын. Ішімнен: «Құрайыштар
Мұхаммедтен жамандық болмаса, жақсылық көрмес.
Әлі-ақ талай зиян шегеді», – деп ойладым. Мен
Құрайыштың оған найзамен қарсы тұрғанын қалап едім.
Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Худайбия келісімшарты
бойынша келесі жылы ұмра қажылығын қаза ету үшін
Меккеге келгенде, Құрайыштар шаһардан шықты. Біз
Сүһәйл ибн Амр екеуміз Меккеде қалдық. Мақсатымыз
– келісімшартта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін,
Аллаһ расулын (с.а.с.) Меккеден шығару болатын.
Үш күн мерзім біткеннен кейін, Сүһәйл ибн Амр еке-
уміз оған барып: «Мерзіміңіз
аяқталды, енді жеріміз-
ді босатыңыздар», – дедік. Ол: «Ей, Біләл, күн батпай
тұрып бізбен бірге келген мұсылмандардан ешкім
қалмай Меккеден шықсын!» деп жар сал», – деді
159
.
Достарыңызбен бөлісу: