200
Сахабалар салған сара жол
– Біз құлдарды құлдарға құлшылық етуден тыйып,
Аллаһқа құлшылық етуге шақыруға келдік, олар-
ды жоқшылық пен кедейліктен құтқарып,
байлыққа,
зұлымдықтан құтқарып, Исламның әділетті жолы-
на шығаруға келдік. Кім біздің айтқанымызға ден
қойып, Аллаһтың ақ жолына түссе, біз де оның оң ни-
етін құптап, тиіспейміз.
Қабылдамағандармен шейіт
болғанша соғысамыз. Бұл турасында Аллаһтың уәдесі
бар.
– Аллаһ қандай уәде береді?
– Соғыста өлгендер үшін жұмақ, тірі қалғандарға
жеңіс.
– Бізге біраз мұрсат бер. Ойланайық.
– Жарайды, қанша қалайсыңдар, бір күн бе, әлде
екі күн бе?
– Жо-жоқ, одан көп уақыт керек, өйткені
дұшпандарымыз бен қауымымыздың зиялыларына хат
жолдауымыз керек.
– Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дұшпанмен
кездескенде, үш күннен
артық уақыт беруге бізге
рұқсат берген жоқ. Сен өзіңді, сосын халқыңды ойла,
үш күннен кейін мынаның бірін таңдайсың: мұсылман
болу, жизиә төлеу, соғысу.
– Олардың басшысы сенсің бе?
– Жоқ, бірақ мұсылмандар тұтас бір дене сияқты,
ең төменгілері ең жоғарыларының атынан кепілдік бере
алады.
Сөйтіп, Рүстем қауымының бетке тұтарларын
жинап: «Мына адамның сөздерінен артық ақылға
қонымды сөз естіп пе едіңдер?» – деп сұрайды.
Нөкерлері жамырай сөйлеп: «Уа, алдияр, сен осының
сөзіне еріп кетпексің бе? Дініңді тастап осы үрерге иті,
201
Аллаһ пен расулына шақыру
сығарға биті жоқ оңбағанға ермексің бе? Мынаның
киімдерінің сиқын көріп тұрсың ба?» – дейді. Рүстем:
«Сендер адамның киіміне қарамаңдар, оның санасы-
на,
көзқарасына, сөзіне, әрекетіне қараңдар. Арабтар
сыртқы түріне мән бермейді, олар тегін сақтауға көп
көңіл бөледі», – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: