Хайруллина Гүлназира Серікқызы Сабақ тақырыбы: Желтоқсан құрбандары Сабақ мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: прессконференция
Сабақтың көрнекілігі:бүктеме, суреттер, кітап көрмесі Желтоқсан құрбандарының суреті, мақал- мәтелдер, Қазақстан рәміздерінің суреті.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: 1986 жылы желтоқсанның 17-18 күні көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық - зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі - Алматыда болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес. Бүгінгі біздің 16 - желтоқсан құрбандарын еске ала отырып «Желтоқсан құрбандары» атты шағын тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер!
Әнұраным- жан ұраным,
Айтар әнім- сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным.
(Әнұран орындалады) Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар - намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қамықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салынатындықтарын , оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің Қазақстан жерін қазақ немесе Қазақстандық азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды. Міне сіздер өздеріңіз осы:
1. Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ?
2. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ?
3. Қазақ жастары осы күндері қандай қиянат, қиындықтар көрді ?
4. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды ?
5. Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай? - деген сұраққа өздеріңіз тапқан жауаптарыңызды ортаға салуға шақырамын. Сонымен ортаға
Тарихшы – М.Зайдоллина
Саясаттанушы – Е.Маликов
Дәрігер – Д.Нагимова
Желтоқсан куәгері – С.Сагындық
Тілші – Қ.Айткалиева
Сарапшы – Е.Серікқали
Әдебиетші – Н.Жамбылов