Білімділік: Оқушыларды Microsoft Word мәтіндік процессорымен, оның мүмкіндіктерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қолданбалы бағдарлама арқылы өз бетінше компьютерде шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын дамытып, өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Компьютерді құрал ретінде еркін қолдана білу
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
ІІІ.Машықтық жұмыс
ІV. Бекіту
Microsoft Word –пен танысу
Microsoft Word –пен танысу
Microsoft Word-қа мәтін енгізу
Мәтіндік құжатты редакциялау
Мәтіндік құжатты пішімдеу
Мәтін абзацын пішімдеу
Құжат беттерін рәсімдеу
Кестелермен жұмыс
Суреттермен жұмыс істеу
Microsoft Word мәтіндік процессорымен танысу.
Мәтіндік процессорды іске қосу
Microsoft Word терезесі.
Құжаттармен жасалатын жұмыс
Мәтіндік процессор жұмысын аяқтау
Мәтіндік процессорды іске қосу
Жіберу бағдарламалар Mісrosoft Office MS Word әмірлерін орындау
Жұмыс үстеліндегі таңбашамен
Mісrosoft Office тақтасындағы
батырмамен
Microsoft Word терезесі.
Microsoft Word терезесі.
Тақырып жолы: жүйелік мәзір, құжат аты, басқару батырмалары.
Меңзерді обьектіге орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертіңіз
Мәтінді енгізудің арнайы құралдары
Мәтінмен орындалатын амалдарды өзгерту құралдары.
Машықтық жұмыс
1 Ms Word мәтіндік процессорын ашыңыз.
2. Берілген мәтінді теріңіз.
Наурыз сөздігі
Наурыз-Парсы тілінде бір ғана күн аты, Жаңа жылдың бірінші күні - Жаңа күн. Қазақ халқында қалыптасқан түсінік бойынша, осы мағыналармен қоса жаңа жылдың алғашқы айының атын да толық қамтиды.
Наурыз мейрамы (наурыз тойы) –Күн мен түннің теңелетін күні - 22 наурызда атап өтетін ұлы мереке. Ұлттық дәстүр-салтымыз бен ойын-сауығымыздың бәрі де тегіс қамтылатын жыр думан.
Наурыз көже - Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Оған кем дегенде жеті түрлі (бидай, тары, қамыр, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты) азықтық заттар қосылуға тиіс. Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте беруге болады. Құрт пен қатықтың қай-қайсысы да сүттің орнын толықтырады. Наурыз көжені халық арасында «тілек көже» деп те атай береді.
Наурыз жыры - Қазақ халқының Жаңа жылы, наурызға арнап айтатын тұрмыс-салт жырының бір түрі. Жарапазан
Наурыз тілек - Наурыз күнгі бет көрісіп, амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айтылатын қуанышты тілек.
Наурыз бата - Наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәмі- сүрленген қазы-қарта, жал-жая... берілетін арнаулы бата.
Наурыз жұмбақ - Наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғат құбылысына, бұл айдағы амалдар мен ауа райының өзгерісіне байланысты айтылатын жұмбақ өлең.
Наурыз төл - наурыз айында туған бота, құлын бұзау болса «наурыз төлі» деп аталады. Осы түліктерге тән төл басы.
Наурызша – Наурыз қырбақ. Қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жұқа қар.
Наурыз шешек - наурыз айында гүлдейтін көп жылдық өсімдік. Әсемдік үшін қолдан өсіруге болады.
3 Терілген мәтінді “Наурыз.doc” деген атпен сақтаңыз
Мәтіндік құжатты редакциялау
Редакциялау дегеніміз- өңдеу, енгізу, көшіру, орын ауыстыру, немесе құжаттың мазмұнын түзету.