Сабақ Тақырыбы: «Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту»



Дата25.08.2017
өлшемі66,22 Kb.
#26958
түріСабақ
Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту»

Информатика пәнінің мұғалімі:

Канафина Аяулым Ержигитовна

2015 – 2016 оқу жылы
Сынып: 5 «А» сынып Күні: 20.01.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.

Сабақтың мақсаты: Мәтін теруді ережеге сәйкес үйрету, мәтін бөліктерін көшіруді, ауыстыруды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: Мәтін теру ережесін, «редакциялау» түсінігін, редакциялаудағы пернелер мен командалардың қолданылуын, мәтінді ретімен теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, әрекетті кері қайтару командаларын.

Оқушылар үйренуі тиіс: Ережеге сәйкес мәтін теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, алмасу буферін пайдаланып экранда мәтінді көшіруді, мәтінді жоюды, мәтін енгізудің тәртібін өзгертуді.

Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, топтағы бірлескен жұмыс, практика элементтері бар түсіндірмелі баяндау сабағы.
Көрнекті құралдар: кітап, жұмыс дәптері, деңгейлік карточкалар.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- амандасу;

- түгендеу;

- оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Психологиялық тренинг. Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Оқушылармен бірге тұрып «Шаттық шеңберін» құру. Сабаққа байланысты бір – біріне ақ тілектерін жеткізу.
Тілек айту:

1 мен 2 алмаңдар,


3 – ке алданып қалмаңдар
Кілең 4 - тік алғандар,
5 – ті ғана армандар.
II. Үй жұмысын тексеру (барлық оқушылар жеке- жеке тапсырмалар орындайды)

III. Жаңа сабақ
Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.
Оқулық, қосымша мәлімет Біз бүгін «Мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту» тақырыбы туралы білетін боламыз. Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттіерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді. Мысалы, сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой ? Кітаптардан да ондайды көрмейсіңдер. Тырнақшаларды, жақшаларды мәтінен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.

Біз бұған дейін бірнеше құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін атайық:

1.      Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

2.      Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock пернесін қос.

3.      Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады .

4.      Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы : жан-жақты, батпе-бет.

5.      Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады :

6.      Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын тізбектемесін терумен орындалады. Мысалы: 2013ж.,1 қыркүйек, Ш.Уәлиханов.

7.      Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайдды:

8.      Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

9.      Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.

Мәтін бойынша жылжу

            

Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен Home, End, PageUp, PageDown пернелерімен жылжытуға болады. Егер құжат беті көп болса, мәтіннің соңына бірден қалай жетуге болады ? Көмекке Ctrl+End пернелер тіркесімі келеді.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Топтық жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»

А деңгейі

Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер.

Полкан деген ит

Біз мектепте оқып жүргенімізде ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген ит бер еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп, тиісе бастады. Сонда мен айттым:

- Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайынды берер, - деп.

Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Артыма қарасам, арт жағымда ұстазымыз келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:

- Көрдің бе, анау Полканның сенен гөрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балаларменен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың немесе ренжітесің: Полкан, ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр, - деді.

А деңгейі
1. Өз аты - жөніңді тер.
2. Оған түс таңда, қаріп өлшемі 16, жолдың ортасына орналастыр
Сергіту сәті. (Логикалық сұрақтар).
1) Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? Жауабы: екі сағат
2) 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
3) Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
4) Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атты нешеуі қалды?
5) Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?


В деңгейі

Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер.

Ғалым кісі

Бір ғалымнан жаңа дінге кірген бір адам:

- Тақсыр, мен иманды қалай үйренемін? - деп сұрапты. Ғалым айтыпты:

- Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен, - депті.

Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай, дағдарып қалыпты. Сонда ғалым айтыпты:

- Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен жаңбырды - осының бәрін көресің; соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жаратуға өолынан келер істер емес; олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір Құдіретті Ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетсең, иманыңың жартысы тамам болғаны, - депті.


В деңгейі
1. Келесі өлең шумағын тер.
2. Барлығы 14 өлшемді әріптер болсын, оған түс таңда.
3. Мұғалімге көрсет.
«Ақ көгершін»
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар, кезіп қайт Ел үшін,
Кең дүниенің көлемін


С деңгейі

Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер.
Жақтылықа жақылық - ісі әр кісінің,

Жамьандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.


жүгірмеее Тіліңмен, біліміңмен жүгір.
тамырымен мықты Ағаш,

Адамн дос - жарымен мықты.


Аққыл көпке жеткізер,

жеткізер Өнюер көкке.


Бас кеспекқ боллса да, тіл кессспек жоқь.
Біілгенің бірд тоғыз,

Білмбегенің тоқсан тоғыз.


Жжан қиналмай, жұмыс біьтпес,

Талап, қылмай, мұраттқа жетпес.

Артында баласы қалсаа, көзі қалды дее,

Арртында сөзі қальса, өзі қалды де.



С деңгейі
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, теріңдер. “Менің сыныбым” тақырыбына шағын эссе жазыңдар. ( Қаріпі – Times New Roman. Размері - 12). Мәтін терілуі - қисайтылған (Курсив)
V. Қорытынды. Бүгінгі сабақта қандай мәлімет алдыңда? Бүгінгі сабақта нені білдік?
IV. Бекіту: Бас әріпті қалай енгіземіз?

  • Бос орын қай кезде қойылады?

  • Enter пернесін қай кезде басу керек?

  • Ұзын сызықша (тире) қалай қойылады?

  • Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.


Бағалау.
VI. Үй тапсырмасы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. «Менің мектебім» атты тақырыпта шығарма жазу, WordPad-та мәтінді теру.
Каталог: B9A63E078CCEA9AE
B9A63E078CCEA9AE -> Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы». Мақсаты
B9A63E078CCEA9AE -> Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру
B9A63E078CCEA9AE -> Бекітемін Мектеп директорының м а. Сатанова Д. К. «Үздік мұғалім 2016» мектепішілік сайысты өткізу ережесі
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақ Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақтың тақырыбы: Астана Сабақтың мақсаты
B9A63E078CCEA9AE -> Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің
B9A63E078CCEA9AE -> Сыныптан тыс іс шара «Зейінділер мен зерделілер»
B9A63E078CCEA9AE -> Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» кмм
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет – елге құрмет. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет