Ауф ибн Мәлік пен жолдастарының ислам
негіздеріне бағыну және тіленбеу, ешкімге
алақан жаймауға серт беруі
Ауф ибн Мәлік әл-Әшжаи (р.а.) былай дейді: «Біз,
жеті-сегіз адам, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдында
отырған болатынбыз. Бізге: «Сендер Аллаһтың расу-
лына серт бермейсіңдер ме?» – деді. Осы сұрағын үш
рет қайталады. Біз қолымызды создық, ол сертімізді
қабылдады. Біз: «Уа, Расулаллаһ, саған серт бердік,
бірақ қандай негіздерге?» – деп сұрадық. «Аллаһқа
ғибадат жасауға, Оған еш нәрсені серік етіп қоспауға,
бес уақыт намазды оқуға», – деді де, ақырын дауыспен
«және ешкімнен еш нәрсе дәметпеуге» дегенді қосып
айтты.
Риуаятшы айтады: «Мен осы адамдардың біра-
зын көрдім, тіпті қамшысы жерге түсіп кетсе, біреуге
«Қамшымды әпер» демейтін, көлігінен түсіп, өздері
алатын»
191
.
190
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/529 (2365)
191
Мүслим, Сахих 2/721 (1043)
223
Сахабалардың пайғамбарымыз бен халифаларға серт беруі
Сәхіл ибн Сағыдтың және басқа да
кісілердің Аллаһ расулына серт беруі
Сәхіл ибн Сағыд (р.а.) айтады: «Мен Әбу Зәрр,
Убада ибн Самит, Әбу Саид әл-Худри, Мұхаммед
ибн Мәслама және тағы бір кісімен бірге Аллаһ жо-
лында біреудің айыптағанына шағым айтпауға
Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
серт бердік.
Алайда алтыншы адам берген сертін бұзуды қалады.
Пайғамбарымыз оның берген сертінің мән-маңызы мен
күшін жойды
192
.
Убада ибн Самит (р.а.) былай дейді:
«Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
серт берген сол
алты адамның бірі мен едім. Аллаһқа еш нәрсені серік
етіп қоспау, ұрлыққа бармау, зинақорлық жасамау, кісі
өлтірмеу, тонамау, дінге қарсы келмеуге серт бердік.
Осыларды орындайтын болсақ, жұмақтың берілетін-
дігі, бұл күнәлардың бірін істеген адамның үкімін
Аллаһ шығаратындығы айрықша білдірілді
193
.
Ибн Жәрирдің Убада ибн Самиттен жеткізуі бойын-
ша, Убада былай деген: «Бір күні Пайғамбарымызбен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бірге отырған едік. Бізге «Қандайда
бір жанды-жансыз нәрсені Аллаһқа серік етіп қоспау
және зинақорлық жасамауға маған серт беріңдер.
Уәдесінде тұрған адамның сыйын Аллаһ береді. Осы
жамандықтардың біріне ұрынып, күнәсін Аллаһтан
жасырған адамдардың нақты үкімі Аллаһқа тән. Қаласа,
азапқа тартады, қаласа, кешіреді» деді»
194
.
192
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 2/721 (2365)
193
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/531 (1519)
194
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/531 (1521)
224
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |