Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Мемлекет басшысының мейірімді болуы



Pdf көрінісі
бет199/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Мемлекет басшысының мейірімді болуы
Әбу Жафар (р.а.) айтады: «Әбу Усәйд Бахрейннен 
қолға түсірген тұтқындарды Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
алып келеді. Расулаллаһ тұтқындардың ара-
сынан бір әйелдің жылап отырғанын байқап қалды. 
Одан: 
– Неге жылайсың? – деп сұрайды. 
Мына кісі баламды сатып жіберді, – дейді ол. Аллаһ 
расулы Әбу Усәйдтен:
Баласын шынымен саттың ба? – деп сұрайды. 
Иә, – деп жауап береді Әбу Усәйд. Аллаһ расулы: 
Кімге саттың? – деп сұрайды. Әбу Усәйд: 
– Аббасұлдарына саттым, – деп жауап береді. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
– Сен дереу мына әйелдің баласын алып кел, – 
дейді
448
.
Әбу Осман Ән-Нәхди айтады: «Омар (р.а.) 
Бәни Әсед тайпасынан біреуді әлдебір қызметке 
тағайындаған болатын. Ол өзінің қызметін растайтын 
ресми құжатты алу үшін, Омарға келеді. Осы кезде 
балаларының бірі Омардың қасына келеді. Омар ба-
ласын айналып-толғанып, маңдайынан иіскеп, бетінен 
сүйеді. Кенет алдына келген әлгі адам: «Ей, мүміндердің 
әміршісі! Сен балаңды еркелеттің, аймалап сүйдің. Ал 
мен өмірімде баланы сүйіп көрмеппін», – дейді өзінің 
447
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 4/918 (11749)
448
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 4/313 (10044)


431
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
бұл қылығын мақтан тұтқандай. Омар: «Олай бол-
са, сенің адамдарға да мейіріміңнің аз болғаны, сені 
тағайындау туралы бұйрығымның күшін жоямын. 
Бұдан былай сен менің қызметкерім бола алмайсың», – 
дейді. Ол сөзге келместен, өзінің қызметке тағайындау 
жөніндегі тасқа басылған бұйрықты қайтарып бе-
реді
449
. Басқа бір риуаят бойынша, Омар оған: «Сенің 
мейірімсіздігіңе мен кінәлімін бе? Аллаһ тек мейірімді 
құлдарына ғана мейірімділік танытады. Туған балаңа 
ішің жылымаса, аузыңа қараған қара халыққа қалай 
мейірім көрсетпексің?» – деп оны қызметінен босата-
ды
450
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет