Алматы 2010
Мұхаммед Юсуф Кандахлауи
Сахабалар
Салған Сара жол
1
УДК 28
ББК 86.38
М 86
Түрік тілінен аударғандар:
Құрманғазы Садықбеков, Жанар Теңлібаева,
Әлия Алмағамбетова
Аударма мына түпнұсқадан жасалды:
Muhammed Yusuf Kandеhlеvi
Hayatu’s sahabe
(Muhtasar)
,
Işık Yayınları, Istanbul 2006
Мұхаммед Юсуф Кандахлауи
М 86 Сахабалар салған сара жол - 1. - Алматы:
"Көкжиек-Б" баспасы, 2010. – 496 бет.
ISBN 978-601-7271-02-2
Еңбекте Ислам дінінің араб түбегінен бастап төрткіл
дүниеге таралуында көп қажыр-қайрат жұмсап, орасан
еңбек сіңірген сахабалар өмірі сөз болады. Атап айтқанда,
әрбір сахабаның Аллаһ елшісімен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
таныстығынан бастап, мұсылмандықты қабылдауына
түрткі болған оқиғалар, сол кездегі иман мен күпірдің өзара
арпалысы, Ислам нұрының қалай кең тарағаны, ізгі қоғам
қалыптастырудағы әрбір сахабаның алар орны, көрсеткен
ерліктері мен сол кезеңдегі боямасыз шынайы оқиғалар
баяндалады.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-7271-02-2
© «Көкжиек-Б» баспасы, 2010
3
КІРІСПЕ
Мұхаммед Юсуф Кандахлауи – хижри 1335 жылы
Жүмәдүл-улә айының сәрсенбісінде Делиге қарасты
(Үндістан) Кандахла ауылының ғылымға көп көңіл
бөлетін, өте діндар әулетінде дүниеге келген.
Өз заманының ғалымдарының айтуынша, атасы
шейх Мұхаммед Әшраф сүннетке берік, тақуалығымен
аты шыққан пірәдар кісі болған.
Бұл әулеттен шейх Иләхи Бахш секілді көптеген
ғұламалар мен тариқат жетекшілері шыққан. Шейх
Абдулазиз ибн шейх Уәлиуллаһ Дәхләуидің алғыр
шәкірті, Шәхид Сәйід Ахмет әл-Барлауидың хали-
фасы болған шейх Иләхи Бахш «Бәнат Суаду» атты
Пайғамбарымызға (с.а.с.) арналған мадақтау жыры-
на түсіндірмеден басқа араб және парсы тілдерін-
де қырыққа жуық еңбек жазып қалдырған. Әрбірі
дін үшін аянбай еңбек еткен сол ғасырдың үлкен дін
ғұламалары болған шейх Әбул-Хасан, шейх Нурул-Ха-
сан, шейх Мұзаффар Хасан, шейх Мұхаммед Исмайыл
мен соңғысы шейх Мұхаммед Ілияс та осы әулеттен
шыққанын айту керек. Мұхаммед Юсуф Кандахлауи
осы шейх Мұхаммед Ілиястың бел баласы. Анасы да
өте діндар кісі еді.
Осындай ортада ғұламалар мен машайыхтардан
тәлім алып өскен Мұхаммед Юсуф бала кезінен діни
ілімдерге үлкен қызығушылық танытты. Он жасында
4
Сахабалар салған сара жол
Құранды жаттап үлгерді. Бастауыш білім алғаннан кейін
Сингапур хадис мектебіне барды. Ол жерде Абдулла-
тиф, Манзұр Ахмет хан, Ахмет Камил Фәузилердің
қатарында көкесінің баласы Мұхаммед Закария Кан-
дахлауи сияқты шейхтардан хадис білімін тамамдап,
1354 жылы толық бітіріп шықты.
Бала кезінен білімге құштар ол уақытының көбін
кітап оқумен өткізді. Ғылыммен шұғылдануды өмірінің
соңына дейін жалғастырды.
Хижри 1362 жылы Рәжәп айының 24-жұлдызында
Дінді насихаттау қоғамының құрушысы әрі өз
заманының алдыңғы қатарлы діни қайраткерлерінің бірі
болған әкесінен халифа рұқсатын (ижазатүл-хилафа)
алды.
Әкесі қайтыс болысымен дінді насихаттау ісіне
белсене кірісті. Осы тұрғыда Ислам тарихы, Мұхаммед
пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өмірбаяны, дін
үшін сахабалардың көрсеткен жанкешті істері жай-
лы жазылған кітаптарды зерттеп-зерделей бастады.
Көп жылғы қажыр-қайраты мен табандылығының
арқасында пайғамбарымыз бен сахабалардың өмірі,
олардың исламды жаюдағы белсенді әрекеттері,
ғибратты ғұмырлары мен әрбір оқиғаның астарындағы
үлгі-өнегелерін егжей-тегжейіне дейін терең меңгерді.
Өмірін Ислам дінін кең көлемді жаюға
арнағандықтан Мұхаммед Юсуфтың кезінде дін наси-
хаты Араб түбегіне, Америкаға, Еуропаға және Үнді
мұхитына дейін кең тарап жатты.
Ғалым шәкірт тәрбиелеу, дәріс оқыту, әр елді ара-
лап уағыз-насихат жұмыстарына ерекше көңіл бөлумен
қатар кітап жазумен де шұғылданды. Артқа қалдырған
еңбектерінің қатарында Тахауидың «Шарху Мәаниил-
5
Сахабалар салған сара жол
асар» атты кітабына жазған түсіндірмесін, «Әманиүл-
ахбар» атты бірнеше томдық кітаптарын, сондай-ақ
үлкен екі томнан тұратын «Хаятус-сахаба» (сахабалар
өмірі) атты кітаптарын ерекше атап өтуге болады.
«Хаятус-сахаба» кітабы бұрындары сияр, та-
рих және табақат кітаптарында шашыраңқы кезде-
сетін сахабалар жайлы мәліметтерді жинақтап, бір
ізге келтіріп, жинақтап, оқырман назарына жүйелеп
ұсынуымен ерекшеленеді.
Сахабалар – Пайғамбарымызға (с.а.с.) үлкен
қолдау білдіріп, оны дұшпандардан қорғаған, дін үшін
шыбын жандарын пида ете білген, Ислам дінін төрткүл
дүниенің төрт бұрышына таратуға бүкіл күш-жігерін,
өмірін арнаған ақиқат алыптары. Дінімізге бетбұрыс
күшейіп келе жатқан бүгінгі күні сахабаларымызды
жақыннан таныту, олардың Ислам тарихындағы орнын
айшықтау, өнегелерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету сөзсіз
қажетті іс.
Осы орайда, Ислам әлемінде айтарлықтай беделге
ие, бірнеше шет тілдерге аударылып, әлемге кең тараған
осынау қымбат қазынаны қазақ оқырмандарына да жет-
кізуді өзімізге міндет деп санадық. Ислам тарихында
кездескен боямасыз шынайы оқиғалар, сахабалардың
ерліктері, табандылықтары, ақиқат жолындағы жанке-
штіліктері, мұсылмандық мінез, рухани тазалықтары
мен тереңдіктері – бәрі де оқырманды терең ойға же-
телеп, танымын кеңейтер, иманын молайтып, шуақты
әсерге бөлер деген ниеттеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |