Эссе
Халің қалай қазақ тілі?
Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді, қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады-деп көрнекті ақын Ғабит Мүсірепов өзінің терең мағыналы нақыл сөздерінде адамның өмірінде ана тіліміздің ең маңызды рөл атқаратының, тілімізді әрқашан құрметтеп, сүю керектігін, тіл болмаса адамзаттың құнды тарихы, салты-дәстүрі болмайтындығын, бірақ адамзаттың өз ана тілімізді мәңгілік сақтап қалу туралы шамалап болсын ойламайтындығын, ең асыл заттың бірі болып саналатын ана тіліммізге салғырттықпен қарайтындығын арқау еткен.Тіл-барша ел мен жердің, адамзат қауымының ең басты байлығы, халықтың бет-бейнесі, ата-бабамыздың бізге зор сеніммен қалдырған аманаты.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ол- қасиетті қазақ тілі.Қазақ тілі-жеріміздегі ең қарапайым, таза, өте бай тіл.Өмір ағымы қазіргі сәтте сырғып, соғып өткен желдің жылдамдығы секілді өтіп жатыр, өмір ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жалғасуда дегенмен кейбір құндылықтарымыздың ұмытылып бара жатқаны барлық қазақ азаматтарың қыңжылтады.Анығарақ айта кетсем, бүгінгі күнде көптеген адамдар өз ана тіліміз-қазақ тілін білмей, орыс тілінде сөйлейді, ал кейбір адамдар қазақша сөйлеуге ұялып, менсінбей басқа шетелдерге өзге тілді меңгеру үшін оқуға кетіп жатыр.Және кей адамдар туған ана тілімізді сыйламай басқа тілдермен қосып шұбарлап, сөздерді араластырып сөйлеп жатады.Бұл біздің жеріміздегі қасиетті қазақ тілінің деңгейінің өте төмен екенін аңғартады.Дегенмен, біздің мемлекетімізде ғұмыр кешіп жатқан әртүрлі дінді адамдардың ішінен орыс, украин ұлт азаматтары біздің асыл тілімізді үйреніп, меңгеріп шығып, тілімізді басқа елдерге дәріптеп, жан-жақты дамытып жатыр, мұның өзі әр қазақ үшін үлкен мақтаныш, мәртебемен, қуанышпен тең! Бірақ біздің кең байтақ жерімізде де өз ана тілімізде сөйлеп, тілімізді құрмет тұтып, мақтаныш көретіндер де бар, олардың әрбірі Қазақстан жерінің гүлденуіне, жаһандануына, биіктерді бағындыруына үлкен себепкер.
Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.Өз тілінді білмей өзге тілде сөйлеу, адамның надандығы мен білімсіздігі.Сол себептен, ұлтымызды жерге қаратпай, барша әлемге тік қарай алатындай қазақ тілін жетік білу, білмеген жағдайда үйреніп, оның маңызы мен қандай ғаламат дүние ғасырдан жалғасқан асыл зат болғанын түсіну жалпы адамзаттың міндеті.Егер өз тілімізді білмесек, ұлтымыздың да ар-намысы , абыройының, қадір қасиетінің жоқ екенін дәлелдейді және бұл өте ұят нәрсе.Сондықтан елімізді, жерімізді ұяттан сақтау, құрдымға кетірмеу, дамыған елдердің қатарына қосу, елбасымыздың үштілділік жоспарын жүзеге асыру, тілдік қорымызды жетілдіру қазақ жер қойнауында өмір сүріп жатқан адамдардың, әсіресе жастардың басты парызы.“Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ” дегендей адамзат ең бірінші өз ана-тілін толық білуі, зерделеуі керек, кейіннен басқа тілдерді де жетілдіруіне болады.Қазақ тілі-ертеңгі болашағымыздың жарқын бейнесі, келешек ұрпақтың тағдыры,өмірлік көзі! Ұлт-тілсіз болмайды! Тіл-ең асыл қазына!