Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Қайырлы үмбеттің пайғамбары



Pdf көрінісі
бет8/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

 Қайырлы үмбеттің пайғамбары
«
Шынында, Аллаһ тағала мүміндерге өз іштерінен 
пайғамбар жіберу арқылы оларға үлкен жақсылық жа
-
сады. Бұл пайғамбар оларға Аллаһтың аяттарын оқып 
түсіндіреді, оларды (сананы ластайтын түрлі жаңсақ 
ой-пікірлерден және жүректі қарайтатын бұрыс 
сенім мен күнәлардан) арылтады және оларға Кітап 
пен даналықты (Құрандағы құлшылықтар, бұйрықтар 
мен тыйымдардың мән-мақсаты мен астарындағы 
хикметті) үйретеді. Расында, олар бұдан бұрын анық 
адасуда еді» 
(«Әли Имран», 3/164).


16
Сахабалар салған сара жол
«Сендерге өз іштеріңнен (араларыңда туып 
өскен) пайғамбар келді. (Азапқа лайық болып, оны 
тартуларыңды былай қойғанда), тіпті сендердің аз 
ғана күйзеліп, қиналғандарыңның өзі оған өте ауыр 
тиеді. Ол – сендерге өте ынтық, мүміндерге ерекше 
мейірлі де мейірімді»
(«Тәубе», 9/128).
Пайғамбардың қасындағы жұртқа жылы қабақ 
танытып, көркем түрде қатынас жасауы да Аллаһтың 
рақымдылығының көрінісі. Егер ол қатал, дөрекі біреу 
болса, адамдар оның маңына да жоламас еді. Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
олардың кемшіліктерін кешірді, олар 
үшін кешірім тіледі және олармен кеңесіп отырды
13

Сахабалардың ерекшеліктері туралы 
Тәурат пен Інжілде де жазылған
«Олар – қолдарындағы Тәурат пен Інжіл
-
де есімі мен сипаттары жазылған, хат таны
-
майтын Пайғамбар әрі ең үлкен абыройлы Елшіге 
бойсұнады. Пайғамбар оларға жақсылықты бұйырып, 
жамандық атаулыдан тыяды, Аллаһтың зиянсыз 
әрі таза етіп жаратқандарын – адал, зиянды әрі 
лас еткендерін – арам қылып, бұрын-соңды (көне 
шариғат заңдары бойынша) мойындарына жүктелген 
ауыртпалықтардан арылтып, тұсаудан босатуда. 
Пайғамбарға шынайы түрде иман етіп, барынша 
құрметтеп, жәрдем бергендер, сондай-ақ, онымен 
бірге түсірілген Нұрға (Құранға) ергендер, міне, солар 
(дүние мен ақыретте) шынайы табыс пен жетістікке 
жеткендер»
(«Ағраф», 7/157).
13
«Әли Имран» 3/159


17
Сахабалар салған сара жол
«
Мұхаммед – Аллаһтың елшісі. Қасындағы 
мүміндер кәпірлерге тым қатал, өзара (бір-біріне) өте 
мейірімді. Әрдайым рукуғ , сәжде жасап, Аллаһтан 
игілік пен разылық тілегенін көресің. Олардың белгісі – 
жүздеріндегі сәжденің ізі мен нұры. Бұл – Тәураттағы 
сипаттары. Ал, Інжілде болса: «Олар – бүршік жа
-
рып, оны қуаттандырып, сабағы да жуандап, бой 
көтерген егін тәрізді», – деп айтылған. Осылай
-
ша олар өздерін еккен дихандарды таң қалдырса, ол 
кәпірлердің ашу-ызасын келтіреді. Міне, Аллаһ тағала 
солар сияқты иман келтіріп, сол иман негізінде ізгі амал 
жасағандарды жарылқау мен үлкен сыйға бөлеуге уәде 
берді»
(«Фәтх», 48/29).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет