Сабақтың басы
|
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Сумо-жапондардың ұлттық күресі. Күрестің бұл түрінде салмағы өте ауыр балуандар кілемге шығады. Күрес ережесі бойынша, балуан қарсыласын кілемнің сыртына ығыстырып шығаруы керек. Кімнің бойы ұзын, салмағы ауыр болса, соның жеңіске жету мүмкіндігі көп болады. Робо-сумо жарысының да негізгі талабы –осы.
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Робот қарсыласын шеңбердің қара сызығынан ығыстырып, өзі шеңбер ішінде қалуы тиіс.
Робо-сумо жарысының негізгі талаптары:
Робо-сумо жарысына қатысатын робот қарсыласын ринг шеңберінің қара сызығынан сыртқа ығыстырып шығаратын дербес робот болуы керек.
Әр кезең раундтан тұрады.
Роботқа қойылатын талаптар:
1.Робот дербес болуы керек.
2.Ең үлкен болғанда роботтың ені-25 см, ұзындығы-25см., биіктігі 25 см бола алады.
3.Роботтың салмағы 1кг-нан аспауы керек.
4.Жарыс кезінде роботтың көлемі мен салмағы өзгермеуі тиіс.
Робот орындайтын іс-әрекет реті:
Робот бір орында айналып, объектіні іздейді.
Робот объектіні көреді.
Объектіге шабуыл жасайды.
Робот рингтің шетіндегі қара сызыққа жеткенде өз әрекетін тоқтатып, артқа шегінеді.
Бұрылады.
Объектіні рингтің сыртына қарай ығыстырады.
Жеке жұмыс. 1-тапсырма.
Оқулық § 4.3-4.4, 91-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы.
Дескриптор:
-робо-сумо жарысына қатысатын роботқа арналған программа құрастырады.
ҚБ: стикер / 7 балл/
Жеке жұмыс. 2-тапсырма.
-Сумо күресі мен робо-сумо жарысының қандай байланысы бар?
Дескриптор:
- Сумо күресі мен робо-сумо жарысының байланысын тұсіндіреді.
ҚБ: стикер /3 балл/
|
Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
|
Стикер
7 балл
Стикер
3 балл
|
Интербелсенді тақта компьютер
|