Түйіндесулер (Сопряжение)
Түйіндесу деп бір (а) сызығынан екінші (b)сызығына үшінші (с ) сызығының көмегімен біртіндеп өтуді айтады (2.1 сурет).
Сурет 2.1
Мұнда а және b сызықтары беріледі де, олардың бойынан А және В нүктелерін тауып, олардың с сызығының кесіндісімен қосу керек. Берілген а және b сызықтарын түйіндесетін сызықтар деп, ал олардың А және В нүктелерін түйіндесу нүктелері деп және с сызығын түйіндестіретін сызық деп атаймыз.Біртіндеп өту дегеніміз- түйіндесетін а сызығы мен түйіндестіруші с сызығының ортақ нүктесі А арқылы өтетін жанамаларды бірігулері тиіс.Сол сияқты b және с сызықтарының ортақ нүктесі В арқылы жүргізілген жанамалары да бірігулері тиіс.
Біздер түйіндестіретін сызық шеңбердің доғасы, ал түйіндесетін сызықтар түзулер немесе шеңбердің доғалары болатын жағдайларын ғана қарастырмыз. Берілген а және b сызықтарын түйіндестіру үшін түйіндесу нүктелерін , түйіндестіретін шеңбердің радиусын және центрін анықтап алу керек.
1. Екі доғаның түйіндесулері үш түрге бөлінеді: сыртқы, ішкі, аралас.
а) Сырттай жанасу
R1= 25 мм
R2= 40 мм
R = 25 мм
R1 + R= 25 мм + 25 мм = 50 мм
R2 + R= 40 мм + 25 мм = 65 мм
б) Іштей жанасу
R1= 25 мм
R2= 40 мм
R = 100 мм
R - R1= 100 мм - 25 мм = 75 мм R – R2= 100 мм - 40 мм = 60 мм
в) Аралас жанасу
R1= 25 мм
R2= 40 мм
R = 60 мм
R - R1= 60 мм - 25 мм = 35 мм
R + R2= 60 мм -+40 мм = 100 мм
2. Шеңбер мен түзудің жанасуы
R1= 70 мм
R= 50 мм
R1 + R = 70 мм +50 мм = 120 мм
Шеңбердің центрі арқылы 120 мм радиуспен доға жүргіземіз,ал берілген түзуден 50мм арақашықтықта параллель түзу жүргіземіз. Екі түзулердің қиылысуынан R= 50 мм жанама доғаның центрі табылады.
3. Берілген екі түзудің радиусы R–ге тең шеңбермен түйіндесуі
а) Тік бұрышты құрайтын екі түзудің радиусы R=30 мм –ге тең шеңбермен түйіндесуі
б)Сүйір бұрышты құрайтын екі түзудің радиусы R=20 мм –ге тең шеңбермен түйіндесуі
в)Доғал бұрышты құрайтын екі түзудің радиусы R=60 мм –ге тең шеңбермен түйіндесуі
Достарыңызбен бөлісу: |