Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Жылулық шеңбері: «Пойыз» ойыны Қане, кімнің бойы ұзын



Дата28.07.2017
өлшемі174,09 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы: «Дөңгелектің қасиетімен таныстыру »
Мақсаты: Өсімдіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру

Білімділік: Дөңгелекпен таныстыру, көп заттарды ажырата білуге үйрету

Дамытушылық: Логикалық ойлауын, есте сақтауын қалыптастыру, шапшаңдыққа баулу.

Тәрбиелік: Тазалық нормаларын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Машинаның дөңгелегі, доп, шар, суреттер
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.

Жылулық шеңбері: « Пойыз » ойыны

Қане, кімнің бойы ұзын

Паровозы ол пойыздың

Қатар қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық

Пш-пш, пш-пш, баста алға

Қарап қалма аспанға

Пш-пш, пш-пш, пш-пш-пш.
- Балалар, біздерге Қарлығаш қонаққа келді. Бізге дорбасымен неше түрлі ойыншықтар ала келген.

- Қәне бәріміз қарайықшы

- Қандай ойыншықтар бар екен?

- Доп. Шар. Дөңгелек


  • Бүгін балалар сол дөңгелекпен танысамыз

  • Доп, шардың пішіндері қандай?

  • Дөңгелек

  • Түстері қандай?

  • Қызыл, жасыл,көк.

  • Дөңгелекке тағы нелер жатады?

  • Машинаның рулі, машинаның дөңгелегі, күн, аспан.



Балалар дөңгелек туралы тақпақ айтайық:

Дөп дөңгелек ала доп,

Қызыл, жасыл және көк

Ала шықтым аулаға,

Ойнатуға бала көп.

Қәне, балалар саусақпен ауада дөңгелекті жасаймыз

Балалар оң қолдарын көтеріп ауада шеңбер жасайды
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық
« Не жоқ, тауып көр» ойыны

Тақтаға алма ,алмұрт, өрік, шие, жүзім т.с.с жемістердің суреттерін іліп мұқият қарап алып, содан кейін көздерін тарс жұмып алу керек

Тәрбиеші тақтадан бір жемісті алып тастайды

Орнында жоқ жемісті айту керек. Дұрыс тапқан балаға жұлдызша беріледі.

Тапқан жемістің атын толықтай атау керек.
Қорытынды:
Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Біз не білдік?
Жемістер денсаулыққа өте пайдалы

Барлық дөңгелектерді домалатуға болады.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет