Ислам діні жалпы дін атаулыдан дара тўрєан жоќ



бет1/5
Дата31.10.2022
өлшемі117 Kb.
#155832
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақ жеріндегі исламның тарауы




Жоспар:


Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ислам діні қазақ жерінде таралуы
1. Ислам дінінің агрессивтті негізде құрылуы
2. Ислам дінінің көшпелі халық арасына таралуы
3. Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
2. Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
2.1 Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, мәдени, саяси жағдайлары.
2.2 Ислам дінінің әдет-ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі бағыттары.
2.3 Құран туралы бірер сөз.
2.4 Ислам дінінің қазақ даласына тарауы.


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.

Ислам діні жалпы дін атаулыдан дара тұрған жоқ. Бұл дін ертедегі араб жұртшылығының тұрмысынан туған мажуси әдет-ғұрыптарын,еврей дінінің аңыздарын, христиан дінінің уағыздарын, ерте замандағы иран дінінің сарқыншақтарын өз бойына сіңіріп, оларды мал шаруашылығымен кәсіп еткен көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайларына сәйкес қайтадан «өңдеп» шығарды. Ислам діні Арабияда феодализмге өту қозғалысының негізінде араб феодалдарының мүддесінен келіп туды және солардың мақсатын жүзеге асуын, үстемдігін нығайту құралы болып табылды. Ол араб феодалдарының басқа елдерді жаулап алуының тірегі, олардың дүние жүзілік империя құруға тырысқан әрекеттерінің туы болды. Ислам діні басқа елдерге таралған сайын бөтен халықтар діннің бірқатар нанымдарын қабылдады. Бұл нанымдардың өңін айналдырып, оны өз бойына сіңіріп, алла атымен мұсылмандыққа қабыстырды.


Адам баласы өте ерте заманнан бастап-ақ дін деген не? Мәселені іздеп, кейде оған дұрыс жауап тауып, кейде адасып, бірнешеленген қарама-қарсы тұжырымдарға, болжамдарға келді. Сондықтан да бұл сұраққа жауап материалистік және идеалистік формада жинақталып ғылым мен адам ақылының адамның адасуы мен теріс көзқарастар системасы құрылды. Осы екі бағыттың мәңгі күресі нәтижесінде бір бағыт материалистік-ғылыми тұжырымға сүйенсе екінші бағыт идеалистік мазмұнға алып келді. Бірақ қандай болған күйде де, адамзат білімінің алға қарай дамыған прогрессивтік жолмен, дүниеге ғылыми тұжырымға келуін заңды құбылыс деп біліуіміз керек. Дегенмен біздің алдымызда тұрған мақсат дін не? – деген сұраққа жауап беру болғандықтан, әр қоғамның материалдық тұрмыс жағдайларын көрсететін идеологиясы, қоғамдық сананың түрлері бар екенің ескерсек, дін – сол қоғамдық сананың формаларының ең күрделі түрі екені мәлім.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет