Ислам діні жалпы дін атаулыдан дара тўрєан жоќ


ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ТАРАЛУЫ



бет2/5
Дата31.10.2022
өлшемі117 Kb.
#155832
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақ жеріндегі исламның тарауы

1. ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ТАРАЛУЫ
1.1 Ислам дінінің агрессивтті негізде құрылуы

Дүниеге діни көзқарас ретінде ислам діні Шығыс елдерінде кең таралды. Адамдардың діни санасын бейнелейтін, олардан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап ететін бұл көзқарас күрделі философиялық системаны, әлеуметтік-саяси өмірді қамтиды. Бұған бір-біріне қайшы келетін сан алуан діни нанымдардың элементтері енді. Өзінің сырттай дербестігіне қарамастан басқа діни идеологиялар сияқты оның да шынайы тәуелсіздігі болмады. Қоғам дамуының реалды процестерімен байланысты болған ислам діні қоғамдық таптардың экономикалық, саяси және мәдени мүдделерін бейнелейді. Осы діннің өзіне ғана тән пердесінің тасасында ғасырлар бойы тарихтың сұрапыл уақиғалары болып жатты.


VI ғасырдың орта шенінде Қазқстанның барлық территориясы Түрік қағанының құрамына енді. Бұл көшпелі түркі тайпалары құрған ірі мемлекеттік ұйым болатын. Оның Қытаймен байланысы болды. Осының негізінде Қазақстанда буддизм дінінің ықпалы күшейді. Шығыс елдермен байланыстың күшеюі қазақ даласына ирандық дуалистік дінзороастризмнің енуінеқолайлы жағдай туғызды. Шығыс түркі тайпалары арасында манихей діні де таралды. Бұл дінді тұтушылар әлеуметтік теңдікті және халыққа материалдық игіліктерді бірдей бөлуді талап етті.
Қазақстанда христиан діні де болды. Бұл діндегілер несториан сектасының мүшелері еді. Олар насрани деп аталды. Самарқан, Бұхара, Пішпек қалаларында христан дінінің монастырьлары мен шіркеулері болды. Бұл дінді шет елдіктер ғана емес, сонымен бірге кейбір көшпелі түркі тайпалары, кейіннен монғол тайпалары да қабылдады. Самарқан қаласында VI ғасырда несториандық эпископ, ал VII ғасырда митрополит болды. Европаның көптеген феодалдық елдерінде кең таралған христиан діні неліктен қазақ даласына орын тебе алмады? Қазақтардың өмірінде бұл дінге тірек болатындай жағдай болмады, олардың арасында тайпалық құдайларға табыну салты басым еді және рулық-туысқандық қатынастар берік болды. Христиан дінінде бірінші орынға мұндай қатынастар емес, христиандардың діни бірлігі қойылды.
Әр түрлі діни және филсофиалық системалар ислам дініне ықпалын тигізді. Парсы дінінің әсерімен бұл дінде өлмейтін жан, о дүние туралы ілім қалыптасады. Яхуди, христиан діндерінің кейбір элементтерін бойына сіңірген ислам діні өзі таралған елдерде басқа діни көзқарастармен толығып отырды.<<Ескі ирактық, египеттік,сириялық, анатолиялық және ирандық діндер,—дейді Ю.И.Рустамов —ислам дініне белгілі дәрежеде әсер етті. Тіпті үнділік және ауғандық діни нанымдары да ислам дінінің идеологиясына енді>>.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет