226
Сахабалар салған сара жол
на баруды нәсіп етті. Біз оны өз қамқорлығымызға
алдық, жеткізген ақиқаттарын қабылдадық. Ол өзіне
иман еткендерге Құраннан аяттар оқитын.
Содан ол
адам өз жанұясына барып, бүкіл отбасы мүшелерінің
мұсылмандықты қабылдауына себепші болатын.
Осылайша ансарларда Исламға кірмеген бірде-бір
үй қалмады. Бірде мәдиналықтар жиналып кеңестік.
Сол жиында: «Енді қашанға дейін Аллаһ расулын
жалғыз қалдырамыз? Меккенің тау-тасында табан
тоздырғанына,
әркім бір ит қосып, қауіп-қатердің
үстінде жанын шүберекке түйіп жүргеніне қашанғы
шыдаймыз?» – деп ішкі қыжылымызды сыртқа
шығардық.
Арамыздан жетпіс адам қажылық кезінде барып,
Ақабада онымен кездесуге келістік.
Біртіндеп айтқан
жерге жиналдық. Бәріміздің басымыз қосылғаннан
кейін: «Уа, Расулаллаһ, саған қандай мәселелер
бойынша серт береміз?» – деп сұрадық. Ол: «Қандай
жағдайда да тыңдай білуге, мойынсұнуға, молшылықта
да, жоқшылықта да отбасын асырауға, жақсылықты
бұйырып,
жамандықтан тыюға, Аллаһ үшін ақиқатты
айтуға, Аллаһ үшін айыптаушының сын-ескертпе-
сіне құлақ асуға, өз өмірлеріңді,
жұбайларың мен
балаларыңды қауіптен қалай қорғасаңдар, мені де солай
қорғап, маған сүйеніш болуға серт бересіңдер. Мұның
қайтарымы ретінде сендерге жұмақты уәде етемін», –
деді. Біз оны қаумалап, ортамызға алдық. Арамыздағы
жасы кіші Әсад ибн Зүрара (р.а.) Аллаһ расулының
қолынан ұстап: «Назар салыңдар, мәдиналықтар!
Асығыстық жасамаңдар. Біз бұл адамның Аллаһтың
расулы екеніне сенгендіктен, ешқайда аялдамастан
осында келдік. Оны бүгін өзімізбен бірге алып кету –
227
Сахабалардың пайғамбарымыз бен халифаларға серт беруі
бүкіл арабтармен жауласудың басы. Күні ертең талай
адамдарың өлтіріліп, біразың жаралануың мүмкін. Егер
осылардың бәрін назарға ала отырып, көнсеңдер ғана
оны қамқорлықтарыңа алыңдар, қайтарымы – Аллаһтан.
Егер жүректерің дауаламайтын болса, қазірден жа-
сырмай айтыңдар, онда өзімізбен бірге әкетпейік.
Өйткені асығыс шешім қабылдап,
жұмысты бастамау
ол жұмысты жартылай шала қалдырғаннан артық», –
деді. Сонда қасындағылар: «Ей, Әсад! Сен қой, біз сер-
тімізден бас тартпаймыз. Басымызға қонған бұл бақыт
құсын біреудің үркіткеніне қарап тұрмаймыз», – деді.
Осы ары тарт, бері тарт шу-шұрқаннан соң
Пайғамбарымызға серт бердік. Бізден кепіл алып,
шарттарын баяндады. Ең бастысы,
сөзімізде тұратын
болсақ, бізге жұмақтың берілетінін уәде етті»
198
.
Достарыңызбен бөлісу: