Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Аллаһ пен расулына бағыну



Pdf көрінісі
бет3/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Аллаһ пен расулына бағыну
«Ей, иман келтіргендер! Аллаһ пен елшісіне 
бойсұныңдар. Оны (Құран мен үгіттерін) ести тұра 
теріс айналмаңдар»
(«Әнфәл», 8/20).
«
Аллаһ пен елшісіне бойсұныңдар, бір-біріңмен 
керісіп, қайшылыққа түспеңдер. Егер солай істейді 
екенсіңдер, бойларыңды үрей билейді де, құттарың 
қашып, күш-қуаттарыңнан айырыласыңдар. Сабыр
-
лы болыңдар, шынында, Аллаһ – сабырлылармен бірге»
(«Әнфәл», 8/46).
«Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа, сондай-ақ, елшіге 
әрі іштеріңнен шыққан басшыларға бойсұныңдар. Егер 
Аллаһқа және ақыретке сенген болсаңдар, араларыңда 
қандай да бір дау туса, оны шешу үшін Аллаһ пен ел
-
шісіне жүгініңдер. Осылай істегендерің әрі қайырлы, 
әрі оң нәтижелі болмақ»
(«Ниса», 4/59).
Расулаллаһ (с.а.с.): «Кімде-кім маған бойсұнса
Аллаһқа бойсұнған болып саналады. Ал, кімде-кім маған 
қарсы шықса, Аллаһқа қарсы шыққан боп саналады», – 
деген.
Пайғамбарымыз: «Қашқақтап, қырсыққандарды 
қоспағанда, үмбетім түгелдей жұмаққа кіреді», – 
дегенде, сахабалар: «Қырсыққандар кімдер?» – деп 
сұрайды. Сонда: «Кімде-кім маған бойсұнса, жұмаққа 
кіреді, ал кім бойсұнбаса, сол қырсыққан болады», – 
деп жауап берген
1

«
Арасында билік айту үшін, мүміндерді Аллаһ пен 
елшісіне жүгінуге шақырғанда, олардың айтар сөзі 
1
Бұхари, Сахих 6/2655 (6851)


8
Сахабалар салған сара жол
тек, “әміріңе құлдық” – деу болатын. Міне, солар нағыз 
табысқа жеткендер. Кімде-кім Аллаһқа һәм елшісіне 
бойсұнып, қорқып, Аллаһқа қарсы келуден сақтанса, 
мәңгілік бақыт пен жетістікке қол жеткізгендер со
-
лар болмақ» 
(«Нұр», 24/51-52).
«Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер – бір-бірінің 
шынайы жанашырлары. Олар әрдайым жақсылыққа 
шақырып, жамандықтан тыяды. Намазды кемеліне 
жеткізе толық оқып, зекетті толық береді. Аллаһ пен 
елшісіне бағынады. (Міне сондықтан), Аллаһ тағала 
оларды шексіз мейіріміне бөлейді. Расында, Аллаһ – аса 
үстем, асқан даналық Иесі»
(«Тәубе», 9/71). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет