Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың хаушаб зу-Зуләймді



Pdf көрінісі
бет47/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Пайғамбарымыздың хаушаб зу-Зуләймді 
парыздарды орындауға шақыруы
Хаушаб зу-Зуләйм былай дейді: «Аллаһ тағала 
Мұхаммедке 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жеңісті нәсіп еткен-
нен кейін, мен оған Абдушәрр басқарған қырық атты 
әскерді жібердім. Елшілерім менің хатымды алып
Мәдинаға барған соң, Абдушәрр: «Мұхаммед деген 
кім?» – деп сұрайды. «Мына кісі» деп, ол жердегілер 
Пайғамбарымызды нұсқағанда, ол: 
– Мына жұртқа не айтасың? Егер айтқаның ақиқат 
болса, саған бағынамыз, – дейді. Расулаллаһ: – На-
маз оқисыңдар, зекет бересіңдер, қан төкпейсіңдер, 
жақсылықты жайып, жамандықтан тыясыңдар, – дейді. 
Абдушәрр: 
– Бұл айтқандарың көкейге қонады екен. Әкел 
қолыңды, саған серт беремін, – дейді. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
одан: 
– Сенің есімің кім? – деп сұрайды. 
– Абдушәрр (жамандықтың құлы), – деп жауап бе-
реді ол. Пайғамбарымыз: 
– Жоқ, керісінше, сенің есімің Абдулхайыр 
(жақсылықтың құлы) болуы керек, – дейді. 
121
Бұхари, Сахих 2/544 (1425)


102
Сахабалар салған сара жол
Ол Аллаһ расулына иман келтіріп, серт береді. 
Пайғамбарымыз сол адам арқылы Хаушаб зу-Зуләймге 
жауап жібергеннен кейін, Хаушаб та Аллаһ пен расу-
лына иман келтіреді»
122

Пайғамбарымыздың Абдулқайс басқарған 
топты парыздарды орындауға шақыруы
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Абдулқайс бас-
қарған елшілер тобы Пайғамбарымызға келді. Пайғам-
барымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оларға: 
– Қош келдіңдер! Иншаллаһ бұл келгендеріңе ұятқа 
қалып, өкінбессіңдер һәм зиянға ұшырамассыңдар, – 
дейді. Олар: 
– Уа, Расулаллаһ! Сенімен арамызда Мудар 
мүшріктерінен бір топ бар. Сондықтан да саған тек ха-
рам айларында ғана келе аламыз. Орындаған жағдайда 
бізді жаннатқа бастайтын және елімізді де соған наси-
хаттайтын ізгі амалдарды білдірсеңіз, – деп насихат 
сұрайды. Пайғамбарымыз: 
– Сендерге төрт нәрсені бұйырамын, төрт нәрсеге 
тыйым саламын. Ол төрт нәрсе: Аллаһқа иманда тұрақты 
болу, яғни Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне нық сенім-
мен намаз оқу, зекет беру, ораза тұту, олжаның бестен 
бірін беру. Мына төрт нәрсеге тыйым саламын: Дүбба, 
накир, хантәм және мүзәффәт деген ішімдік ыдыста-
рына құрма немесе жүзімнен жасалған шарап құю. 
Бұларды жақсылап біліп алыңдар, басқаларға да айта 
барыңдар, – дейді
123

122
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/535 (1531)
123
Мүслим, Сахих 1/46 (23


103
Аллаһ пен расулына шақыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет