Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет16/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


түнінде түсірдік»

277


 – делінген. Бұл мүбәрак түндері 

Құран оқылады. Аллаһқа «тәсбих», Пайғамбарға «са-

лауат» айтылады. Нәпіл намаз, қаза намаздар оқылып, 

Аллаһқа  көп  дұға  жасалады.  Осы  түннің  күндізінде 

алыс-жақынға барып, хал-жағдай сұрап, жоқ-жітіктерге 

ерекше көңіл бөлу – адам баласының ең ғажайып есте 

қаларлық күндері.

* * *

 

Құран жайлы не білеміз?

Құран араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген 

мағынаны  білдіреді.  Құран  –  Ұлы  Жаратушының 

ақыретке дейін келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды 

көрсету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) уахи 

арқылы түсірілген, оқылуының өзі ғибадат саналатын 

мәңгілік иләһи кітап. Құран – өзіне дейінгі түскен барлық 

парақтар мен кітаптарды қамтыған. Құран – санасы қанша 

жетілсе де ақыретке дейінгі келетін күллі адамзаттың 

барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жауап беретін, 

жеке тұлғалық, қоғамдық әрі әлемдік барлық проблема-

ларына қатесіз толық шешім айтатын, адамның санасы 

жете бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім сыр-

ларды ашатын, екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен 

қараның ара-жігін ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан 

277


 Қадыр, 97/1.

240

Ислам ғылымхалы

жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жара-

тушы тарапынан жіберілген қасиетті соңғы кітап.

Құран Кәрімнің Аллаһ Тағала тарапынан 

жіберілгендігінің кейбір дәлелдері

278

•  Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде арабтардың 

ауыз әдебиеті, сөз өнерінің, әсіресе, ақындықтың шыңына 

жеткені  соншалық  ақындар  бір  шумақ  өлеңдерімен 

бейбіт жатқан екі елді соғыстырып немесе қылыштарын 

қындарынан шығарып, соғысуға шақ қалған екі елді 

татуластыратындай дәрежеде болған. Жыл сайын сөз 

өнерінде жарыстар ұйымдастырылып, алғашқы жеті 

орынға ие болған шайырлардың есімі мен өлеңдерін 

Қағбаға алтынмен әшекейлеп жазып, іліп қоятын болған. 

Тіпті, жалпы қара халықтың өзі бір-бірімен тақпақтасып 

сөйлескен. Міне, сөз өнерінің осындай шыңына жеткен 

уақытында Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран түскен.

Қазіргі дін дұшпандары сияқты сол дәуірдің кәпір 

шайырларының Пайғамбарымызға: (с.а.у.) «Құранды 

өзің ойдан жазып жатырсың» деген жалаларына қарсы 

Аллаһ Тағала:

  ِنآْرُقْلا اَذـَه ِلْثِمِب ْاوُتْأَي نَأ ىَلَع  ُّن ِجْلاَو  ُسنِلا  ِتَعَمَت ْجا ِنِئَّل لُق﴿

﴾ًاريِه َظ  ٍضْعَبِل ْمُه ُضْعَب َناَك ْوَلَو ِهِلْثِمِب َنوُتْأَي َلا

«Оларға былай деп айт: Ант етейін, егер адамдар 

мен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін 

жиналып, тіпті бір-бірін қолдап, күштерін жинаса да 

оған ұқсас бір кітап жаза алмайды» (Исра/88) – деп 

278


 Бұл жайлы кең мағлұмат үшін қараңыз, М. ИСАҰЛЫ, Құран 

кімнің сөзі?, Алматы 2004.



241

Намаз

аят түсіріп, олардан Құранға ұқсас бір кітап жазуларын 

талап етеді. Алайда араб ақын, шешендері Құранға ұқсас 

бір кітап жазу қолдарынан келмегендіктен ауыздарына 

құм құйылады.

Аллаһ басқа бір аятта:

  ِنَم ْاوُعْداَو  ٍتاَيَرَتْفُم ِهِلْثِّم ٍرَو ُس ِر ْشَعِب ْاوُتْأَف  ْلُق ُهاَرَتْفا َنوُلوُقَي ْمَأ﴿

﴾ َنيِقِدا َص ْمُتنُك نِإ ِ ّلا ِنوُد نِّم مُتْعَطَت ْسا



«Жоқ,  әлде  олар  (кәпірлер)  Құранды  өзі 

құрастырып  алды  деп  жатыр  ма?  (Мұхаммед 

(с.а.у.)  оларға  айт:  Егер  айтқандарың  рас  болса 

Аллаһтан басқа шақыра алатындарыңды (жәрдемге) 

шақырыңдар, (бәрің бірігіп) сендер де сол сияқты 

құрастырылған он сүре жазыңдар!»

279

 – деп, әншейінде 

намысшыл  болып  келетін  шайырлардың  намысына 

тиіп, олардан құрастырылған он сүре жазуларын талап 

етеді. Бірақ шайырлардың жұмған ауыздары ашылмай, 

дәрменсіздіктен Аллаһтың бұл талабын да жауапсыз 

қалдырды. Он сүре жазуға шамалары келмеген шай-

ырларды Аллаһ Тағала басқа бір аятта былай деп, бар 

білетін өнерлерін көрсетуге шақырады.

 ِهِلْثِّم نِّم ٍةَرو ُسِب ْاوُتْأَف اَنِدْبَع ىَلَع اَنْلَّزَن اَّمِّم  ٍبْيَر يِف ْمُتنُك نِإَو﴿

 ْاوُلَعْفَت ْمَّل نِإَف * َنيِقِدا َص ْمُتْنُك  ْنِإ ِ ّلا ِنوُد نِّم مُكءاَدَه ُش ْاوُعْداَو

  ْتَّدِعُأ ُةَرا َج ِحْلاَو  ُساَّنلا اَهُدوُقَو يِتَّلا َراَّنلا ْاوُقَّتاَف ْاوُلَعْفَت نَلَو

﴾ َنيِرِفاَكْلِل



«Егер құлымызға түсіргенімізге (Мұхаммедге 

түсірілген  Құранға)  күмәндансаңдар,  қанеки,  бір 

279


 Һуд сүресі/11-13.

242

Ислам ғылымхалы

сүресіне ұқсас сүре жазып әкеліңдер және Аллаһтан 

басқа сенетіндеріңнің барлығын шақырыңдар, егер 

айтқандарың рас болса. Бұны жасай алмасаңдар, – 

ешқашан жасай алмайсыңдар да! Ендеше, отыны 

адамдар мен тастардан тұратын кәпірлерге әзірленген 

тозақ отынан сақтаныңдар». (Бақара, 23-24) Әншейінде 

намысшыл келетін шайырлар бұл жолы тағы да Аллаһтың 

талабын  орындауда  дәрменсіздік  танытып,  Құранға 

ұқсас кітап емес, тіпті он сүре де емес жалғыз сүре 

жазу қолдарынан келмегендіктен құлаққа ұрған танадай 

үнсіз қалды. Иә, күмән келтірген арабтардың өздерінен 

талап етілген Құранға ұқсас бір кітапты, яки он сүресін, 

тіпті жалғыз сүресін жазу Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 

жаңа дініне тосқауыл болудың ең қысқа әрі оңай жолы 

бола тұра, мал-жандарын қатерге соғатын соғыс жолын 

таңдауларының астарында Құран сүрелерінің ұқсасын 

жаза алмаулары бар еді. Өйткені, Құран мағынасындағы 

тереңдігі мен тәсіліндегі ерекшелігі жағынан арабтардың 

қара сөздеріне де, өлең шумақтарына да ұқсамайды. Он 

төрт ғасырдан бері Құран сүрелеріне ұқсас бір сүрені 

күллі адам баласының жаза алмауы – Құранның Аллаһ 

Тағала тарапынан жіберілген хақ кітап екендігінің айқын 

дәлелі.


•  Құран тәсілі мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 

хадисінің тәсілі арасында жер мен көктей ерекшелік 

бар. Ерекшелігі соншалық – кез келген арабша білетін 

адам мағыналары бір болып келетін Құран аяттары мен 

хадистерді, «мынау – аят», «мынау – хадис» деп оп-оңай 

ажырата алады. Арабтар пайғамбарымыздың хадистерін 

өздерінің сөздеріне ұқсас деп біліп, Құранды өздері 

қолданатын сөйлеу тәсілдерінің ешқайсысына ұқсата 



243

Намаз

алмай, қайран қалатын. Себебі, Құранда арабтардың 

қолданған қара сөздеріне де, өлеңдеріне де ұқсамайтын, 

жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше 

өзіне ғана тән иләһи (құдайлық) тәсіл бар.

•  Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін оқыған 

уақытымызда терең толғанып, Аллаһтың ұлылығының 

алдында бас иіп, тебіреніп айтып тұрған адам бейнесі 

сезіледі. Ал Құранды оқыған уақытымызда Аллаһтың 

ұлылығы мен жаббарлығының үні байқалып, сөздің жұмыр 

басты адамнан емес, бүкіл әлемдердің Ұлы Жаратушы-

сынан келіп тұрғандығы сезіледі. Пайғамбарымыздың 

бір-бірінен тым басқаша екі тәсілді әр жерде еш ойлан-

бастан, оп-оңай түрде ажыратып қолдануы Құранның 

Иләһи екендігінің ашық дәлелі болса керек.

•  Мектеп,  университет  оқымаған,  оқу-жазу 

білмейтін  адамның  еш  кемшіліксіз  жеке  тұлғалық, 

отбасылық, қоғамдық, экономикалық және заңға бай-

ланысты ережелер қойып, жүйе құруы және бұл жүйенің 

ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан алуан ұлттар тарапынан 

іс жүзінде қолданылып, ескірмеуі, тіпті заман ескірген 

сайын бұл иләһи ереже-қағидалардың жаңара түсуі – 

Құранның хақ екендігінің айғағы. Тарихта көптеген 

құнды кітаптар жазылған. Бірақ жұмыр басты пенденің 

туындысы  болғандықтан,  заманның  жаңалығына  өз 

шешімін беріп, адамзаттың күн сайын дамыған ой-өрісін 

қанағаттандыра алмағандықтан, жаңа толқын тарапынан 

«ісің бітті» делініп, сөредегі орнынан беймәлім жаққа 

тәрк етілген. Ал, Құранға деген адамзаттың мұқтаждығы 

күннен-күнге артып отыр. Иә, заман ескірген сайын 

Құран жаңара түсуде. Өткен ғасырларда тәпсірленіп, сол 

ғасырлардағы аса көкейкесті мәселелерге дауа болған 



244

Ислам ғылымхалы

Құран аяттары бүгінде басқа қырынан тәпсірленіп, құдды 

жаңа ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен небір 

заманауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына 

жауап беруде және қияметке дейін бере бермек. Сөйтіп, 

өзінің  сарқылмас  қазынаға  толы  мәңгілік  мұғжиза, 

ескірмес иләһи кітап екенін дәлелдей бермек.

•  Әлемде миллиондаған адам жатқа білетін және 

күн сайын жалықпастан оқылатын дәл Құрандай екінші 

кітап  жоқ.  Алты  жүзден  аса  беттен  тұратын  Құран 

Кәрімнің араб тілін білмейтін миллиондаған адамдар 

тарапынан  сөзбе-сөз  толықтай  оңай  жатталуы  және 

адамның жан дүниесіне ағыла құйылып, баурап алатын, 

тек өзіне ғана тән ерекше әуені мен әуезі – Оның иләһи 

кітап екендігінің нақ белгісі.

•  Құранның бұрын болып кеткен оқиғалар мен 

келешекте болатын оқиға, жаңалықтардан хабар беруіне 

ат үсті қарап, оны адам баласының жазған туындысы 

деу ақылға сыйыспайды. Бұл жерде барлығын қамтып 

жазудың мүмкін еместігін ескерте отырып, кейбіреулеріне 

тоқтала кеткенді жөн көрдік.

•  Салих, Лұт, Мұса (а.с.) сияқты пайғамбарлар мен 

қауымдарының ежелгі дәуірде ғұмыр кешкен мекендері 

мен өмір сүру ахуалдарын Құран баяндағандай енді ғана 

зерттеп  тапқан  қазіргі  археология  ғылымы  Құранға 

еріксіз таңқалуда.

•  Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде румдықтар 

мен  сасанидтер  үнемі  бір-бірімен  шайқаста  бола-

тын. Румдықтар сасанидтерден соңғы соғыста қайта 

бас  көтерместей  ойсыра  жеңіліске  ұшырайды.  Осы 

жеңілістен кейін румдықтардың бірнеше жылдың ішінде 

жеңіс тұғырына қайта көтерілетіндігіне ешбір кемеңгер, 



245

Намаз

данышпанның болжам жасауы мүмкін емес еді. Міне, 

осындай ешбір болжамның ұшы да көрінбеген кезеңде 

Құран Кәрім румдықтардың осы жеңілістерінен кейін 

сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңетіндігін 

дөп басып айтып салады:

 يِف   َنوُبِلْغَيَس ْمِهِبَلَغ ِدْعَب نِّم مُهَو  ِضْرَ ْلأا ىَنْدَأ يِف  ُموُّرلا  ِتَبِلُغ﴿

﴾... َنيِن ِس ِع ْضِب



«Рум жеңілді, сендерге ең жақын жерде. Олар бұл 

жеңілістерінен кейін бірнеше жылдың ішінде қайта 

жеңіске жетеді...»

280


. Құран айтқандай-ақ румдықтар 

сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңіп, Құран 

баянын растайды.

Құран және ғылым

•  Құран Кәрімнің енді-енді кейінгі ғасырларда 

ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді 

осыдан он төрт ғасыр бұрын яғни, микроскоп, теле-

скоптан  мақұрым  қараңғы  бір  ғасырда  қорытынды 

түрде дөп басып айтып кетуі көптеген батыс-шығыс 

ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идірген. Міне, 

бұл Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Аллаһ та-

рапынан жіберілгендігін толған айдай айқын білдіреді.

Мысал ретінде бірнеше аят:

Өсімдіктер де аналық-аталыққа бөлінеді

Өсімдіктердегі  аналық-аталық  ұрықтарының 

ғылыми  тұрғыдан  соңғы  ғасырларда  ғана  зерттеліп 

280


 Рум сүресі/1-4.

246

Ислам ғылымхалы

білінгені бәрімізге мәлім. Ал, Құран мұны он төрт ғасыр 

бұрын былай деп көрсеткен:

 ْمِهِسُفنَأ  ْنِمَو  ُضْرَ ْلأا  ُتِبنُت اَّمِم اَهَّلُك  َجاَوْزَ ْلأا َقَل َخ يِذَّلا َنا َحْب ُس﴿

﴾ َنوُمَلْعَي  َلا اَّمِمَو

«Жерден өніп-өсетін барлық өсімдіктерді және 

өздеріңді және сендердің т.б. білмейтін нәрселеріңді 

жұп-жұп қып жаратқан Аллаһ қандай пәк»

281

 

Желдің тозаңдау қызметі

«Хижр» сүресіндегі:

﴾ُهوُمُكاَنْيَق ْسَأَف ًءاَم ِءاَمَّسلا َنِم اَنْلَزنَأَف  َحِقاَوَل  َحاَيِّرلا اَنْلَسْرَأَو﴿

«Біз желді тозаңдау үшін жібердік, сөйтіп аспан-

нан жаңбыр жауғызып, сендерді сусындандырдық…» 

аяты  жаңбырдың  жаууында,  желдің  тозаңдандыру 

қызметін атқаратындығын ашық баяндайды.

Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір-

бірімен қақтығыстырады. Бұл қақтығыс салдарынан 

найзағай пайда болады. Жел бұлттарды тығыздап сыққан 

күйі жерге жаңбыр жауғызады. Желдің бұлттарды айдап, 

бір-біріне қосу ісі жоғарыдағы аятта «бұлттарды бір-

біріне  қосады»  деп  емес,  «тозаңдайды»  деп  берілуі 

шынымен де назар аударарлық. Яғни, аятта айтылған 

желдің  бұлттарды  «тозаңдайды»  деуінің  астарынан 

бұлттардың да бейне бір аталық-аналық тәрізді позитив-

негатив болып бөлінетіндігін аңғаруға болады. Демек, 

желдің позитив-негатив бұлттарды бір-бірімен қосып, 

281

 Ясин сүресі/36.



247

Намаз

тығыздауы нәтижесінде оң немесе теріс зарядты жаңбыр 

жауғызуы оның «тозаңдауы» болмақ.

Тоғызыншы  ғасырдың  аяғында  яғни  осыдан  он 

бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ибн Жәрир әт-Табарани 

атты ғалым жоғарыдағы аятты тәпсірлегенде: «Әуелі 



жел  өсімдіктерді  тозаңдайды,  сосын  бұлттарды 

тозаңдайды» – деп, желдің өсімдіктерді һәм бұлттарды 

да тозаңдайтынын айтуы таң қаларлық.

Міне, Құран Кәрім он төрт ғасыр бұрын желдің 

аналық-аталықтан  тұратын  өсімдіктерде  және 

позитив-негативті бұлттарда тозаңдандыру қызметін 

атқаратынын  ашық  айтып  кеткен.  Ғылыми  тұрғыда 

кешірек дәлелденген аталмыш табиғат заңдарын 1400 

жыл бұрын ешбір адамның білуі мүмкін емес еді. Олай 

болса, Құран адам емес, осы заңдарды жаратқан Ұлы 

Құдіреттің сөзі болмақ.



Аспан әлемі үнемі кеңеюде

Ең жақын бес-алты галактикадан басқа бүтін га-

лактикалар бізден қашықтықтарына сай жылдамдықпен 

тоқтамастан ұзақтап жатқанын 1922 жылы астроном 

Хабл  (HubbIe)  зерттеп  тапқан  еді.  Оның  айтуына 

қарағанда, жарық жылдамдығымен есептегенде бізден 

миллион жылдай қашықтықта орналасқан бір жұлдыз 

бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл 

ұзақтағы жұлдыз екі есе жылдамдықпен, үш миллион 

жыл ұзақтықтағы үш есе жылдамдықпен тоқтамастан 

алыстауда.

Иә, 1922 жылы ғана зерттеп білінген «Big-bang» 



Үлкен жарылыс» заңын Құран осыдан 1400 жыл бұрын, 

яғни  астрономия  ғылымының  дамымаған,  телескоп 



248

Ислам ғылымхалы

сияқты құралдардан мақұрым ғасырда: 

ٍدْيَأِب اَهاَنْيَنَب ءاَمَّسلاَو﴿  

﴾ َنوُع ِسوُمَل اَّنِإَو



 «Аспанды құдіретімізбен біз жараттық 

және тоқтатпастан әрқашан кеңейтудеміз» (Зарият/47) 

– деп анық айтып кетуі күмәнсіз толғанған ақыл иесін 

өзіне бас идірері сөзсіз.

Жердің домалақтығы

Басқа бір аятта: 

ىَلَع َراَهَّنلا ُرِّوَكُيَو ِراَهَّنلا ىَلَع  َلْيَّللا ُرِّوَكُي﴿ 

﴾ ِلْيَّللا



  «Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне 

орайды»

282

 – деп жердің шар тәріздес екендігін анық 

білдіреді.

Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыр-

тына бір нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. 

Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн 

үшін «орайды» сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің 

тәулік бойы өзара алма-кезек ауысып отыруы – Жер 

шары домалақ пішінде болған жағдайда ғана жүзеге 

асады. Міне, Құран осылайша «такуир» сөзі арқылы 

Жердің  шар  тәріздес  екендігін  білдіруде.  «Назиғат» 

сүресінің отызыншы аяты жер пішінінің аздап сопақтау 

екендігін: 

﴾اَها َحَد  َكِلَذ َدْعَب  َضْرَ ْلأاَو﴿



 «Содан кейін жерді 

түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтіреді»

283


 – 

деп айқын білдіреді.

Батыс әлемі он алтыншы ғасырдың өзінде жердің 

домалақ екендігін дәлелдемек болған ғалымдарын инкви-

зиция сотында қаралап, отқа жағу жазасымен қорқытқаны 

тарихтан белгілі. Мұның бәрі шіркеудің ғылымға қарсы 

282

 Зумар сүресі/5



283

 Бұл  аяттағы  «

اَها َحَد»,  «дахаһа»  сөзінің:  төседі,  жайды  деген 

мағыналары да бар.



249

Намаз

болғандығынан  туындады.  Батыста  Жердің  домалақ 

екендігін әрі өз өсін және күнді айналатындығын атақты 

ғалым Коперник біле тұра, сол кездегі ғылым-білімге қас 

шіркеу поптарынан қорыққандықтан ашық айта алмады. 

Тың жаңалық жайлы Коперниктің бұл кітабы өзі дүние 

салғаннан кейін ғана жарыққа шықты. Коперниктің бұл 

еңбегі он сегізінші ғасырға дейін батыс елінде ты-йым 

салынған бірқатар кітаптардың қатарында болды.

Коперниктен кейін Италияның атақты ғалымы Гали-

лео Галилей Жердің домалақтығын әрі оның өз-өзін және 

күнді айналуда екендігін өз кітабында жазған еді. Алайда 

инкивизиция соты оны да отқа өртейміз деп қорқытып, 

сот алдында өз пікірінен бас тартуға мәжбүрледі. Га-

лилей сот тарқағаннан кейін «Жер бәрібір айналыста» 

деген пікірін күбірлеген бойда кете барды. Галилейден 

кейін Италия философы Бруно да өзіне дейінгі Копер-

ник, Галилей сынды ғалымдардың жерге байланысты 

пікірін қолдағандықтан инквизиция соты тарапынан 

аяусыз өртеліп, жарық дүниемен қош айтысты. Міне, 

батыс  әлемі  жердің  домалақтығын  әрі  өз  өсін  және 

күнді  айналып  тұрғандығын  он  алтыншы  ғасырдың 

өзінде осылай таласып-тартысып жатқан кезде, ислам 

әлемі оны ғылыми тұрғыда оныншы ғасырларда-ақ анық 

дәлелдеген әрі мұсылмандар бұған кәміл сенген-ді. Тіпті 

көптеген мұсылман ғалымдар оныншы ғасырға дейінгі 

өз еңбектерінде де жоғарыдағы аяттарға көз жіберіп, 

Жердің домалақтығын жазып кеткендігіне сол тарихи 

кітаптардың  өзі  куә.  Жердің  домалақтығын  ғылыми 

тұрғыда әл-Бируни атты ғалым оныншы ғасырларда 

дәлелдеп берді. Әл-Бируни Жердің домалақ екендігін 

әрі өз-өзін және Күнді айналып тұрғандығымен қоса тіпті 



250

Ислам ғылымхалы

жердің «тартылыс» күші жайында да сөз қозғаған. Әл-

Бируни Жердің «тартылыс» күшін кейіннен дәлелдеген 

Ньютоннан бірнеше ғасыр бұрын жердегі «тартылыс» 

күшін былай деп дәлелдеген: «Жер айналып тұрса, онда 

жер  бетіндегі  тау-тас,  ағаш,  жанды-жансыздар  неге 

ғарыш кеңістігіне құлап кетпейді» деп сұралса, былай деп 

жауап беремін: Бұл жағдай жердің айналуына қатысты 

жаңалығымызға қайшы емес. Өйткені, барлық нәрсе 

жердің орталығына түсуде. Демек, жердің орталығында 

тартылыс бар. Міне, жердегі осы «тартылыс» күші жер 

бетіндегі барлық нәрсенің басқа жаққа құлап кетуіне 

кедергі жасауда.»

284


 

 

Жердің айналу бағыты

﴾ ِبا َح َّسلا َّرَم ُّرُمَت َيِهَو ًةَدِما َج اَهُبَس ْحَت َلاَب ِجْلا ىَرَتَو﴿

«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп 

ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі 

тәріздес жылжуда»

285

Адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін 

шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның бұл аятында 

Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар, оның 

айналу  бағыты  да  таңғаларлық  білгірлікпен  айты-

лып кеткен. Қазіргі заман ғылымының қол жеткізген 

жаңалықтарының бірі – 3500-4000 м биіктіктегі негізгі 

бұлт жиындарының қозғалыс бағыты әрқашан батыс-

тан шығысқа қарай болатыны. Ауа райын болжау үшін 

284


 Шабан  Дөген,  Мұсылман  білім  өнжиллери  ансиклопедиясы, 

51-бет. Стамбул.

285

 Нәміл сүресі/88.



251

Намаз

көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының себебі 

де содан.

Ал, бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай 

қозғалуының негізгі себебі – Жердің айналу бағыты. 

Өйткені,  жер  батыстан  шығысқа  қарай  айналатыны 

белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат 

бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны 

керемет емей немене?!

Теңіздердің бір-біріне араласпауы

Зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай-

ланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі 

Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады:

﴾ ِناَيِغْبَي  َّلا  ٌخَزْرَب اَمُهَنْيَب ِناَيِقَتْلَي ِنْيَر ْحَبْلا  َجَرَم﴿

«Аллаһ Тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен 

қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір 

бірімен араласпайды»

286

Иә, бір-бірімен қабысып жатса да сулары арала-

спайтын теңіздердің жоғарғы аятта айтылған ерекшелігі 

жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапынан Жерор-

та  теңізі  мен  Атлант  мұхитының  қабысқан  жерінен 

табылды.  Ғасырлар  бойы  бір-бірімен  түйісіп  тұрған 

теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі болуы – 

екі теңіздің суларын бір-біріне араластырмай ортада 

көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.

Шынымен-ақ, физика ғылымы, су асты зерттеулері, 

тығыздық  өлшемі  сияқты  нәрселер  әлі  адамның  үш 

ұйықтаса түсіне кірмейтін дәуірде Құранның бұл ғылыми 

286

 Рахман сүресі/19-20 аят.



252

Ислам ғылымхалы

ақиқатты  дөп  басып  баяндауы  ойланған  адамға  көп 

нәрсенің бетін ашары сөзсіз…

Таулардың қозғалуы

Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ 

ажырамас бөлігі – таулардың әрдайым қозғалыста бо-

латыны турасында былай делінген:

﴾ ِبا َح َّسلا َّرَم ُّرُمَت َيِهَو ًةَدِما َج اَهُبَس ْحَت َلاَب ِجْلا ىَرَتَو﴿

«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп 

ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет