3.ҚИЯЛ ДИАГНОСТИКА ӘДІСТЕРІ «Бірдеңе сал» әдісі Балаға бір парақ қағаз, фломастер жинағы беріледі және оған әдеттен тыс нәрсені ойлап табуға және сурет салуға шақырылады. Тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі. Келесі кезекте суреттің сапасы төмендегі критерийлер бойынша бағаланады және осындай бағалау негізінде баланың қиялының ерекшеліктері туралы қорытынды жасалады.