Алматы қаласы, 2009 жыл 10 қазан



бет1/3
Дата18.05.2020
өлшемі17.09 Kb.
  1   2   3

Кепілхат

Алматы қаласы, 2009 жыл 10 қазан

Мен, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 89 пәтердің тұрғыны, 11.03.2005 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 жеке куәліктің иегері азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы, Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 2 үй, 12 пәтердің тұрғыны, 10.05.2003 жылы ҚР Әділет министрлігі берген №08974657 жеке куәліктің иегері азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызынан үш жүз мың (300 000) теңге алдым. Алған ақшаны 2010 жылы 20 қыркүйекте қайтаруға міндеттенемін. Өз міндеттерімді орындауға: – келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға; – алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға; – келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге; – мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға кепілдік беремін.

Кепілхат үш дана етіп жасалған, бірінші данасы – Алматы қаласы №122 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы – азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызында, үшінші данасы – азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызында сақталады

Тараптардың қолы: Ә. Оразова

М.Тайлақова

Мен, 11.03.2003 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 лицензия негізінде әрекет ететін, Алматы қаласы, №122 нотариалдық кеңсенің нотариусы Рамазанов Досан Талғатұлы, 2009 жылы 10 қазанда жоғарыда жазылған кепілхат мазмұнын куәландырдым. Кепілхатқа менің қатысуыммен азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы мен Тайлақова Мөлдір Даниярқызы қол қойды. Кепілхат иесінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. №245 тізбесіне тіркелген. 1800 (бір мың сегіз жүз) теңге мемлекеттік салық алынды. ______________ Нотариус Д.Рамазанов

Тапсырма: Кепілхат құрыылымын санамалап жазып шығыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет