Алматы қаласы білім басқармасы


Автокөлік құрылымындағы пластамассалардың маңызы



бет69/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

Автокөлік құрылымындағы пластамассалардың маңызы


Пластмассалар басқа материалдарға қарағанда жалпы қасиеттерге ие. Пластмассалардың көпшілігі жеңіл, физикалық-механикалық қасиеттері, химиялық тұрақтылық, жылу өткізу қасиеті төмен. Диалектикалық қасиеті жоғары жасалған бұйымдардың бұйымдардың сырт келбеті әдемі болады. Кейбір пластмассалар жоғары мөлдір қасиетке ие. 

Пластмассалардың тығыздығы көп жағдайда 0,9-1,5 г/м3 аралығында көлемдік масса жағынан арнайы пластмассаларда көпіршікті микро және макроқұрылымы жағынан 0,1 -0,02 г/м3 жетуі мүмкін. Бұл қасиет пластмассаны басқа өнімдермен алмастырғанда, мысалы металь, шыны және керамикамен алмастырғанда өнімнің массасын төмендетеді. Көпіршікті ластикалар төмен деңгейдегі коэффициентке ие болады. 

Жылулық пен дыбыстық арналарда олар жылулық пен дыбысизоляциясы сияқты құралдарға ауысады.

Пластмассаның физикалық-механикалық қасиеттері әртүрлі, сондықтан олардан қатты, серпінді ғана емес, иілгіш, терітәрізді және каучуктәріздес материалдар да жасайды. Қатты толықтырыған және әсіресе қабатталған пластмассалардың механикалық беріктіліг жоғары 

Пластмассаның басқа материалдарға қарағанда ерекшелігі бар, ол мысалы металмен салыстырғанда су мен басқа да көптеген химиялық реагенттер (тұз ерітінділері, қышқыл) әсеріне төзімділігі жоғары. Сондықтан пластмассаны күнделікті қолданылатын бұйымдарды жасауда кеңінен қолданылады, сонымен қатар химиялық машина жасауда арнайы қорғаныш қабаттарды талап етпейтін коррозияға қарсы материал ретінде де қолданылады. 
Жоғары химиялық төзімділікке мыналар ие: фторо­пласттар, полиэтилен, полипропилен, полиизобутилен, по­листирол және поливинилхлорид. Олардың ішінен фторопласт-4 (политетрафторэтилен) ерітінділер мен химиялық реагенттерге өзінің ерекше төзімділігімен ерекшеленеді: ол белгілі ерітінділердің ешқайсысына да ерімейді және ісімейді де, қышқылдар концентратының-күкіртті ( 290°С-да 24 сағат), азотты қышқылда ( 100°С-да 24 сағат), азот пен тұз қышқылындарының (“патша арағында” 100°С-да 24 сағат) тізбектелген өңдеулеріне еш өзгеріссіз төтеп бере алады. Мұндай “қатаң” өңдеуге мықты металдардың өзі де төтеп бере алмайды.

Пластмассадан жасалған дайын өнімдердің беті тегіс жылтыр болып келетіндіктен, оның сырт келбеті де өте жақсы, сондықтан ешқандай декоративті жақпаларды қажет етпейді. Пластиканың кез келген түске оңай бояла алатын қабілеті оны құрылыстарда, көркемдік бұйымдар жасауда, сонымен бірге піл сүйегіне келтіріп жасауда, бағалы тастарды, перламутраны жасауда таптырмайтын бағалы материал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. 

Пластмассадан бұйым жасауда материалды қолдану коэффи­циенті 0,95—0,98 жетеді, ал металдардікі механикалық өңдеуде — 0,2—0,6, құймаларда — 0,6—0,8 жетеді. Ең күрделі деген бұйымдарды пластмассадан жасау басқа материалдан механикалық өңдеу арқылы жасағанға қарағанда өте аз уақытты алады.

Жеке пластиктер, мысалы, фторопласт-4, полиакрилаттар және кремнийорганикалық шайырлардың жылуға төзімділігі өте жоғары. ( 300°С дейін және жоғары).

Өте жақсы диэлектрлік қасиеті бар болғандықтан пластмассаны электроизяляциялық материалдар ретінде де қолданады. Мұндай пластиктер, яғни как полиэтилен, поли­стирол және политетрафторэтилен қазіргі техникадағы керемет диэлектриктер болып табылады. Табиғатта оның аналогы жоқ. Пластмассаның құрамына тоқ өткізетіш толықтырғыштарды (графит, күл, металл ұнтақтарын, т.б.) қосып, тоқ өткізетін және жылу өткізетін пластиктерді оңай жасауға болады.

Кейбір пластиктер, мысалы, полиметилметакрилат, полистирол, поликарбонаттар жыне тағы басқалар түзссіз және мөлдірлігі де өте жоғары деңгейде. Сондықтан оларды көбіне органикалық шынылар деп те атайды. Жарық спектрінің ультракүлгін сәулелер бөлігін өткізу жағынан органикалық емесе (силикаттыэ) шыныдан он есе асып түседі.


Пластмассалардың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Ауа оттегісінің, судың, ылғалдың, жарықтың (әсіресе ультракүлгін сәулелердің) әсерінен, механикалық және термикалық әсерден пластмасса тозады. Нәтижесінде, полимердің құрылымы бұзылады да, біртіндеп қышқылдану процесі және басқа да химиялық өзгерістер жүреді, иілгіштігі төмендеп, қаттылығы, сынғыштығы, сужұтқыштығы жоғарылап, сызаттар пайда болып, бұйымның сырт бейнесі нашарлайды. Мұндай құбылыстарды а түзеуге болады екен, оны пластмассаның рационалды құрамын таңдап, құрамындағы зиянды қоспаларды тазартып, кішігірім стабилизаторларды енгізу арқылы толықтай немесе біртіндеп түзеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет