Алматы қаласы білім басқармасы


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)



бет100/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)
Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:
Металдарды қысыммен өндеу (орыс. Обработка металлов давлением) — дайындаманы илемді деформациялап, дайын тетіктердің[1] өлшемдеріне, түріне жақын өлшемдер мен түр беру.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)
Тақырып бойынша оқушылардың сұрақ жауабын тыңдап, қортындылау түрінде өткізіледі.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)
Бекітілген тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқушылардың білімін бағалау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)
О. Сыздықов,Б.Оразбаев Конструкциялық материалдар технологиясы


Оқытушы: Дауенова Г.О.


Металды қысыммен өңдеу туралы жалпы мағлұмат
Тұрмыста қолданылатын кез–келген денелер, механизмдер мен машиналардың ұзақ мерзімді жұмыс атқаруы - олардың қандай материалдардан жасалғандығында.
Машиналар мен механизмдердің жұмысқа қабілеттілігі, сынбай, сенімді қызмет атқаруы - олардың бөлшектері жасалатын құрылымдық материалдардың қасиеттерін пайдалану жағдайында (жүктеме күштер, жұмыс орталығы т.б.) қажетті жұмыс сипаттамаларына сәйкес келуімен байланысты. Машина немесе механизмдердің бөлшектерін жасағанда олардың күрделі пішіндерін, мөлшерлерінің дәлдігін, жұмыс беттерінің кедір-бұдырлығын және экономикалық тиімділігін қамтамасыздандыратын өңдеу технологиясын дұрыс белгілеу қажет. Міндетті қызметіне орай машина бөлшектерінің құрылымдық беріктігін қамтамасыздандырумен қатар, олардың арнайы қасиеттерін ескеру қажет. Кейбір кезде, атқаратын қызметіне байланысты машиналар мен механизмдердің бөлшектері жасалған материалдар жоғары немесе төмен (теріс) температуралардың, ылғалдың немесе әртүрлі агрессивті газдар мен сұйықтардың әсерінен өздерінің жұмыс сипаттамаларын жоғалтпауы және оған бейімделуі керек. Қазіргі уақытта тұтыну көлеміне қарай өндірістің машина жасау саласында пайдаланылатын құрылымдық материалдардың түрлері өте көп, әрі саны үздіксіз өсуде. Машина жасауда бөлшектердің дайындамаларын өндіру елеулі орын алады. Мысалы, машина жасау үшін қажетті жалпы еңбектің 40-45% дайындамалар өндіру үшін жұмсалады. Демек, дайындамаларды өндіру машина жасау технологиясының маңызды бөлімі. Бұйымдарға машинаны немесе аспапты пайдалану барысында статикалық, циклдік, және төтенше жүктемелер әсерін тигізеді, әрі бұйымдар әртүрлі жоғары немесе төмен температураларда жұмыс істейді. Осы жағдайларды ескере отырып, материалдарға пайдаланымдық, технологиялық және экономикалық талаптар қойылады.
Пайдаланымдық талаптардың маңызы зор. Нақты машина немесе аспап дұрыс жұмыс атқаруы үшін құрастырушы материалдың беріктігі аса жоғары болуы қажет. Материалдың құрастырушы беріктігі деп оны пайдаланғанда сенімді және ұзақ жұмыс істеуге мүмкіндік беретін механикалық қасиеттерінің жиынтығын айтады. Материал жұмыс жасайтын орта, оның механикалық қасиеттеріне ықпалын тигізіп, бұйымның жұмыс өнімділігін төмендетуі мүмкін. Қоршаған орта газдық, иондалған немесе радиациялық күйде болады. Ортаның әсерінен материал коррозиялық сынуға, тотықтануға және күйуге дейін барады. Сонымен қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне төтеп беру үшін материалдың белгілі механикалық қасиеттерімен қоса келесідей арнайы физика-химиялық қасиеттері де болуы қажет: электр химиялық коррозияға, ыстыққа, ылғалға төзімділігі, вакуум жағдайында жұмыс істеу қабілеті және басқалары. Қазіргі уақытта қолданылатын материалдардың жұмыстық температурасының диапазоны – 2690С÷10000С, кейбір жағдайда 25000С. Сондықтан жоғары температурада ыстыққа, төмен температурада суыққа төзімді болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет