Алматы қаласы білім басқармасы


Автокөлік құрылымдары мен жөндеу өндірісіндегі түрлі шойындарды пайдалану жолдары



бет51/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

Автокөлік құрылымдары мен жөндеу өндірісіндегі түрлі шойындарды пайдалану жолдары

Автомобиль көліктерімен жолаушы жүк тасымалдарын жетілдіру жолды күтіп баптау мен жолдағы қозғалыс құрамын түбегейлі жақсартуды талап етеді. Мұның ішіндегі ең тиімдісі болып кешендік құрылыс ғимараттары мен жол пайдалану қызметтері және қозғалыс құрамына қызмет ету қондырғылары саналады. Одан әрі автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру автомобиль жолдарын күтіп баптау қызметін жетілдіру жұмыстарымен байланысты. Автомобиль жолдары өзінің қызмет көрсету құрамымен бірге автомобиль- жол көлігінің біріккен мекемесі деп қарау керек, себебі ол жол қозғалысын ұйымдастыру үшін барлық құрылымдарын пайдаланады.


Қарқынды қозғалыстағы заман талабына сай автомагистральдарда автомобиль бекеттері салынады, олардың бір-бірінен ара қашықтығы 150-250 км-ді құрайды, сонымен бірге өзінің ақпаратын міндеттеріне байланысты автомобиль бекеттерінің 4 класы болады.
І класс – ірі жолаушы және жүк операцияларына қызмет етеді және вокзалдармен, қонақ үйлермен, ресторандармен жабдықталған. Қозғалыс құрамына қызмет көрсету үшін ашық тұрақтамалар, гараждар, автомобиль жөндеу шеберханалары, басы артық бөлшектер мен материалдар қоймалары және қозғалыс құрамын жанармаймен қамтамасыз ету үшін қондырғылар орналасқан.
Жүктерді тиеп түсіру үшін механикаландырылған қондырғылары бар қоймалар да бар. 1 классты бекетердің бір бірінен ара-қашықтығы 200-300 км.
ІІ класс- жолаушы және жүк тасымалдау операцияларына қызмет етеді және вокзалдармен, қызмет ету бекеттерімен, гараждармен, ашық тұрақтамалармен, жанармай пункттерімен жабдықталған. Мүмкіндігінше жол бөлім басқармасымен және жол-жөндеу пункттерімен біріктіріледі.
ІІІ класс –тоқтау пунктерінің түрі. Ең бастысы жолаушылар тасымалдау операцияларына қызмет етеді, және жолаушы павильондарымен, жанармай пункттерімен жабдықталған, мүмкіндігінше жол-жөндеу пункттерімен біріктіріледі.
ІV класс- жолаушыларды қабылдайтын және түсіретін тоқталу пункттері. Платформалар мен жанармай құрылымдарымен жабдықталған.
Жолаушы және жүк автомобиль бекеттерін орналастыратын жерлерді таңдаған кезде басқа көлік түрлерімен байланыс басты назарда болады. Мүмкікдігінше бекеттерді орналастыру жол қиылысуларында, халық тұратын пункттерге жақын жерлерде,| темір жол бекеттеріне жақын жерлерде, табиғаты әдемі, құрлыс салуға ыңғайлы жерлерде жүргізілгені жөн. Жолаушы бекеттерін салуға арналған басты жоспар жолаушы және жүк ағындарының мінездемесі мен орналасу жағдайларына байланысты салынатын үймереттер мен ғимараттардың ыңғайлылығына сүйенеді.
Магистральды жолдардағы авомобиль бекеттерінің екі аралығына 75-150 км сайын автожанармай бекеттері орналастырылады.
Автожанармаймен жабдықтау бекетінің құрамына: бекеттің әкімшілік-техникалық үймеретті, демалыс орындары, көлікті жуу орындары, тұрақтамалар кіреді. Орындайтын жұмыс көлеміне қара бекеттер бірнеше түрге бөлінеді:

  • ұсақ – яғни біруақытта 5 автомобильге қызмет көрсете алады.

  • орташа – яғни бір уақытта 10 автомобильге дейін қызмет көрсете алады.

  • ірі – 10 автомобильден жоғары. 

Автомагистальдарда, автомобиль көлігін пайдаланатын жолаушылар үшін жол бойында болған уақыттарында ыңғайлы жағдайлар жасалу үшін ғимараттар кешендері салынады.
Бұл кешеннің құрамына: автомобиль бекеттері, автопавильондар және демалыс орындары енеді.
Көп жағдайларда көлік қызметін ұйымдастыру жағдайларына байланысты жолаушылар бекеттері өзімен өзі бекеттерге бөлінеді.
Жолаушылар бекеттері халық тұрақтаған пункттерге, жолдардың басқа жол қатынас магистарльдарымен қиылысқан жерлеріне салынады.
Ірі жолаушылар бекеттері көп жағдайда қаладағы қозғалысқа үлкен көлемдегі жолаушылар автобустарының тигізетін әсерін болдырмау үшін қаланың сыртына салынады.
Жолаушылар бекетінің кешеніндегі басты ғимаратқа автобекет жатады. Автобкеттерді жобалау кезінде автоағындардың келуі, кетуі және жолаушылардың әр түрлі іс-әрекеттеріне байланысты аз шығын жұмсау керектігі ескерілуі керек. Плтформалар жабық болуы керек. Платформаның ені бір жолаушыға 0,9 –1,0 м2  есебінен алынады. Платформалар тік бұрышты және ара тәрізді болады. Тік сызықпен жүргізілген платформаның ені 2,5 м, ал ара тәріздінің ені 3,5 м. Жүк қоймасынан бірден платформаға шығу ұйымдастырылуы керек. Бекеттің көлемі, яғни ұзындығы, ені жолаушы айналымына байланысты. Сонымен бірге бекеттің салынатын орны да ескеріледі. Мысалға қаладан сыртта орналасқан бекеттерде әр түрлі себепермен қала көлігін күтіп жолаушылар ұзақ уақыт жатып қалуы мүмкін. Демалыс мүмкіндіктеріне байланысты жолға демалыс алаңқайлары салынады. Демалыс алаңқайлары тұрақтау пункттері болып саналмайды. Онда техникалық қызмет көрсету мен ұзақ мерзімге авомобильдердің тұрақтауы қарастырылмаған. Демалыс алаңқайларының арасы 5-8 км болуы керек. Демалыс алаңқайларын көлдердің, шағын ормандардың жанына салған жөн, себебі өте ыстық кезде күннен қоғануға мүмкіндік туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет