Алматы қаласы білім басқармасы


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)



бет74/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)
Тақырып бойынша оқушылардың сұрақ жауабын тыңдап, қортындылау түрінде өткізіледі.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)
Бекітілген тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқушылардың білімін бағалау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)
О. Сыздықов,Б.Оразбаев Конструкциялық материалдар технологиясы


Оқытушы: Дауенова Г.О.


Термиялық өңдеудің технологиясы

Өндірістік үрдіс машина тетіктерін жасау; бұйымды құрастыру; материалдарды, дайындамаларды, тетіктерді, дайын бұйымдарды және олардың элементтерін тасымалдау; техникалық бақылау; дайын өнімді орау барлық кезеңдерін қамтитыны белгілі (1 дәріс).


Орындалу бірізділігіне байланысты бастапқы дайындаманы жасау, термиялық өңдеу, дайындаманы, түзілімді және бұйымды жалпы құрастыруды механикалық өңдеудің технологиялық үрдістері ажыратылады.
Машина тетіктерінің дайындамасын құю, қысыммен өңдеу, пішінді және сорттық илемді кесу, сонымен қатар аралас әдістермен алады.
Ағаш және темір үлгілерге машинамен пішіндеу кезінде дайындаманы құм қоспаларға құю арқылы алу – процестері жақсы механизацияланған, ал қабыршық пішіндерге құю әдістері, балқытылған үлгілер бойынша, орталықтандырылған, кокилге қысым арқылы құю жартылай және толығымен автоматтандырылған.
Дайындаманы қысыммен өңдеу арқылы алуда радиалды-соғу машиналарында соғу, көлденең соғу машиналарында шөктіру, кенеріксіз қалыптау, айналмасоққышта фасонды иілту, дайындамаларды көлденең-бұрамалы және арнайы орнақтарда илемдеу, автоматтарда суықтай шөктіру әдістері түгелдей автоматтандырылған.
Тоқпақтар мен баспақтарда соғу және астарлы балдақтар мен қалыптарда соғу мен қалыптау әдістері аз дәрежеде механикаландырылған және автоматтандырылған. Айналмасоққыштта фасонды иілту, дайындамаларды көлденең-бұрамалы және арнайы білдектерде (300 дана/мин дейін) илемдеу әдістері анағұрлым өнімді. Тоқпақта немесе баспақта үлкен емес дайындаманы қалыптау кезінде өнімділік 1000 дана/сағ дейін жетеді. Тоқпақтар мен баспақтарда соғу және астарлы балдақтар мен қалыптарда соғу мен қалыптау әдістерінің өнімділігі азырақ.
Металды пайдаланудың анағұрлым үлкен коэффициенті (0,9) КСМ шөктіру, кенеріксіз қалыптау, қысып шығарумен қалыптау, айналмасоққыштта фасонды иілту кезінде қамтамасыз етіледі, әсіресе көлденең-бұрамалы және арнайы орнақтарда илемдеу, автоматтарда суықтай шөктіру және бір дана дайындамаларды келесіде жасау үшін шыбықтарды ранайы пішіндер арқылы сымдау. Соңғы жағдайда металды пайдалану коэффициенті бірге жуықталады. Сыртпішін құрушы операциялардың ең қысқа циклы (тазартусыз және термиялық өңдеусіз) КСМ шөктіру, кенеріксіз қалыптау, қысып шығарумен қалыптау, айналмасоққыштта фасонды иілту кезінде қамтамасыз етіледі, әсіресе көлденең-бұрамалы және арнайы орнақтарда илемдеу, автоматтарда суықтай шөктіру әдістерін қамтамасыз етеді.
Білдекте алдын-ала өңделген дайындаманы (немесе илем) 2-4 сағат ішінде кернеуі төмен токтың көмегімен жергілікті қыздыратын электрқыздырумен шөктіру әдісінің келешегі зор. 900-1000°С температурада дайындама баспақ қалыбында қалыптасады, дайындаманы 2-3 дәлдік класы бойынша отқабыршықсыз алады.
Суықтай қаңылтырлы қалыптау жоғары өнімділікті әдіс болып табылады. Дайындама алу үшін бастапқы материал жолақ және таспа түріндегі қаңылтыр металл. Қаңылтырлы қалыптау кезінде топтық қалыптар тиімді.
Қысыммен өңдеуге илемдегі дайындамаларды илемнен ию машиналарында ию, қуыс дайындамаларды кеңейжаю (сақина, төлке) олардың диаметрін ұлғайту үшін, және де обечаекті айналма соғу білдектерінде айналмасоғу.
Соғылмаларды түзетумен дайындамаларда кенеріктерді кесу мен тесіктерді қобылау кезінде, және де қалдық кернеулердің әсерінен пайдаболатын қайырылу мен майысуды жояды. Түзетуді ыссы немесе суық күйде жүргізеді. Қалыптарда суықтай түзету ыссы түзетуге қарағанда өнімді болып келеді (100…150 дана/сағ).
Илемнен алынған дайындамаларды метал кескіш білдектерде олардан тетіктер жасау үшін және соғылмалар мен қалыпталған дайындамалар алу ушін қолданады.
Дәлдігі қарапайым және жоғары ыссы соғылған болатты және мөлшерленген шыбықтарды пайдалана отырып сортты және пішінді илемдерді қолданады.
Илемнен алдынған тетіктерді оларды дайындамалар немесе шыбықтарға кескеннен кейін жасайды (жолақ, қаңылтыр). Құрама пішініне сәйкес тетіктер жасау үшін домалақ, төрт бұрыш, жолақты илем, және де жапсарсыз құбыр мен пісірілген құбырларды қолданады.
Көптеген тетіктерді жасауға қолданылатын иілген пішіндер жеңіл және жеткілікті қатты. Құрылымдарда ашық, жабық және көпқабатты пішіндерді қолданады. Иілген пішіндердін түрі құрылымның жекелеген элементтер түріне ұқсас болуы мүмкін. Металды үнемдеу (30…70%) мен өңдеу уақытын азайтуды (20…40%) тетіктерді пішінді құбырлардан немесе қимасы өзгермелі құбырлардан жасау кезінде алуға болады.
Ірі-сериялы және жаппай өндірісте қолданылатын арнайы илем кесумен (резанием) өңдеуді толығымен болдырмайды, мұнда негізінен кесіп алу (отрезка), тесікті бұрғылау мен тазарту ғана қалады.
Аралас әдістерді күделі және ірі дайындамаларды дайындау үшін қолданады. Әдетте жекелеген қарапайым элементтерге бөледі. Дайындамалар мысалдары: бір күрделі дайындамаға жіктік немесе нүктелік пісірумен жалғанған қаңылтырқалыптау элементтері; дәнекерлеумен тұтас біріктірілген, қаңылтырдан қалыпталған және механикалық өңделген дайындамалар; электршлакты пісірумен ірі дайындамаға біріктірілген алдын-ала өңделген илем немесе илемнен алынған элементтер; бір ірі күрделі дайындамаға термитті пісірумен біріктірілген өлшемі жағынан орташа құймакесектер.
Қара металды пластмассамен ауыстырған кезде тетіктерді жаппай өндірудің өзіндік құны 1,5...3,5 есе, ал түсті металлдарды алмастырған кезде 5...20 есе төмендейді. Әдетте пластмассалар байланыстыратын заттар, толтырғыш, пластификатор, бояғыш, біріктіретін заттар, катализаторлар, ингибриттер және т.б. қоспалар тұратын көпкомпонентті материал болып табылады. Компоненттерді таңдау арқылы материалға қажетті қасиет береді. Байланыстыратан заттар ретінде термопластикалық және термореактивті шайырларды қолданады.
Толтырғышқа байланысты пластмассаларды ұнтақтәрізді, талшықты және қабатты материалдар деп бөледі. Толтырғыштарға ағаш ұны, ұнтақталған кварц, тальк, ұнтақталған шлак, графит, алюмини тотығы, кремни карбиті және басқа да заттар. Жалпы қолданыстағы тетіктерге (торқылар, тегершіктер, қалпақшалар, тұтқалар)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет