Сабақтың технологиялық картасы
МЕТАЛДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ
№ 19 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы:Басқада бейметалл материалдары
2. Мерзімі:_________________ Топ:ТО-15-19К
3.Сағат саны: 2 90 мин(100%)
4.Сабақ түрі: теориялық
5.Сабақтың мақсаты: Бейметалл материалдары туралы түсінік алу
тәрбиелік: оқушыларды ұқыпты жұмыс орындауға, тәртіпке дағдыландыру.
дамыту: жаңа тақырыпты оқуға қызығушылығын ояту, назар аударту
6.Оқыту әдісі: ауызша-түсіндірмелі
7.Материалды-техникалық жабдықталуы:
техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта
көрнекі және дидактикалық құралдар: плакаттар,сызбалар,карточкалар.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)
Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:
Бейметалл материал (Материал неметаллический) — металдарға тән қасиеттер керсетпейтін қарапайым денелер түзетін материалдар. Бейметалдарға, өдетте, сутек, азот, оттек, фосфор, күкірт сияқты 22 элемент жатқызылады. Қүрамында бүл элементтер болатын бейметалл материалдар: шыны, қүм, тас, қыш, цемент жөне т.б.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)
Тақырып бойынша оқушылардың сұрақ жауабын тыңдап, қортындылау түрінде өткізіледі.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)
Бекітілген тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқушылардың білімін бағалау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)
О. Сыздықов,Б.Оразбаев Конструкциялық матер-р технол . 122-133 бет
Оқытушы: Дауенова Г.О.
Басқада бейметалл материалдары
Бейметалдар - металл еместер қатарына: сутек, бор, көміртек, кремний, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур, галогендер, асыл газдар жататын химиялық элементтер тобы; оларды металдардан бөліп топтауға қолданылатын атау.[1]Табиғаттағыбелгілі бейметалдар саны металдарға қарағанда аса көп емес. Периодтық жүйедегі бейметалдардың орнын анықтау үшін бор элементінен астатка дейін көлденең сызық жүргізсе, кестенің жоғарғы оң жақ бұрышын ала негізгі топшаларда бейметалдардың орналасқаны байқалады. Периодта бейметалл элемент атомының ядро заряды біртіндеп өседі де, атом мөлшері кішірейеді. Сондықтан электрон қосып алуға бейімділігі жоғары және тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Ал бейметалл орналасқан негізгі топшаларда (IV—VII) атомның радиусы неғұрлым кіші болса, ол ең сыртқы электрондарды күшті тартады. Демек, тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Мысалы, фтор мен хлор атомын салыстырсақ, ең күшті тотықтырғыш — фтор. Бейметалдардың тотықтырғыш қабілеті электртерістіктің сан мәніне байланысты. Тотықтырғыш қасиеттердің өзгеруіндегі осы заңдылық сол бейметалдар түзетін жай заттарға да тән.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |