Композитті материалдар. Композитті материалдардың жіктелуі. Құрамына қасиеттері бойынша күшті айрықшаланатын, бір-бірінде ері-мейтін немесе аз еритін, материалда анық көрінетін шекараларымен бөлінген құрама бөліктерден тұратын күрделі материалдарқұрасжиындардеп аталады.
Құрасжиын материалдарын жасау ұстанымы табиғаттан алып пайда-ланылған. Табиғи құрасжиын материалдарының мысалы ретінде өсімдік-тердің діңі мен сабақтары, адам мен жануарлардың сүйектері бола алады. Ағашта целюллозаның талшықтары созымды лигнинмен (ағаш қабығын қатайтатын зат), сүйектерде фосфат тұздарының жіңішке мықты жіптері созымды коллагенмен қосылған.
Бытыраңқы нығайтылған құрасжиын материалдар
Бытыраңқы нығайтылған құрасжиын материалдарда баяу балқитын фазалардың – тотықтардың, нитридтердің, боридтердің, карбидтердің (Al2O3, SiO2, BN, SiC, т.б.) бытыраңқы бөлшектері толтырғыштар қызметін атқарады. Баяу балқитын қосылыстардың артықшылықтарына серпімділік мөлшерінің жоғары мәндері, аз тығыздылығы, ұя материалдары мен әрекет-тесуге бәсеңдігі, алюминий мен кремний тотықтары сияқтылардың табиғатта көп тарағандағы және оларды түзетін элементтер бағасының жоғары еместігі жатады.
Никель негізді бытыраңқы нығайтылған құрасжиын материалдар. Ұя ретінде никель мен қатты ерітінді құрылымымен оның хроммен () қорытпалары пайдаланылады. Хромникель ұясымен қорытпалардың ең жоғары қызуға төзімділігі бар. Торий, гафний, т.б. тотықтардың бөлшектері нығайтқыштар қызметін атқарады.
Талшықты құрасжиын материалдары
Талшықты құрасжиын материалдарында талшықтар немесе таза элементтер мен баяу балқитын қосылыстардың (B, C, Al2O3, SiC, т.б.) жіп тәрізді кристалдары және металдар мен қорытпалардың (Mo, W, Be, жоғары берікті көміртекті болат, т.б.) сымдары нығайтқыштар қызметін атқарады. Құрасжиын материалдарын шыбықтау үшін үлестерден жүздеген микро-метрге дейін диаметрімен үздіксіз және үздікті талшықтар пайдаланылады.
Құрасжиын материалдары өнеркәсіптің көптеген салаларында қолданы-лады, бәрінен бұрын авиацияда,зымыран және ғарыш техникасында, әсіресе конструкциялардың беріктігі мен қатаңдығының арттырылуымен бірге олардың массасының төмендетілуі үлкен мән алатын жерлерде.