Алматы қаласы білім басқармасы


Сабақтың технологиялық картасы



бет65/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

Сабақтың технологиялық картасы
МЕТАЛДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ
17 сабақ


1. Сабақтың тақырыбы: Пластмассалар мен композитті материалдар
2. Мерзімі:_________________ Топ:ТО-15-19К
3.Сағат саны: 2 90 мин(100%)
4.Сабақ түрі: теориялық
5.Сабақтың мақсаты: Пластмассалар мен композитті материалдар туралы түсінік алу

    • оқыту: Пластмассалар мен композитті материалдардың түрлері

    • тәрбиелік: оқушыларды ұқыпты жұмыс орындауға, тәртіпке дағдыландыру.

    • дамыту: жаңа тақырыпты оқуға қызығушылығын ояту, назар аударту

6.Оқыту әдісі: ауызша-түсіндірмелі
7.Материалды-техникалық жабдықталуы:

  • техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

  • көрнекі және дидактикалық құралдар: плакаттар,сызбалар,карточкалар.

8.Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)
Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:
Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар.
Құрамына қасиеттері бойынша күшті айрықшаланатын, бір-бірінде ері-мейтін немесе аз еритін, материалда анық көрінетін шекараларымен бөлінген құрама бөліктерден тұратын күрделі материалдарқұрасжиындардеп аталады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)
Тақырып бойынша оқушылардың сұрақ жауабын тыңдап, қортындылау түрінде өткізіледі.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)
Бекітілген тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқушылардың білімін бағалау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)
О. Сыздықов,Б.Оразбаев Конструкциялық матер-р технол .116-118 бет


Оқытушы: Дауенова Г.О.


Пластмассалар мен композитті материалдар
Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэл. қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді Пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды. Мысалы, фенол-фармальдегидті Пластмассалар, поливинилхлоридті Пластмассалар, т. б. аталуы да Пластмассаларға байланысты алынған. Полимерлерден басқа Пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады. Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесе гетерогенді (көп фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді Пластмассаларда полимер материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді Пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады, қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.
Пластмассалар 4 топқа бөлінеді:

  1. полимерлену өнімдері Пластмассалар (полиэтилен, полистирол, т.б.) негізіндегі Пластмассалар;

  2. поликонденсациялану (полиамидтер, полиэфирлер, т.б.) негізіндегі Пластмассалар;

  3. хим. модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі Пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит);

  4. табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі Пластмассалар Сонымен қатар термопластик. және термореактивті Пластмассалар болады.

Термопластикалық Пластмассалар қыздырғанда пластикалық күйге химиялық өзгеріссіз өтеді. Оларды бірнеше қайтара қыздырып, әр түрлі пішінге келтіруге болады. Термореактивті Пластмассалар жылу әсерінен алғашқы кезде пластикалық, одан әрі қыздырғанда химиялық өзгеріске ұшырайды. Оларды алу үшін құрылысы торланған қосылыстарға тез өтетін полимерлер (эпоксид, анилин, фенол-альдегид, т.б.) қолданылады. Пластмассалардың бұл түрінен жасалған бұйымдар шыны тәрізді, сол қалпын терм. деструкция басталғанға дейін сақтайды. Олар 100 — 500oС аралығындағы температурада өзгеріске ұшырамайды. Пластмассалар электртехника, машина жасау, құрылыс өнеркәсіптерінде, ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен қолданылады. Пластмассалар өндіру зауыттары Қазақстанда Маңғыстау,Атырау облыстарында бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет