Құрылымдық пішіні бойынша машиналар (автоматтандырылу деңгейіне қарай) қарапайым жұмысшы машиналар, жартылай автоматтар және автоматтарға жіктеледі.
Қарапайым жұмысшы машиналар көбінесе үш бөліктен тұрады. Олар нақты бір технологиялық операцияны орындайды. Мысалы: еттартқыштар шикізатты ұсақтайды, араластырғыштар араластырады, сепараторлар ажыратады және т.б.
Жартылай автоматтар бірнеше бөліктер мен жұмысшы органдардан тұрады. Олар жұмысшының қатысуымен бірнеше технологиялық операцияларды автоматты цикл бойынша орындайды.
Автоматтар да бірнеше бөліктер мен жұмысшы органдардан тұрады және жұмысшының қатысуынсыз барлық операциялар (негізгі және қосалқы) автоматты цикл бойынша орындалады.Жұмысшы циклдің құрылымы бойынша барлық технологиялық жабдықтар мерзімді және үздіксіз әрекетті машиналар.