9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)
Тақырып бойынша оқушылардың сұрақ жауабын тыңдап, қортындылау түрінде өткізіледі.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)
Бекітілген тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқушылардың білімін бағалау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)
О. Сыздықов,Б.Оразбаев Конструкциялық материалдар технологиясы
Оқытушы: Дауенова Г.О.
Автоматты жабдықтар туралы жалпы түсінік
Технологиялық жабдық дегеніміз технологиялық операцияларды орындауға арналған жабдықтар болып табылады.қкө
Технологиялық операциялар жалпы және арнайы болып жіктеледі.
Жалпы технологиялық операцияларға барлық тамақ өндірісіне кіретін 20-дан астам салаларында пайдаланатыy механикалық, гидромеханикалық, жылу-масса алмасу процестері жатады. Мысалы, ұсақтау, ажырату, пісіру, кептіру және т.б.
Ал арнайы технологиялық операцияларға тек қана кейбір (жеке алыңғаң) саласына сәйкес процестері жатады, мысалы ет өнеркәсібіне: жансыздандыру, малды қансыздандыру, терісін сыдыру және т.б.; сүт өнеркәсібіне: фризерлеу, сары май бұлғау, гомогендеу және т.б.
Технологиялық жабдықтар алдымен ағындағы үйлесімділігі бойынша машиналар мен аппараттарға жіктеледі. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтардың басқа да түрлері бар.
Олар: әртүрлі айлабұйымдар, агрегаттар, технологиялық ағынды желілер, қондырғылар, кешендер, және т.б.
Дегенмен, технологиялық жабдықтар пәнінде негізінен машиналар мен аппараттар қарастырылады. Олардың арасындағы айырмашылық құрылымдық пішіндерінде болып табылады.
Құрылымдық пішіні бойынша неғұрлым қарапайым машина кемінде үш бөліктен тұрады:
- орындау (немесе жұмысшы) механизмі;
- беріліс (немесе жетекті) механизмі;
- қозғалтқыш механизмі (электрқозғалтқыш).
Классикалық түрдегі аппарат (қарапайым аппарат) орындау (немесе жұмысшы) органы және жұмысшы камерадан тұрады.
Қозғалтқыш және беріліс механизмдері, сонымен қатар басқа да жұмысшы механизмдер кейбір аппараттарда мүлдем болмайды, а егер болса қосалқы жұмыс атқарады.
Машиналар мен аппараттардың жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |