Алматы қаласы, Медеу ауданы
№19 жалпы білім беретін мектептен
педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші
4-курс студенті
Қоңтай Гүлжан Ерболқызына
Мінездеме Практика барысында Гүлжан өзінің барлық білгенін оқушыларға үйретіп, оқушыларға жан-жақтан ақпарат алу көздерін айтып түсіндірді. Сонымен қатар математика пәнінің қыр-сырын үйрету негізінде ашық сабақтар өткізді. Гүлжан педагогикалық практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады, бір күнде қалмай практикаға қатысты. Гүлжан ешқашан сабақ өтуден қысылған емес, керісінше мұғалімдерге сабақ жүргізгісі келетінін айтып өткізіп жүретін. Оқушылармен де тез тіл табысып, олардың көңіл-күйіне қарап, кейде сабақ үстінде түрлі ойындар ойнатып, оқушыларды қызықтырып отырды. Оның сабақтарда пайдаланған көрнекіліктері барлық әдістемелік эстетикалық талаптарға сай жасалып, қажетті дәрежеде қолдана білді. Қоғамдық іс-шараға да жақсы ат салысты. Өзінің университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдай білді.
Гүлжан математика пәнінен ашық сабақты жоғары деңгейде өткізді, көптеген жаңа платформаларды қолданды. Сабақтың әр кезеңінде көрнекіліктерді қолдана білді. Әсіресе бекіту кезеңінде балалардың білімін пысықтаған кезде дидактикалық ойын түрін ұтымды пайдалана білді. Сабақтың осы кезеңінде оқушылар сабақ бойына алған білімдерін көрсетті. Келешекте Гүлжан болашағы зор, жұмысы жемісті болатынын, өз жұмысын жақсы атқаратын мықты маман болатынын сеніммен айтуға болады.
Қоңтай Гүлжанның педагогикалық іс-тәжірибе практикасын «өте жақсы» деп бағалаймыз.
Мектеп директоры: ИмангалиеваА.Д. Тәлімгер: Ержанова А.С. Сынып жетекшісі: Аблакатова А.Қ.