Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Дәріс мақсаты: өнімге кеткен шығындар есептеу , кезең шығындары, шешім қабылдау, бақылау үрдісіндегі шығындарды оқыту



бет8/9
Дата24.04.2017
өлшемі4,3 Mb.
#14763
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс мақсаты: өнімге кеткен шығындар есептеу , кезең шығындары, шешім қабылдау, бақылау үрдісіндегі шығындарды оқыту



Сұрақтары:

  1. Шығындарды топтастыру және бөліп тарату. Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері.

  2. Негізгі өндіріс есебі. Көмекші өндіріс есебі.

  3. Өндіріс шығындарының есебі

  4. Еңбек шығындары есебі, еңбек ақы төлеу әдістері және еңбектің тиімділігін есептеу.




  1. Шығындарды топтастыру және бөліп тарату. Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері.


Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.

Өзіндік кұнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:

  • кіретін (входящие) және өтіп кеткен (истекшие);

  • тікелей және жанама;

  • негізгілер мен қосымшалар;

  • өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс (кезең шығыстары);

  • Бір элементті және кешенді.

Кіретін (входящие) шығындар алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі.

Өтіп кеткен (истекшие) шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі. Жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.

Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты жиындар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Мұндай шығындар өнімнің жекелеген түрлері арасында жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына байланысты бөлінеді. Жанама шығындарға жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты ұстау мен пайдалануға жұмсалған шығыстар, басқару шығыстарын және т.б. жатқызуға боладу. Жанама шығындардың ерекшелігі - ауқымды негіз (база) шегінде өзгермеуі (шығындар тұрақты болып қалатын, өндіріс көлемінің белгілі бір аралығы).


  1. Негізгі өндіріс есебі. Көмекші өндіріс есебі.

Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:



  1. өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты - өндіріс (сату) көлемінің өзгеру әсеріне байланысты;

  2. бағалауда есепке қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;

  3. қайтарымсыз шығындар (өткен кезең шығындары);

  4. жүктелген шығындар (немесе кәсіпорынның пайдалана алмаған пайдасы);

  5. жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар;

  6. өсетін және шекті шығындар мен кірістер.


Шығындарды бақылау мен реттеу мақсатымен мынадай жіктеу қолданылады:

  • реттелетін және реттелмейтін;

  • тиімді және тиімді емес;

  • мөлшер (норма) шегінде және мөлшерден ауытқулар;

  • бақыланатын және бақыланбайтын.

Жауапкершілік орталықтары бойыншатіркелетін шығындар мен табыс жауапкершілік орталығының менеджерімен реттелетін және ретгелмейтіндер болып жіктеледі.

Реттелетіндер – сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша барлык шығындар реттеледі, бірақ нақтылы атқарушы барлык шығындарға арер ете алмайды. Егер атқарушы шығын деңгейін реттей немесе елеулі әсер ете алса, онда бұл шығындар осы орындаушы реттей алатын болып белгіленеді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігі өндірістік қорлар алуды реттеуге, адамдарды жұмысқа жалдауға және т.б. құқығы бар, өндірістік бөлім басшысы мұндай шығындарға ықпал етпейді.

Деңгейіне қызметкер елеулі ықпап ете алмайтын шығындар осы қызметкер реттейтіндер болып белгіленеді. Көптеген шығындар толықтай жеке атқарушының қарауында болмайды. Мәселе шығындарды кім бақылайтындығында емес, кім шығын деңгейіне әсер ете алатын жағдайда екендігінде.


  1. Материалдық шығындар есебі

Негізгі материалдар шығындары тікелей шығындардың бірінші элементі болып табылады (көмекші материалдар жанама шығындар құрамында ескеріледі).

Материалдардың нақты өзіндік құны оларды сатып алуға кеткен шығындарымен анықталады, ал осы шығындардың қатарына: жабдықтаушылардың босатқан ресурстарын несие ретінде пайдаланғны үшін төленетін пайыздары, комиссиондық сыйақылар, жабдықтау ісін ұйымдастырып жүргізгені үшін төленетін төлемдер, тауарлы биржалар қызметтерінің құны, кеден баждары, бсқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылатын жеткізу және тасымалдау шығындары жатады.

Негізінен калькуляциялаудың мәнін жан-жақты зерттеу үшін, бірінші кезекте, ондағы қолданатын бағалау әдісімен де танысқан жөн.

Материалдарды пайдалану есебін ұйымдастыруды бастапқы құжаттарды толтыру және оларды көмегімен өндіріске босатылған материалдарды бақылау сияқты жайлардың үлкен мәні бар. Ең көп таралған болып, лимиттік карталары саналады, сол бойынша өндіріске босатылған материалдарға бақылау жасалынады. Ол құжатта мыналар ескеріледі: операция түрі, қойманың нөмірі, бостылған материалдар, алушы цехтар, шығындар шифры, номенлатуралық нөмірі, босатылған материладрдың аттары, өлшем бірліктері және бір айға жасалға материалдардың шығысының лимиті, ал ол айлық өндірістік жоспарымен және қолданыстағы шығындар нормасымен сәйкес есетелінеді. Материладрды алмастыру үшін толтыратын, оларды бекітілген лимиттен артық босатқан кезде оларды арнайы түрде көрсететін құжаттарымен рәсімделеді, өйткені ол бекітілген нормадан ауытқудың фактісін тіркеуге бейімделген.

Материалдарды босату лимиті де, және рәсімдеу тәсілі де, сонымен бірге рәсімдеудің реквизиттері де згеруі мүмкін: егер ШС лимитті анықтау мақсатында ескінің орнына жаадан толтырылған лимит карталарын жазса, ол басқа субъектілер үшін осы картаға сәйкес жазбаша түрінде тіркелген лимиттің өзгергені туралы жарлық береді.


  1. Еңбек шығындары есебі, еңбек ақы төлеу әдістері және еңбектің тиімділігін есептеу.

Тікелей шығындардың екінші элементі: негізгі өндірістік жұмысшыларына, есептелген еңбек ақылары болып табылады.

Мерзімді төлем ақысы бойынша төленетін жұмысшылардың еңбек ақыларын есептеу үшін, табель мәліметтерін қолданады.

Жұмысшыларды мерзімнен тыс жұмыстарға тарту кәсіпорынның басшысы бекіткен тізімдеріне сәйкес рәсімделеді.

Еңбек ақының кесімді нысаны бойынша, жұмысшының істеп шығарған өнім санына қарай әр түрлі есеп жүйесі пайдаланады, соның ішінде, өнімді шығарудың операциялық есебі бойынша жүргізілген есебі тура келеді. Олжұмысшының өндірген өнімін бақылаушы немесе мастердің өзі тексереді де, содан соң орындалған әрбір операцияны тіркейді, есетейді және кіріске алады.

Ұсақ сериялық және дербес өндіріс жағдайында өндіру есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттары болып істелген жұмысқа жабылған наряды саналады. Онда: тапсырма, оның орындалуы, жұмыс разряды, істелген жұмыстың уақыты, әрбір операция бойынша еңбек ақысының сомасы және т.б. көрсеткіштері бойынша көрсетіледі.

Жұмысшылардың айлық немесе екі апталық ндіуін тіркеуге арналған, жинақтаушы немесебір жолғы да наряды қолданылуы мүмкін.

Сериялық өндірісте жұмысшылардың өндіру есебі үшін алғашқы құжат ретінде маршрут қағаздары пайдаланады. Оларда белгіленген технологиялық процеске сәйкес өндіріске немесе өңдеуге жіберілгенді өнім түрлерін немесе партиясын тіркейді. Бөлшектердің дәлме-дәл өңделу мен сақталуына бақылау жасау үшін, әрбір операция орындалғаннан кейін ТББ-мі жұмысты қабалдап алады.

Жұмысшының шығарға өнімін анықтау үшін, ауысым басындағы блшек қалдығына (1) ауысым барысында дайындалған бөлшек санын (2) қосады да (1+2), дәл осы қосындыдан ауысым соңында өңделмеген немесе жинақталмаған бөлшек санын шегереді. Осылайшы есептелген әрбір жұмысшының өндірген өнімі ең соңында рапортпен немесе өндіру есебінің ведомостарымен рәсімделеді.

Кесімді бағаны нақты өндіріліп шығарылған өнім көлеміне көбейтеді де, жұмысшының жұмысына қарай оның еңбек ақысы рәсімделеді.

Кесімді бағаны нақты өндіріліп шығарылған өнім көлеміне көбейтеді де, жұмысшының жұмысына қарай оның еңбек ақысы шығарылады.

Осы түрде орындалған және рәсімделген есеп айырысулар бухгалтерлік есепте мынадай жазумен көрсетіледі:

Негізгі өндіріс” шоты дебеттеледі де, “Еңбек ақы бойынш персоналмен есеп айырысу”шоты кредиттеледі.



Дәл осы мезгілде есептелегн еңбек ақыдан бекітілген норматив бойынша: әлеуметтік, зейнетақы және басқа да қорлары бойынша аударылымдар жасалынады.
Тақырып 4. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістер.

Дәріс мақсаты: Өндірістік үстеме шығындардың өнімге апарылу себептерін анықтау
Сұрақтары

  1. Өнімнің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құны - ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші,өзіндік құн құрамы мен түрлері.

  2. Басқару есебіндегі өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнына қосылатын шығындардың құрамы.

  3. Өнімнің (жұмыс, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялау




  1. Өнімнің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құны - ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші,өзіндік құн құрамы мен түрлері.

Нақты бір өнімге тікелей апаруға болмайтын, бірақ өндіріспен тікелей байланысты әр түрлі шығындар жиынтығы.

Өндірістік үстеме шғындардың өнімге апарылу себептері:


  1. өндірістік үстеме шығындардың өнімге толық таратылмауы баға қалыптастыруда қателер туындауы мүмкін

  2. қаржылық есептің стандарты бойынша өнімнің өзіндік құнына оған кеткен шығындар толығымен қосылуы қажет.

Өндірістік үстеме шығындар өнімнің өзіндік құнына тарату үшін 1 – ші тарату базасы анықталады. Көп жағдайда өнім үшін бір ғана тарату базасы анықталады. Тарату базасы ретінде негізгі жұмысшылардың жұмыс істеу уақыты немесе жабдықтаушының жұмыс істеу уақыты алынады.

Үстеме шығындарды тарату ставкасы = үстеме шығындар \ тарату базасы

Өндірістік үстеме шығындардың таратудың заводтық және цехтік ставкасы.

Үстеме шығындарды таратудың заводтық ставкасы кәсіпорын бойынша жалпы қолданылады. Мысалы, белгілі кезеңдегі үстеме шығындар сомасы 100 000тг, тарату базасы жұмысшының жұмыс істеу уақыты 50 000сағ. Заводтық өндірістік үстеме шығындар ставкасы 100 000тг \ 50 000сағ= 2тг\еңб сағ.

Өндірістік үстеме шығындар барлық өнімге бірдей таратылады. Кәсіпорын өнім өндіру үшін А өнімі 18сағ, В өнімі 15 сағ жұмсалды. Сонда А өніміне таратылған үстеме шығындар 36тг, яғни 18сағ x 2тг\еңб сағ= 36тг. Ал В өніміне 15сағ x 2тг\еңб сағ= 30 тг.

Цехтық үстеме шығындарды тарату ставкасын анықтау кезінде, яғни кәсіпорын бірнеше бөлімшеден тұратын болса, әрбір өнімге бөлек тарату ставкасы анықталады.

Мысалы:





А бөлімі

В бөлімі

С бөлімі

Барлығы

Өнд. үст шығ,тг

10 000

60 000

30 000

100 000

Еңбек сағат

25 000

15 000

10 000

50 000

Тарату ставкасы

0,4

4

3

2

Өнім өндіру үшін :А бөлімі 10 сағ x 0,4тг\еңб сағ= 4 тг

В бөлімі 5 сағ x 4 тг\еңб сағ = 20 тг

С бөлімі 3сағ x 3 тг\еңб сағ = 9тг

Өндістік үстеме шығындар 33 – ке тең. (4тг+20тг+9тг).
Үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасы.

Өндірістік үстеме шығндарды тарату кезінде нақты мәліметтерге сүйеніп, ставканы анықтау төмендегідей мәселелерге алып келеді:



  1. нақты үстеме шығындарды пайдалану үшін есепті кезеңнің соңын күту қажет

  2. өндірістік үстеме шығындар айдан – айға өзгеруі мүмкін, яғни бұл үстеме шығындардың тарату ставкасының әр түрлілігін білдіреді.

Сондықтан үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын пайдаланамыз. Жоспарлы ставканы пайдалану төмендегідей қадамдардан тұрады:

  1. болжанған үстеме шығындардың көлемін анықтау

  2. үстеме шығындар тарату базасын таңдау

  3. болжанған үстеме шығындарды тарату базасына бөлу арқылы жоспарланған тарату ставкасын пайдаланамыз

  4. анықталған ставканы пайдалана отырып, үстеме шығындарды әрбір өнім түріне таратамыз.

Тәжірибе жүзінде жоспарлы ставканы пайдаланып, таратылған үстеме шығындар мен нақты үстеме шығындар арасында айырмашылық болады, яғни артық немесе кем таратылған үстеме шығындар болады. Бұл ауытқулар төмендегідей 3 шотты пайдалана отырып түзетіледі:

  1. сатылған өнімнің өзіндік құны

  2. аяқталмаған өндіріс шоты, сатылған өнімнің өзіндік құны және дайын шоттары арасында пропорционалды болуы мүмкін.

Мысалы, компания үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын пайдаланады. Ол 3тг\маш.сағ (жобамен олар жоспарлы 300 000тг\100 000 маш.сағ).

Нақты өнім өндіру үшін, 110 000маш\сағ уақыт жұмсалыныпты. Нақты үстеме шығындар 320 000тг. Таратылған үстеме шығындар = 110 000маш.сағ x 3тг\маш.сағ= 330 000тг, яғни өндірілген өнімнің өзіндік құнынан қосылып кеткен.

Үстеме шығындар

Нақты үст.шығ

320 000 –10 000



Тарат.үстеме шығ 330 000

Сатылған өнімнің өз.құны



330 000

10 000



Үстеме шығындарды таратудың тікелей әдісі.

Өнім өндіріске тікелей байланысты,өндірістік бөлімшелерден басқа, ұйымда қызмет көрсетуші бөлімшелер болады. Бұл бөлімшелер өндірістік бөлімшелерге және бір – біріне қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындарын таратудың кең тараған түрі – тікелей әдіс. Бұл әдіс бойынша қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындары өндірістік бөлімшелерге тікелей апарылады. Мысалы, бөлімшелер: өндірістік - бұл машина цехы, жинақтау цехы. Қызмет көрсетуші: көмекші цех және материалдық техникалық жабдықтау. Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындарын тарату үшін төмендегідей ақпараттар берілген.


Көрсеткіштер

Қызм көрсетуші бөлімше

өндірістік бөлімше

барлығы

Көмекші

Мат.техн ж

Машина

жабдықтау

Таратуға дейінгі жоспарл - өнд үстеме шығ

600,0

116,0

400,0

200,0

1 316 000

Қызмет көрсету: көмекші цех

Жоспар еңб сағ

% қатынас

мат\қ техн жабд

% қатынас

200


10

1600


20


2400


30
1600

80


4000


50
200

10


8000


100
2000

100

Көмекші цех: 2400\6400 (2400+4000)=0,375= 37.5% (жинақтау цехына кетеді).

Қызмет көрсетуші бөлімшенің үстеме шығындарын таратудың тікелей әдісі

Көрсеткіштер

Қызм көрсетуші бөлімш

өндірістік бөлімш

барлығы

Көмекші

Мат.техн ж

Машина

жабдықтау

1.таратуға дейінгі жоспарл - өнд үстеме шығ

600,0

116,0

400,0

200,0

1 316 000

2. көмекші цехтің үст шығ тарату

% қатынас

3. мат-техн жабд бөлімш\ң үст шығ

% қатынас

4. жосп. шығын барлығы


(600,0)

0

116,0
0


225,0
37,5

103 124


88,9

728124


375,0
62,5

12876


11,1

587876


100
100

1 316 000

% қатынас (мат-техн жабдықтау) 1600\1800(1600+200)=88.9



  1. Басқару есебіндегі өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнына қосылатын шығындардың құрамы.

Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:

-   шығындар  белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;

-   қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;

-   шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.

Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері  нарық  жағдайлары  мен  шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің  өзгеруі  фирмалардың  ұсынатын  тауарлардың  мөлшері  және  оның  бағасымен  байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамына  кіретін  нақты  шығындар.  Бұлар  шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның өз  меншігіндегі
сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.

Кәсіпорын  табысы  екі  түрлі  көрсеткішке  тәуелді  болады:

-   өнім  бағасы;

-   өнім  өндірісіне жұмсалатын шығындар.

Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Нарықтық   баға   қалыптастыру   заңдарының    әсерінен   еркін   бәсеке  жағдайында  өндіруші  немесе  тұтынушы  қалауына  сәйкес  жоғары  немесе  төмен  болмайды, ол  автоматты  түрде  орнатылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар — өндіріс  шығындарына қарағанда  басқаша түрде  болады.  Олар  тұтынылатын  еңбектік немесе  материалдық ресурстар  көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа  факторларға  байланысты  өсуі  немесе төмендеуі  мүмкін.
Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.

Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  тадау  болып  табылады.

Өндіріс  шығындарына  және  өнім  өткізуге  төмендегілерге  байланысты  шығындар  қосылады:

-   ұдайы  өнім  өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;

-   табиғи шикізаттарды  қолдану;

-   өндірісті дайындау  және  үйрену;

-   өндірісті ұйымдастыру мен  технологияны  жетілдіру, сонымен  қатар  өнім сапасын жақсарту, оның  сапалығын  арттыру, ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);

-   рационалдау және құрастыру,  тәжірибиелік  жұмыстарын  жүргізу, моделдер  мен  нұсқаларды  дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу  және  т.б;

-   өндірістік  процеске  қызмет  ету;

-   өндірісті  шикізат, материал, жанармай,  энергия, құрал-саймандар  және  басқа да еңбек  құралдары  және  заттарымен  қамтамасыз  ету,  негізгі  өндірістік  қорларды  жұмысқа   қабілетті   жағдайда  ұстау,


санитарлы-гигиеналық  талаптарға  сәйкес жұмыс  жасау;

-   қалыпты  еңбек  жағдайын  және  техника  қауісіздігін  қамтамасыз  ету;

-   өндірісті  басқару: кәсіпорынның  басқару  аппараты
қызметкерлерінің, фирма  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерін,
іс-сапарларын  қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты  өкілеттілік  шығындар  және  т.б;

-   кадрларды  дайындау  және  қайта  дайындау;

-   мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес әлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар.

Кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі (табыс  және  шығын) өнім өткізуден  (жұмыс және қызмет  көрсету) кәсіпорынның  негізгі  құралдары  және  басқа да мүліктерін өткізуге  байланысты  емес  операциялардан  түсім, осы   операциялар  бойынша  шығындар  сомасының  азаюының  қаржылық  нәтижесінен  құралады.

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі.


Осылайша, өзіндік  құн — кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді. Өзіндік  құн — өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.
Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құны  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті — жұмсалған шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші.
Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негізгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы — ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорында  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына
сыйақылар төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді — бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.


  1. Өнімнің (жұмыс, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялау

Өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақытылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өндірістегі өнімнің нақтылай түрін

өндіру мен өткізуге,сондай-ақ көрсетілген қызмет бірліктерін(жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.

Процестік әдіс бірнеше өңдеу сатысынан өтетін біртүрлі өнім өндіретін кәсіпорындарда қолданылады. Мысалы, химия өнеркәсібі, шыны, ірімшік, ұн, және жарма өнімдері. Әр бір бөлімше немесе процесс бойынша белгілі бір кезеңдегі шығындар жинақталынады. Шығындардың үлес салмағын анықтау үшін жалпы шығындар өнім санына бөлінеді. Өнімдер бірнеше үрдістерден немесе бөлімшелерден өтеді. Әр бір процесте шығындар өнім құнына апарылады. Өндірістік процесс соңында барлық шығындар жинақталып, бір дана өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін жинақталынады.

Бұл тәсіл кеңінен тараған.Ол технологиялық процестің жеке сатыларында бастапқы шикізатты қайта өңдеу жолымен өнім алатын барлық кәсіпорындарда қолданылады. Калькуляциялау объектісі ретінде бөліс деп аталатын өндіріс кезеңі болғандықтан, бұл тәсіл бөлістік деп аталады. Мұндай жартылай өнімді шығарумен аяқталатын технологиялық процестің біткен бөлігі бөлістік деп түсіндіріледі.Жартылай өнімнің бөлінуі оның өз пайдалану бағыты бойынша, яғни басқа жаққа өткізілуі мүмкін болған жағдайда жүзеге асырылады.

Үздіксіз жалғасып отыратын өндіріс процесінде бірнеше кезең бойы бастапқы шикізатты өңдеу арқылы шығарылатын дайын өнім. Мұндайда өнімнің бір бөлігі барлық қарастырылған кезеңдерден өтіп,қайта өңделген түпкілікті өнім ретінде өткізіледі, басқа бөліктері алғашқы кезеңдердің бір немесе бірнеше кезеңдерінен өтеді.

Егер бір дана өнімге кеткен шығынды есептеу кезінде аяқталмаған өндіріс болмауы келесі процеске берілетін өнімнің құнын анықтауда қиындық тудырмайды. Тәжирибеде әр бір процестің басына және соңына аяқталмаған өндіріс қалып отырады. Сондықтан 1 дана өнімге кеткен шығынды есептеуге эквивалентті бірлік қолданылады. Эквивалентті бірлікті есептеудің негізіг мәні барлық өнімді аяқталды деп есептесек, қанша өнім өндіріледі. Егер барлық өндіріс аяқталған бірліктерге әкелсе, онда өндірілетін өнімнің бірліктер саны есептелінеді.


Бақылау сұрақтары:

    1. Шығындар дегеніміз не?

    2. Шығындар мен шығыстардың айырмашылығы.

    3. Өндірістік шығындар қалай жіктеледі?

    4. Тікелей және жанама шығындар дегеніміз не? Мысал келтір.

5.Өндірістік үстеме шығын дегеніміз не?

6.Үстеме шығындарды тарату ставкасы дегеніміз не?

7.Өндірістік үстеме шығынды таратудың заводтық және цехтық ставкасы.

8.Үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын пайдалану қандай қадамнан тұрады?

9. Үстеме шығындарды таратудың тікелей әдісінің мәні неде?

10. Жоспарлау мен шешімдер қабылдау кезінде шығындар қалай жіктеледі?

11. Жауапкершілік орталықтары дегеніміз не?
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


    1. Апчерч А. Управленческий учет: принципы и практика. Пер. С англ.М.:Финансы и статистика, 2008 г.

    2. Ә.Д.Дәулетбеков, К.Т.Тайғашинова, Т.А. Тасмағанбетов.Басқарушы - өндірістік есеп: Оқу құралы / Алматы: Принт 2000 ж. 180 б.

    3. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2006ж.*

    4. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы 2006 ж.



5-Тақырып. Тапсырыстық калькуляция
Дәріс мақсаты: өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін және олардың ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау. Толық және айнымалы шығындар арқылы өзіндік құнды калькуляциялау кезіндегі пайда көлемін анықтауды оқып үйрету.

Сұрақтары:



1. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құның калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі.

2. Тікелей шығындар есебі (материалдық және еңбек шығындары).



3. Өндірістік үстеме шығындар есебі.
1. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құның калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі.

Бұл тәсіл бұйымға (бұйымның шағын тобына), жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Әдетте, әрбір тапсырыс жеке тапсырыс беруші, тұтынушы, алушы үшін арналады.

Әдіс негізгі материалдар (технологиялық мақсаттарға арналған материалдар), өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және басқа тікелей шығындарды нақты өніммен, жұмыспен немесе көрсетілген кызметпен азды-көпті жеңіл ұқсастыруға болатын жағдайда ғана қолданылады.

Тапсырыстық тәсіл мынадай жағдайларда колданылады:

• бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы өнім өндірісінде, не болмаса жұмысты (қызмет көрсетуде) орындау кезінде, әсіресе, әрбір тапсырыс бойынша жасалатын өнім бірегей болмаса да, басқа тапсырыс өнімдерінен елеулі айрықшаланған жағдайда;

• күрделі және ірі бұйымдар шығарғанда;

• ұзақ технологиялық циклды өндірісте;

• едәуір бөлігі қайталанбайтын және жеке тапсырыстар бойынша саны шағын болып шығарылатын өнімнің көп әр түрлілігінде;

• жұмыс орындарының технологиялық ерекшелігі мен жұмыс орындарына белгілі бір операциялар мен бөлшектетіктерді тұрақты бекітудің мүмкін болмауы;

• әдетте, әмбебап жабдықтармен керек-жарақтарды қолданғанда;

• барлық қолдан құрастырушы және жеткізу операцияларының салыстырмалы үлкен үлес салмағында;

• жұмысшылар арасында жоғары білікті мамандардың көп болғанында;

• өнім дайындаудың (өндірістік циклдін) салыстырмалы ұзақ мерзімінде.

Тапсырыстық тәсілде бірен-саран бұйымға немесе бұйымның, жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің санаулы санына өндірістік тапсырыс калькуляциялаудың объектісі болып табылады.

Тапсырыстарды сол немесе басқа өнім түрін дайындау үшін тапсырыс берушімен келісімшарт жасау негізінде жекеде бір бұйым және ұсақ сериялы өндіріс кәсіпорынның жоспарлы-өндірістік бөлімінде (орындауға қатысатын цехтар саны бойынша) толтырады, содан кейін тапсырысты орындаушы цехқа және бухгалтерияға түседі.

Өндіріс шығындарын жинақтап қорыту жөніндегі барлық алғашқы құжаттамада (лимитно-заборлық картасы, шикізат пен материалдарды босатуға арналған талаптар, маршрут парақтары, нарядтар және басқа құжаттар) тапсырыстардың нөмірі (шифрі) көрсетіледі. Құжаттаманы өндегенде шығындарды цех-орындаушылар, жеке тапсырыстар мен калькуляция баптары бойынша топтастырады. Сонымен қатар, әдетте өзіндік құнды калькуляциялаудың жартылай өнімдік нұсқасы қолданылады, яғни әрбір цех бойынша өз шығындары цехтан-цехқа жартылай өнімдерді беру шоттарында көрсетілмейді.

Тапсырыстық тәсілде нақты өзіндік құн тапсырыс аяқталған соң анықталады, бұған дейін барлық шығындар бітпеген өндірісті құрайды. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын-ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.

Бұл кемшілікті жою мақсатымен өндірістің ұзақ циклды ірі бұйымдар (кеме жасау, ауыр машина жасау) дайындағанда, тапсырыстарды олардың (агрегатгар, конструкциялық элементтер), біткен конструкция болып танылатын тетіктеріне жеке ашу ұсынылады. Ұзақ сериялық өндірісте тапсырысқа ағымдағы айда шығару жоспарланған бұйым саны кіреді. Есепте тек нақты бұйымды (тапсырысты) ғана немесе бірнеше бұйымды (тапсырысты) дайындау үшін қолданылатын барлық тетіктер мен бөлшектерді бөліп жазу керек. Бөлшек пен тетіктердің бірінші түрі бойынша шығын есебі тапсырыстық тәсілмен ұйымдастырылады; екіншісі бойынша -нормативті тәсілмен, өйткені бұл бұйымдар сериялық немесе жаппай өндіріс тәртібімен шығарылады. Осылайша, жеке ретпен дайындалатын бұйымдардың жалпы құны тапсырыс бойынша (дара, қайталанбайтын тетіктер мен бөлшектер) ескерілген шығындардан және өзіндік құны нормаға сай тәсіл бойынша жаппай сериялық өндіріс тәртібімен саналатын жалпы тетіктер мен бөлшектер құнынан құралады. Кәсіпорынның экономикалық қызметінің кызметкерлері жеке және ұсақ сериялы өндіріс жағдайында өндіріс шығыны есебінің нормаға сай тәсілінің элементтерін мүмкін болған жердің бәрінде қолдануға тырысуы тиіс. Тапсырыстар бойынша шығындарды топтастырады және әрбір тапсырыстың өзіндік құнын өндірістің есеп карточкаларында есептейді.




  1. Тікелей шығындар есебі (материалдық және еңбек шығындары).

Өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілінің мәні мынада, барлық тікелей негізгі шығындар (шикізаттың, материалдың кұны, өндірістік жұмысшыларды еңбекақысы аударымдарымен бірге) жеке өндірістік тапсырмалар бойынша калькуляциялық парактың белгіленген баптары тұрғысында ескеріледі. Қалған (жанама) шығындар пайда болған жерлері бойынша (машиналар мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындарды жинақтап қорыту кезінде, не болмаса қосымша шығыстарда, не болмаса қосалқы өндіріс шығыстары бойынша), тапсырыстардың сәйкес баптары (бөлу базасы белгілеген негізде) бойынша ескеріледі.

Өнімнің немесе жұмыстың калькуляциялық бірлігінің нақты өзіндік құнын шығын сомасын дайындалған өнім немесе орындалған жұмыс санына шығын бөлу жолымен есептейді.

Өнім бірлігінің өзіндік құны жеке тапсырыс бойынша жинақталған шығын сомасын осы тапсырыс бойынша дайындалған өнім бірлігі санына бөлу нәтижесінде айқындалады. Сондықтан тапсырыстық тәсілдің принципиальды ерекшелігі - шығын көлемін уақыт аралығы үшін емес, әрбір біткен тапсырыс бойынша қалыптастыру.

Бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы өндірісте жеке есепті ұйымдастыру үшін, әдетте, шығындар есебі шотында әрбір тапсырыс бойынша жеке аралық шот (субшот) ашылады. Егер тапсырыстар саны көп болса, аналитикалық есепті бөлу алғашқы құжаттарға код беру жолымен жетеді. Тапсырыстар коды шикізат пен материалдарды беруге арналған материалдық талаптарда, еңбекақы негізінде, кесімді түрде есептеу жөніндегі есептесу ведомосінде қойылады. Содан кейін орындауға байланысты шығын көлемі жазбаларды тапсырыстың бірден кодымен бірге іріктеу жолымен белгіленеді. Жеке тапсырыстар тұрғысында аналитикалық есеп ұқсас түрде (аралық шоттар немесе кодтеу тәсілімен) және дайын өнім есебі шоттары мен өткізу (сату) есебі шоттарында құрылуға тиіс. Осылайша, тапсырыстық тәсілдегі есептік процесті қисынды біткен соңы әрбір нақты тапсырысты өткізудің қаржылық қорытындысы туралы акпаратты алу болып табылады.

Тапсырыстық тәсілді мысал ретінде көрсету үшін мысал қарастырайық.

Тапсырыс ретінде үш құрастырмалы түрден - 1, 2, 3 бөлшектерден тұратын құрастыру бірлігі шығады. Тапсырыс жасалуы үшін құрастырылатын бөлшектерден басқа, екі технологиялық операция - құрастыру мен сынақ кажет.

Тапсырыстардың өзіндік құны мыналардан құрылады:

• бөлшектер тапсырысына кіретің өзіндік құннан;

• екі технологиялық операцияны жүзеге асыруға шығатын шығындардан;

• осы тапсырысқа есептелген жанама қосымша шығыстардан.

Кәсіпорында колданылатын есеп саясатына сәйкес жанама жалпы шаруашылық шығындар (кезең шығыстары) өнімнің өзіндік кұнына жатпайды.

Шығындарды жанама бөлу сызбасы жалпы түрде былайша көрінеді:

• шығындар бөлінетін объект (азық-түлік, азық-түлік тобы, шығындардың пайда болған жері);

• шығындарды бөлу базасы таңдалады - шығындарды бөлу жүргізуге пайдаланылатын көрсеткіштер түрі;

• бөлудің коэффициенті (мөлшерлеме) бөлінетін жанама шығындардың шамасын тандалған бөлу базасының көлеміне бөлу жолымен есептеледі;

• жанама шығындардың әрбір объектісіне келетін көлемі шығындарды бөлудің есептелген (мөлшерлеме) шамасын осы объектінін бөлу базасының шамасына көбейту жолымен анықталады.


3. Өндірістік үстеме шығындар есебі.
Нақты бір өнімге тікелей апаруға болмайтын, бірақ өндіріспен тікелей байланысты әр түрлі шығындар жиынтығы.

Өндірістік үстеме шғындардың өнімге апарылу себептері:

1. өндірістік үстеме шығындардың өнімге толық таратылмауы баға қалыптастыруда қателер туындауы мүмкін

2. қаржылық есептің стандарты бойынша өнімнің өзіндік құнына оған кеткен шығындар толығымен қосылуы қажет.

Өндірістік үстеме шығындар өнімнің өзіндік құнына тарату үшін 1 – ші тарату базасы анықталады. Көп жағдайда өнім үшін бір ғана тарату базасы анықталады. Тарату базасы ретінде негізгі жұмысшылардың жұмыс істеу уақыты немесе жабдықтаушының жұмыс істеу уақыты алынады.

Үстеме шығындарды тарату ставкасы = үстеме шығындар \ тарату базасы

Өндірістік үстеме шығындардың таратудың заводтық және цехтік ставкасы.

Үстеме шығындарды таратудың заводтық ставкасы кәсіпорын бойынша жалпы қолданылады. Мысалы, белгілі кезеңдегі үстеме шығындар сомасы 100 000тг, тарату базасы жұмысшының жұмыс істеу уақыты 50 000сағ. Заводтық өндірістік үстеме шығындар ставкасы 100 000тг \ 50 000сағ= 2тг\еңб сағ.

Өндірістік үстеме шығындар барлық өнімге бірдей таратылады. Кәсіпорын өнім өндіру үшін А өнімі 18сағ, В өнімі 15 сағ жұмсалды. Сонда А өніміне таратылған үстеме шығындар 36тг, яғни 18сағ x 2тг\еңб сағ= 36тг. Ал В өніміне 15сағ x 2тг\еңб сағ= 30 тг.

Цехтық үстеме шығындарды тарату ставкасын анықтау кезінде, яғни кәсіпорын бірнеше бөлімшеден тұратын болса, әрбір өнімге бөлек тарату ставкасы анықталады.

Мысалы:
А бөлімі В бөлімі С бөлімі Барлығы

Өнд. үст шығ,тг 10 000 60 000 30 000 100 000

Еңбек сағат 25 000 15 000 10 000 50 000

Тарату ставкасы 0,4 4 3 2


Өнім өндіру үшін :А бөлімі 10 сағ x 0,4тг\еңб сағ= 4 тг

В бөлімі 5 сағ x 4 тг\еңб сағ = 20 тг

С бөлімі 3сағ x 3 тг\еңб сағ = 9тг

Өндістік үстеме шығындар 33 – ке тең. (4тг+20тг+9тг).


Үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасы.

Өндірістік үстеме шығндарды тарату кезінде нақты мәліметтерге сүйеніп, ставканы анықтау төмендегідей мәселелерге алып келеді:

1. нақты үстеме шығындарды пайдалану үшін есепті кезеңнің соңын күту қажет

2. өндірістік үстеме шығындар айдан – айға өзгеруі мүмкін, яғни бұл үстеме шығындардың тарату ставкасының әр түрлілігін білдіреді.

Сондықтан үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын пайдаланамыз. Жоспарлы ставканы пайдалану төмендегідей қадамдардан тұрады:

1. болжанған үстеме шығындардың көлемін анықтау

2. үстеме шығындар тарату базасын таңдау

3. болжанған үстеме шығындарды тарату базасына бөлу арқылы жоспарланған тарату ставкасын пайдаланамыз

4. анықталған ставканы пайдалана отырып, үстеме шығындарды әрбір өнім түріне таратамыз.

Тәжірибе жүзінде жоспарлы ставканы пайдаланып, таратылған үстеме шығындар мен нақты үстеме шығындар арасында айырмашылық болады, яғни артық немесе кем таратылған үстеме шығындар болады. Бұл ауытқулар төмендегідей 3 шотты пайдалана отырып түзетіледі:

1. сатылған өнімнің өзіндік құны

2. аяқталмаған өндіріс шоты, сатылған өнімнің өзіндік құны және дайын шоттары арасында пропорционалды болуы мүмкін.

Мысалы, компания үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын пайдаланады. Ол 3тг\маш.сағ (жобамен олар жоспарлы 300 000тг\100 000 маш.сағ).

Нақты өнім өндіру үшін, 110 000маш\сағ уақыт жұмсалыныпты. Нақты үстеме шығындар 320 000тг. Таратылған үстеме шығындар = 110 000маш.сағ x 3тг\маш.сағ= 330 000тг, яғни өндірілген өнімнің өзіндік құнынан қосылып кеткен.

Үстеме шығындар

Нақты үст.шығ

320 000 –10 000 Тарат.үстеме шығ 330 000

Сатылған өнімнің өз.құны

330 000 10 000

Үстеме шығындарды таратудың тікелей әдісі.

Өнім өндіріске тікелей байланысты,өндірістік бөлімшелерден басқа, ұйымда қызмет көрсетуші бөлімшелер болады. Бұл бөлімшелер өндірістік бөлімшелерге және бір – біріне қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындарын таратудың кең тараған түрі – тікелей әдіс. Бұл әдіс бойынша қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындары өндірістік бөлімшелерге тікелей апарылады. Мысалы, бөлімшелер: өндірістік - бұл машина цехы, жинақтау цехы. Қызмет көрсетуші: көмекші цех және материалдық техникалық жабдықтау. Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындарын тарату үшін төмендегідей ақпараттар берілген.



6-Тақырып Функционалды калькуляция
Дәріс мақсаты: Шығындарды бөлудің функционалды жүйесін анықтау, шығын топтарын, олардың тасымалдаушыларын және шығындарды бөлудің функционалды жүйесін анықтау

Сұрақтары:

1. Шығындарды бөлудің функционалды жүйесі.

2. Шығын топтары, шығынды тасымалдаушылар, қызметтер бойынша шығын орталықгары.

3. Шығынның мақсаттық калькуляциясы.
1. Шығындарды бөлудің функционалды жүйесі.

Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.

Шығындарды басқарудың функциялары:

-   өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;

-   шығындарды  әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша,  көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша  бақылау және талдау;

-   белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру;

-   кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.

Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады.  Шығындарды талдауды жүйелі түрде жүргіземіз,


яғни ұйымды жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік
ретінде қарастырамыз. Жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік ретінде  шығындарды басқару жүйесін 1- ші суреттен көруге болады.

Егер шығындарды басқарудағы институционалды аспектілер жайында айтар болсақ, онда мынындай негізгі сауал туындайды: шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдастырушылық құрылымының әрбір деңгейінде шығындарды басқарудың өзіндік қызметін құру қажет пе немесе шығындарды басқару саласында  осы уақытқа дейін қалыптасқан менеджерлерге қосымша өкілеттілік беру қажет пе. Шаруашылық жүргізу субъектінің шығындарды басқару процесін 2-ші суреттен көруге болады.

Шығындарды бақару жүйесінің негізгі элементтері болып шығындарды басқару объектілері (бұл шығындардың деңгейі, құрамы мен құрылымы) мен шығындарды басқару технологиясы (шығындардың нақты көрсеткіштерінің жоспарлыдан ауытқуын анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру) табылады.

Шығындарды басқару жүйесін ұйымдастыру кәсіпорынның


қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен оны басқаруға құрылымдық және процестік тәсілдерді аралас қолдануды талап етеді.  Процестік тәсілдің мәні кәсіпорынның барлық қаржылық-шаруашылық қызметін екі категорияға бөлуге болатындығында: негізгі бизнес-процестер және қосымша бизнес-процестер.

Негізгі бизнес-процестер өнімді немесе қызметті ұсынумен, оны сатумен және тұтынушыға жеткізумен байланысты. Олар өзіне келесі


бизнес-функцияларды қосады: шикізат пен басқа да материалдық ресурстарды жеткізуді қамтамассыз ету, өнімнің әр түрін өндіру, өнімнің өтімі мен маркетингі, кепілдік және сатылымнан кейінгі қызмет көрсету.

Шығындарды талдау — бақылау функциясының маңызды элементі бола отырып, негізді жоспарлануы үшін ақпараттарды дайындайды.


Шығындарды басқару жүйесінде талдау функционалды циклды аяқтайды және онымен бір мезгілде оның басы болып табылады. Шығындар жалпы кәсіпорын бойынша және де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер, шығындардың экономикалық элементі мен калькуляция баптары, қызмет түрлері, өнім (жұмыс, қызмет) бірліктері, өндіріс процесі кезеңдері мен есептеудің басқа да объектілері бойынша талдауға түседі.

Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және        функционалды-басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі. Кәсіпорында шығындарды талдаудың мазмұны 4-ші суретте көрсетілген.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарды талдау өзіне негізгі жұмыстарды орындауды қосады:

1) өндіріске деген шығындардың жалпы сомасы мен экономикалық элементтері бойынша өнімнің өтімін талдау. Талдау өндіріске деген шығындарды зерттеу және экономикалық элементтер шегінде негізгі қызмет түрі бойынша өнімді (жұмыс, қызмет) ұсынуды болжайды.

Талдау есепті кезеңнің экономикалық элементтері бойынша нақты шығындардың үлес салмағын өткен кезеңнің аналогиялық көрсеткіштерімен, сонымен қатар жоспарлы мәліметтерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұндай тәсіл шығындар құрылымындағы өзгерістерді анықтауға және
өнімнің материал сыйымдылығының, қор сыйымдылығының, еңбекақы сыйымдылығының және еңбек сыйымдылығының өзгерісін анықтауға көмектеседі.

Жекелеп қарастыратын өнім (жұмыс, қызмет) өтімі мен өндіріске кеткен шығынның жалпы сомасындағы материалдық шығын үлесінің өзгеруін


талдау кезінде жекелеген ұйымдардың қызметтеріне кеткен
төлемдердің шығындарын ұлғайтуды және олардың өсу себептерін анықтауды талап етеді.

Еңбекті өтеуге кеткен шығындар үлесін салыстырмалы ұлғайту кезінде материалдық шығындардың үлес салмағын азайту өнім құрамындағы құрылымдық жылжумен байланысты.

2. Шығын топтары, шығынды тасымалдаушылар, қызметтер бойынша шығын орталықгары.

Шығынның жалпы сомасындағы амортизация үлесінің өзгерісі өндірістің қор сыйымдылығының динамикасы мен жұмыскерлердің еңбек қорымен қамтамасыз етілгенін, сонымен қатар аморизацияны есептеудің жаңа тәсіліне ауысуын көрсетеді. Амортизацияға деген шығын үлесін азайту негізгі қорлар мен олардың тасымалдануының массалық тозуын куәландырады, ал осы шығындар үлесінің артуы өндіріске жаңа техниканы енгізумен және жеделдетілген амортизациямен байланысты болуы мүмкін.


Экономикалық элементтері бойынша кәсіпорынның жалпы шығындарын талдау шығындар сомасының элементтері мен олардың құрылымы бойынша өзгеруінің нақты себептерін ашу керек.

2) калькуляциялау баптары бойынша дайын өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын талдау. Оның талдау объектісі болып кәсіпорынның (немесе өндірістік бөлімшелердің ) дайын өнімнің өзіндік құны мен жекелеген бұйымдар (жұмыс, қызмет) табылады. Ол алдыңғы кезеңмен немесе жоспармен салыстырғанда қандай баптар бойынша үнемдеуге қол жеткенін,


ал қандай баптар бойынша шығын шыққанын анықтауға көмектеседі.
Басты назар ең көп өзгерістер мен шығын шыққан бапқа аударылады.

Тура калькуляциялық баптар бойынша шығындардың өзгеру себептерінің бірі өнім (жұмыс, қызмет) көлемін ұлғайту (немесе азайту) және оның құрамын өзгерту болып табылады. Тура материал шығындарының өзгеру себептері болып шығындар нормасының өзгеруімен материалға, жанармайға,


жартылай фабрикаттарға деген бағалар (тариф) мен ұйымдардың өндірістік мінездегі қызметтерінің өзгеруі табылады.

«Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы» бабы бойынша шығындардың өзгеру себептері өнімнің еңбек сыйымдылығының өзгерісі болып табылады. Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақыға деген тура шығындары мен тура материалдық шығындардың өзгерісіне өзара әрекет еруші факторлардың әсері өнім бірлігі мен жеке түрлердің өзіндік құнын талдау кезінде анықталады.

Жанама шығындардың (жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық) өзгерісін талдау кезінде олардың есепті жыл сметалары өткен жылмен салыстырылып зеттеледі.

Ақаулардан туындаған жоғалтулар ұлғайған кезде олардың себептері талданып, сонымен қатар осы шығындардың орнын толтыру мен ақауларға кеткен шығындар теңестіріледі. Басқа да өндірістік шығындарды


талдау олардың құрамының түрлері мен есепті жылдағы олардың өзгерісінің себептері өткен жылмен салыстыра отырып анықталады.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарына талдау жүргізу кезінде есепті кезеңнің нақты шығын деңгейін өткен кезеңмен немесе белгіленген жоспармен салыстыру арқылы  құралы мен құрылымы


бойынша шығындардың өзгеру себептері мен көлемін анықтау, шығынның өсуі немесе азаюын шарттастыратын факторларды белгілеу, оларды азайтудың мүмкін болатын қорларын анықтау қажет.

Шығындарды басқару жүйесінде өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын талдау үлкен мағынаға ие. Ол берілген көрсеткіштің өзгеру тенденциясын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуына, оның өсуіне факторлардың әсерін анықтауға, өзіндік құнды төмендету мүмкіндіктерін қолдану бойынша кәсіпорын жұмысына баға беру мен қорларды белгілеуге көмектеседі.

Өзіндік құн кірістер мен шығындарды өлшеудің негізі , сонымен қатар, қорларды тиімді қолдану мен интенсификацияның жалпылама көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өзіндік құнды талдаудың міндеттері:

-   өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны бойынша жоспардың шиеленістігі мен негізделуін бағалау;

-   өзіндік құн бойынша талдаудың орындалу деңгейі мен динамикасын белгілеу;

-   өзіндік құн көрсеткіштерінің динамикасына әсет ететін факторлар мен олар бойынша жоспардың орындалуын анықтау, жоспарлы шығындардан нақты шығындардың ауытқу көлемі мен себептерін анықтау;

-   өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау;

-   шығын мен түсімнің оптималды арақатынасын анықтау мен бағалау.

Тауар, жұмыс және қызметтің өзіндік құнын талдау үшін ақпараттық база болып есеп мәліметтері, өзіндік құнның есептік және жоспарлық калькуляциялары, негізгі және қосымша өндіріс бойынша шығындардың синтетикалық және аналитикалық есебі табылады.
3. Шығынның мақсаттық калькуляциясы.
Шығындарды басқару жүйесінде өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын талдау үлкен мағынаға ие. Ол берілген көрсеткіштің өзгеру тенденциясын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуына, оның өсуіне факторлардың әсерін анықтауға, өзіндік құнды төмендету мүмкіндіктерін қолдану бойынша кәсіпорын жұмысына баға беру мен қорларды белгілеуге көмектеседі.

Өзіндік құн кірістер мен шығындарды өлшеудің негізі , сонымен қатар, қорларды тиімді қолдану мен интенсификацияның жалпылама көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өзіндік құнды талдаудың міндеттері:

-   өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны бойынша жоспардың шиеленістігі мен негізделуін бағалау;

-   өзіндік құн бойынша талдаудың орындалу деңгейі мен динамикасын белгілеу;

-   өзіндік құн көрсеткіштерінің динамикасына әсет ететін факторлар мен олар бойынша жоспардың орындалуын анықтау, жоспарлы шығындардан нақты шығындардың ауытқу көлемі мен себептерін анықтау;

-   өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау;

-   шығын мен түсімнің оптималды арақатынасын анықтау мен бағалау.

Тауар, жұмыс және қызметтің өзіндік құнын талдау үшін ақпараттық база болып есеп мәліметтері, өзіндік құнның есептік және жоспарлық калькуляциялары, негізгі және қосымша өндіріс бойынша шығындардың синтетикалық және аналитикалық есебі табылады.


7-Тақырып Нормативтік калькуляция

Дәріс мақсаты: Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтау


Сұрақтары:

  1. Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері

  2. Өндірістегі нақты шығындар есебі мен нақты өзіндік құнды калькуляциялау қағидаттары.




  1. Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері

Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.

Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:

• шаруашылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақытылы ескерту;

• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.

Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.

Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.

Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:


  1. Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердің санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.

  1. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.

  2. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.

  3. Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау.

  4. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.

Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:

• сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;

• жоспармен үйлеспейтін (келіспейтін) операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын, яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет.

• шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау;

• тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;

• қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.



  1. Өндірістегі нақты шығындар есебі мен нақты өзіндік құнды калькуляциялау қағидаттары.

Нақты шығындарға — кәсіпорынның пайдаланған ресурстары үшін төлейтін төлемдері жатады. Оларға шикізат, материалдар, отын, энергия, персоналдардың еңбекақысы, амортизация, көлік, сақтандыру және басқа өнім өндіру мен сату үшін жұмсалған шығындар жатады. Өнім өндірумен бірге, сатуға жұмсалған шығындар жиынтығы өнімнің толық өзіндік құнын құрайды. Сонымен бірге, өнімнің толық өзіндік құны тауарлық өнімді өндіруге кеткен шығындар динамикасы мен деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне жатады.

Нақты шығындар оперативті құжаттарда, қаржы есептерінде есептелгендіктен бухгалтерлік шығындар деп те аталады.

Экономикада шығындардың балама түрлері шығындарды жоспарлауда, болжауда қолданылады. Шығындар ең үздік баламалы түрде пайдалану тұрғысынан қарастырылса, оларды жіктелген шығындар деп атайды.
Мұндай шығындар балама нұсқалары бар болған кезде пайда болады.
Оларды есептеу оңайға соқпайды, сондықтан экономикалық шешімдер қабылдау кезінде есепке алынады. Ондай шығындар өзінің құрамына сыртқы шығындар (жабдықтаушыларға сатып алған ресурстар үшін төлем төлеу шығындары) мен ішкі шығындарды (фирмаға қарасты ресурстарды пайдалану шығындары) қамтиды. Фирмаға қатысты мұндай ішкі шығындар баламалы түрдегі ең ұтымды ресурстарды пайдалануға байланысты есептелген
төлемақы шығындарына тең болады. Мұндай шығындар нақты емес немесе имплицитті  шығындар деп те аталады. Сонымен қатар, баламалы шығындар ресурстардың шектеулі кезінде пайда болатындығын атап өткен жөн. Егер де ресурстар шектеулі болмаса, жіктелген шығындар нөлге тең болады.  Балама шығындары кейде қосымша шығындар деп те аталады.

Қайтарылмайтын шығындар деп қандай жағдай болмасын қайтарылмайтын, бір рет қана жұмсалатын шығындарды айтады.


Сондықтан олар кәсіпорынның ағымдығы операцияларымен ешқандай байланыста болмайды. Ондай шығындарға жанама шығындарды жатқызуға болады.

Шығындардың мұндай түрлері экономикалық тұрғыдағы басқару шешімдерін қабылдауда ескеріледі. Шығындарды бағалау тәсілдерінде экономистер мен бухгалтерлердің атқаратын функциялары арасындағы айырмашылық анықталады. Экономистер ресурстарды жұмсаудың бірнеше баламалы жолдарын іздестіру үшін талдау жұмыстарын жүргізеді.


Олар бұл проблеманы шешуді жан-жақты талқылап, содан кейін экономикалық табыс табу жолдарын қарастырады.

Экономикалық пайда дегеніміз түсім мен барлық жіктелген шығындардың арасындағы айырманы көрсетеді. Бухгалтерлер нақты жұмсалған шығындарды есептеумен қатар, нақты (бухгалтерлік)


шығындарды және  бухгалтерлік табыс көлемін бағалайды. Бухгалтерлік табысқа түсім мен нақты шығындардың арасындағы айырма жатады.

Кәсіпорынның оперативті қызметі бухгалтерлік шығындар мен бухгалтерлік табысты есептеу  және бағалаумен тікелей байланысты болса, ал экономикалық табыс бизнес-жоспар, инвестициялық жобалар жасауда есептеледі. Кәсіпорын жұмысының уақыт мерзіміне және де өнім көлемінің өзгеру және өзгермеуіне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.

Тұрақты шығындарға өнім өндіру көлемінің өзгеруіне қарамастан тұрақты болып қала беретін қысқа мерзімде өзгермейтін шығындар жатады.  Оларға әкімшілік персоналдық еңбек ақысы, үй-ғимараттың жал ақысы,
құрал-жабдықтың амортизациясы сияқты шығын түрлері жатады.
Өндіріс көлемінің артуынан бір өнімге келетін тұрақты шығындар азаяды. Сондықтан кәсіпорын үшін тұрақты шығындарды есептеу қажеттілігі пайда болады.

Өз кезегінде тұрақты шығындар қалдық және старттық шығындар  болып екі топқа бөлінеді. Қалдық шығындарға өнім өндіру мен сату жұмыстары толық тоқтатылса да, кәсіпорында әрі қарай орын алатын тұрақты шығындардың бір бөлігін атайды. Старттық шығындарға өнім өндіру мен сатуда қалпына келтіруге болатын тұрақты шығындардың бөлігі саналады.

Айнымалы (өзгермелі) шығындарға қысқа мерзімде өнім өндіру көлемінің артуы немесе азаюына қарай өзгеріп отыратын шығындардың түрлері жатады. Мысалы, оларға шикізат пен материалдар, энергия, негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбекақысы шығын түрлерін жатқызуға болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты кейбір кезде шығындар әрі тұрақты, әрі өзгермелі болып келуі де мүмкін.

Тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды құрайды.

Кейбір жағдайда шығындар аралас шығындар болып келеді.
Олардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындар  компоненттері орын алуы мүмкін. Барлық тікелей шығындар өзгермелі шығындар болуы мүмкін, ал жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындардың құрамдас бөліктері болады. Мысалы, телефонға төлейтін айлық төлемде абоненттік төлем тұрақты бөлігін құраса, ал өзгермелі бөлігіне қалааралық және халықаралық телефон сөйлесулерінің саны мен ұзақығына қарай төленетін ақыны жатқызуға болады. Сондықан шығындарды есептеуде тұрақты және өзгермелі шығындардың арасындағы айырмашылықты нақты көрсету қажет болады.

Қабылданатын басқару шешімдерінің ерекшелігіне байланысты шығындар релевантты және релевантты емес болып бөлінеді.


Релевантты шығындарға басқару шешімін қабылдауда маңызды рөл атқаратын шығындар кіреді. Жеке алғанда, өткен мерзім шығындары релевантты бола алмайды, себебі оларға әсер ету мүмкін емес. Сонымен қатар, жіктелген шығындар (мәселен, жоғалтылған пайда) басқару шешімдерін қабылдау үшін релевантты болады. Қабылданатын шешімдердің нәтижелеріне ерекше әсер етуіне байланысты шығындар тиімді және тиімсіз болып бөлінеді.

Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол жеткізілсе, ондай шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.

Тиімсіз шығындар өнімсіз шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді.
Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады.
Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған
жоғалтуларды жатқызуға болады. Тиімсіз шығындарды бөліп көрсету жоспарлау мен мөлшерлеуде жоғалтуларды болдырмау үшін қажет болады.

Қабылданған басқару шешімдері жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болуы тиіс. Өндірістік және коммерциялық қызметті орындауға байланысты болжанатын шығындар жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болады.

Жоспарланатын шығындарға кәсіпорынның шаруашылық қызметіне туындайтын және өндіріс шығындарының сметасында қарастырылған кәсіпорынның тиімділігі  жоғары шығындары жатады. Олар нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға сәйкес есептеліп, өнімнің жоспарлы толық өзіндік құнының құрамына кіреді.

Жоспарланбайтын шығындарға тиімсіз шығындардың түрлері жатады. Олар кәсіпорынның қолайсыз шаруашылық жағдайынан пайда болады немесе олардың болмауы да мүмкін. Мұндай шығындар тікелей жоғалтулар болғандықтан өндіріс шығындарының сметасына кірмейді. Олар тек тауарлық өнімнің нақты толық өзіндік құнында және бухгалтерлік есептің сәйкес есепшоттарында бейнеленеді. Оларға ақаулар мен өндірісте әртүрлі себептерге байланысты болатын тоқтаулардан болған жоғалтулар кіреді. Оларды жеке есептеу алдын-алу шараларын жүргізу үшін қажет болады.

Шығындарды басқаруда кәсіпорында қолданылатын нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға қатысты шығындарды топтау басты мәнге ие болады. Осы мәнге байланысты өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндірістік үрдісте пайда болған нормалар байынша ағымдық жылдың басында бекітілген шығындар топталады. Нормативтік есептің негізінде шығындарды бұлай бөлу өндіріс шығындарының деңгейін ағымдық оперативтік деп бөлудің басты құралы болып табылады.

Жоғарыда келтірілген жіктемеде кәсіпорын қызметінің функциясы мен сферасына байланысты шығындары топтастырылған. Осы белгі бойынша шығындар жабдықтау-дайындау  технологиялық, коммерциялық-өткізу және ұйымдастыру-басқару болып бөлінеді.

Мұндай жіктеме функционалдық есепті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Соның әсеріне шығындар кәсіпорын қызметінің функциялары және сфера шеңберінде, содан кейін калькуляция объектісі бойынша жинақталады.  Шығындардың функционалдық есебі ішкі шаруашылық есепті күшейтуге және шығындар орталықтары арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуекелділікті күшейтуге және жұмсалған шығындар жөнінде ақпараттарды нақты және дәл беруді қамтамасыз етеді. Бұл менеджерлерге өнім өткізу жолдары, бағасы, құрамы және түрлері жөнінде басқару шешімдерін қабылдауға және кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.

Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі қарастырылды, енді келесі бөлімшеде шығындарды басқару мен талдауды қарстырамыз.


Бақылау сұрақтары:

  1. Өнімнің өзіндік құнын бағалаған кезде қай әдістің қолданылуы тиімді және неге?

  2. Келесі процеске және аяқталмаған өндіріске жіберу кезіндегі өндіріс шығындарын орташа құн әдісімен бағалауға сипаттама береңіз.

  3. Эквивалентті бірлік қашан қолданылады?

  4. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі тапсырыстық әдісінен айырмашылығын атаңыз


Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*

2.Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы 2006 ж.

3. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. М., Аудит, 1998 г. *


8 тақырып. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы

Дәріс мақсаты: Ауытқуларды қолдану менеджерлерге операциялық қызметті жоспарлау мен бақылауға көмектесу



Сұрақтары:

1. «Ауытқу» түсінігі: қолайлы жэне қолайсыз ауытқулар.



2. Негізгі материалдар бойынша ауытқулар.

3. Негізгі еңбек бойынша ауытқулар.

4. Өндірістік үстеме шығындар бойынша ауытқулар.


  1. «Ауытқу» түсінігі: қолайлы жэне қолайсыз ауытқулар.

Ауытқу дегеніміз – нақты және сметада жоспарланған мәннің арасындағы айырма.

Ауытқуларды қолдану менеджерлерге операциялық қызметті жоспарлау мен бақылауға көмектеседі. Ауытқулар арқылы басқару дегеніміз- сметада жоспарланған нәтижелермен сәйкес болмайтын салаларға менеджерлер көңіл бөліп, ал сәйкес келгендерге кем көңіл бөлуі.Өзіндік құнның нормативтік төлемдер бойынша калькуляциясы.

Өнімнің бір данасына кеткен сметалық шығындар нормативтік шығындар деп аталады. Олар негізінен операциялық тиімділікті өлшеу үшін қолданылады және тәжірибе нәтижесінде немесе ағымдағы шарттардан енгізілуі мүмкін.

Нормативтік шығындар идеалды немесе практикалық болуы мүмкін.



Идеалды шығындар өнімді жасауға қажетті шығындардың ең кіші мөлшері негізінде құрылады. Ал практикалық шығындар өнім өндірісінде қол жететін шығындарды көрсетеді. Әдетте өнімнің қалыпты шығындары қосылады. Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құнның калькуляциясының қолданудың мақсаты- жоспарлау, бақылау және шешім қабылдауда қолдану үшін нақты нормативтік шығындарды анықтау болып табылады. Нақты шығындар нормативтік шығындардан өзгеше болады. Бұл айырма ауытқу деп аталады. Егер нақты шығындар нормативтік шығындардан кем болса, онда ауытқу- қолайлы, ал нақты шығындар нормативтік шығындардан артса, ауытқу қолайсыз болып табылады.


  1. Негізгі материалдар бойынша ауытқулар.

Өндірісте материалдар қатаң белгіленген лимиттер шегінде беріледі. Материалдардың берілуін лимиттеу ай басында цехтарда жұмсалған материалдардың деңгейін ескере отырып, материалдардың шығынын қолданыста жүрген прогресшіл нормалардың негізінде нысаналы түрде жүзеге асырады.

Материалдардын жоспардан тыс босатылуына құжаттар жасау, материалдарға жедел бақылау жасау және оларды жоспардан тыс босатуға алып келген себептерін талдауды қамтамасыз ету керек.

Ақауға шығарылған өнімнің орнын қалыпка келтіру үшін кажетті материалдарды алуға ақау туралы актілер негіз болады. Онда бұйымның, белшектің коды, өнімнің акауға шығарьшған тапсырыс нөмірі көрсетіледі. Өндірістегі шикізат пен материалдардың сандық есебі жоспарлау бөлімінде, ал құндық есебі бухгалтерияда жүргізіледі.

Нормалардан ауытқуларды есепке алу шикізат пен материалдарға, олардың жұмсалуын нормалауға және өндірістік технологиялық процесіне байланысты ұйымдастырылады. Нормалардан ауыткуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану және тағы басқа осы секілді факторлар әсер етеді. Материалдар шығыны бойынша нормалардан ауытқуларды анықтау үшін материалдарды кұжаттау, түгелдеу тағы басқа да шаралар жүргізіледі.

Кұжаттау әдісі материалдарды ауыстыру салдарынан туындайтын ауытқуларды, сондай-ақ жеке-дара материалдардың нормадан артық жұмсалғанын анықтау үшін пайдаланады. Жеке-дара материалдардың шығынын, сондай-ақ материалдардың ауыстырылуымен байланысты ауытқуларды арнайы (дабылдық) құжаттармен рәсімдейді.

Әрбір келіп түскен материалдың партиясын саястарын көру әдісі өндіріске босатылған, қымбат тұратын (тері, тоқыма және тағы басқа) материалдардың әрбір партиясы бойынша олардың нормадан ауытқуын анықтау үшін қолданылады.

Қолданып жүрген нормадан ауытқуды партиялардың шығыс нормасын шығарылған өнімнің нақты шығысымен салыстыру аркылы анықтайды. Егер де бұл аталған әдісті қолдану қиындық тудырса, онда оның орнына инвентарлық әдісті қолданады.

Инвентарлық әдісте материалдардың нақты шығысын белгіленген норма шығысымен салыстыру арқылы айлық , он күндік, бес күндік, бір ауысымдық (сменалық) ауытқуларын анықтайды. Материалдардың іс жүзіндегі шығынын анықтау үшін: ауысымның, бес күндіктің, он күндіктің басына немесе әр айдың бірінші жұмыс күніне жұмсалмаған материалдарды түгелдеу (инвентаризация) жүргізеді. Ауытқуларды анықтау, есепке алу үшін кәсіпорынның жоспарлау-диспетчерлік бюросы материалдарды жұмсау картасын жүргізеді. Онда материалдар жұмсаудың ағымдық нормасы, сол материалдан жасалған бұйымдардың (бөлшектердің) саны көрсетелеуді. Бұйымдардың (бөлшектердің) саны жұмысшылардың жасап шығарған есеп мәліметтерінің негізінде анықталады. [19]

Есеп деректері (мәліметтері) бойынша оқтын-оқтын қолданылып жүрген нормалардан материал шығындарының ауытқуы туралы цехтар есеп беріп отырады.
Тікелей материалдар мен тікелей еңбек үшін ауытқудың 2 түрі қарастырылады: баға немесе қойылым бойынша ауытқу. Ауытқуларды есептеу (1) теңдеу немесе (2) схема түрінде көрсетілуі мүмкін.

(1)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет