Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/9
Дата24.04.2017
өлшемі4,3 Mb.
#14763
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Басқару есебі» пәні бойынша

«5В050800-Есеп және аудит» мамандығы



Алматы, 2012 г.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындаған аға оқытушы ________________________________________________________________________________

Кафедраның мәжілісінде талқыланып ұсынылған ____________________, қаулы № ____ «___» ________ 20_ ж.

Кафедра меңгерушісі «_________» э.ғ.к, профессор Штиллер М.В

(қолы)
Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданған ____________________, қаулы № ____ «___» ________________ 20_ ж.


Академияның оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _____________п.ғ.д., профессор Машанова Р.К

. (қолы)

Мазмұны

бет









Бет



Пәннің типтік оқу бағдарламасы






Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы






Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)






СОӨЖ жүргізу графигі






СӨЖ тапсырмаларын орындау және өткізу графигі






Дәрістер кешені






Тәжірибе (семинар) сабақтарын орындау бойынша әдістемелік нұсқау






Зертханалық сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау






Студенттің оқытушының басшылығымен өздік жұмыстарды орындауы бойынша әдістемелік нұсқау






Студенттің өздік жұмысты орындауы бойынша әдістемелік нұсқау






Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы






ТИТПІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
БАСҚАРУ ЕСЕБІ

ВЕ 3304 БАСҚАРУ ЕСЕБІ

3 кредит

АЛҒЫСӨЗ
Т. Рысқулов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.

ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: э.ғ.к., профессор В.А. Арышев –«Тұран» университеті; э.ғ.к., доцент Р.А. Төлегенова-Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 30 желтоқсан № 611 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

Типтік оку бағдарламасы мемлекетгік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «050508 - Есеп және аудит» Мамандығы бойынша ӘЗІРЛЕНГЕН.

Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

ҚАРАЛДЫ 2009 жыл 25 маусым № 1 хаттама


ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАХАТ

«Басқару есебі» пәні бойынша бағдарлама халықаралық білім беру ставдарттарын дамыған шетелдердің оқу орындарындағы білім беру жүйесі мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибісін ескере отырып қарастырылды.

Басқару есебінде бухгалтерлік ақпаратгың қалыптасу қағидаттары үш бағытта қолданылады.

Бірінші бағыты - өндірістік есеп, негізгі мақсаты өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын анықтау үшін өндірісті шығындар және оны сатудан күтілетін табыс туралы есеп мәліметтерін алу болып табылады. Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі, материалдардың қозғалысы мен олардың өндірісте қолдануының есебін ұйымдастыру, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі өндірістік үстеме шығындар есебі және олардың жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына жатқызу тәртібі, сонымен қатар шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын кальқуляциялаудың жеке әдістерін қолдану - тапсырыстық, үрдіс-пе-үрдіс, қайта бөлу т.с.с - сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, кешенді өндірістің жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау және кысқартылған (тұрақты шығындарсыз), және шығындарды толық тарату калькуляциясын қарастырады.

Екінші бағыты - алынған нақты шығындар мен есептік өзіндік құн туралы ақпараттарды болашақтағы өндірістік шығындарды; болжау үшін пайдалану, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін барлық деңгейдегі (цехтар, өндірістер, фирмалар) басшыларды осы ақпаратпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бюджеттеу және нормативтік әдіс негізінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен нормалардан ауытқуларды анықтау сұрақтары да қарастырылады.

Үшінші бағыты - басқару шешімдерін қабылдау мақсатында ақпаратты қалыптастыру. Өндірістің зиянсыздығын талдау әдістері, ұзақ мерзімді қаржы салымдарының шешімдерін қабылдау әдістемелері мен кағидаттары, баға қалыптасуының және күрделі қаржы салымдары өтелімділігі қарастырылады.

Басқару есебінде бухгалтерлік есептің әдістері мен қоса талдаудың дәстүрлі әдістері де қолданылады.
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
1-тақырып. Басқару есебі туралы негізгі түсінік.

2-такырып. Шығындардың жіктелуі.

3-тақырып. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру.

4-тақырып. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік калькуляциялау әдістер. Үрдіс-пе - үрдіс калькуляциясы.

5-тақырып. Тапсырыстық калькуляция.

6-тақырып. Функционалды калькуляция.

7-тақырып. Нормативтік калькуляция.

8-тақырып. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы.

9-тақырып. Стандарттық калькуляция.

10-тақырып. Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау.

11 -тақырып. Зиянсыздықты талдау.

12-тақырып. Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

13-тақырып. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау.

14-такырып. Басқару шешімдерін қабылдау.

15-тақырып. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1-тақырып. Басқару есебі туралы негізгі түсінік
Басқару есебінің мәнінің анықтамасы. Басқару есебінің функциялары: операциялық бақылау, өнімнің өзіндік құнын кальқуляциялау, басқарушылық бақылау және стратегиялық бақылау. Басқару есебінің сапалық сипаттамасы: орындылық, түсініктілік,уақыттылық, сәйкестілік, объективтілік, сенімділік, толықтылық шығындар \ пайдалылық критериі. Басқару және қаржылық есеп жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы: есеп жүргізу міндеттілігі ақпаратты пайдаланушылар, жүргізілу тәртібі, уақытқа тәуелділігі , ақпараттың дәлдік дәрежесі, есептілікті ұсыну кезеңдідлігі мен мерзімі, есепті дұрыс жүргізу үшін жауапкершілігі. Басқару есебінің ақпараттарын пайдаланушылары.

Шешім қабылдаудағы басқару есебінің рөлі. Басқару үрдіс (менеджмент). Басқару үрдісіндегі талдаушы- бухгалтердің рөлі. Кәсіби этика. Жауапкершілік орталығы (шығындар орталығы, пайда орталығы және инвестиция орталығы). Өндірістік есеп және оның басқарудағы рөлі. Басқару есебі мен өндірістік есебі арасындағы байланыс.


2-тақырып. Шыгындардың жіктелуі
«Шығындар және шығыстар» туралы тусінік. Шығындар - басқару есебінің негізгі бір объектісі ретінде. «Шығынның пайда болу орны», «шығынды тасымалдаушы», «жауапкеришілік орталығы» туралы түсінік.

Қорларды бағалау үшін шығындардың жіктелуі: өнімге жұмсалатын шығындар мен кезең шығындары, тікелей және жанама шығындар, өндірілген және сатылған өнімдердің өзіндік құны туралы есеп.

Шешімдер қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: шығындардың сипаты, тұрақты және айнымалы шығындар, шартты - айнымалы және шартгы- тұрақты шығындар, жинақталған шығындар және жоғары мен төмен мәндер әдісі, инженерлік және регрессиялық талдау; релевантгы және релевантты шығындар, қайтарылмайтын шығындар, баламалы (жорамалдағы шығындар, инкрементті (өспелі) және маржиналды шығыңдар.

Жоспарлау және бақылау үшін шығындардың жіктелуі: іс жүзіндегі шығындармен салыстырғандағы нормативтік (стандартты) шығындар, бақыланатын және бақыланбайтын шығындар.


3-тақырып. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
Шығындарды топтастыру және бөліп тарату. Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері. Негізгі өндіріс есебі. Көмекші өндіріс есебі. Өз өндірісіндегі жартылай фабрикатгар есебі. Өндірістік шығындар есебі: материалдар есебі. Материалдарды бақылау циклі. Қорлардың өзіндік құнын бағалау (баламалы жүйелер және қорларды басқару моделдері, «дәл мерзімде» (ЛТ) сатып алу. Өндіріс шығындарының есебі: еңбек шығындары есебі. Еңбек ақы төлеу әдістері, еңбектің тиімділігін есептеу. Еңбек ақы шығындарын есепке алу. Жұмыс күшінің ағымдылығы мең тиімділігі коэффициенті. Үстеме шығындар есебі. Өндірістік емес жауапкершілік орталықтары шығындарын өндіріс бөлімшелері арасында қайта бөлу. Бөлу әдістері мен базасын талдау. Шығындарды тікелей, қайта бөлу, қадамдық бөлу және тендеулер жүйесі әдістерінің мәні мен қолдану өрісі. Кем және артық таратылған өндірістік үстеме шығындар есебінің әдістері.
4-тақырьш. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістер. Үрдіс-пе-үрдіс калькуляция
Өнімнің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құны - ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші. Өзіндік құн құрамы мен түрлері.

Басқару есебіндегі өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнына қосылатын шығындардың құрамы. Калькуляция баптары бойынша өнім өндіруге кеткен шығындар есебі.

Өнімнің (жұмыс, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдіс-пе - үрдіс әдісі: оның айрықша ерекшеліктері мен қолдану өрісі (қызмет, жұмыс). Эквивалентгік бірліктің түсінігі. Материалдардың және қосылған шығындардың эквиваленттік бірлігі. Эквиваленттік өндіріс: нормативтік және нормативтен тыс жоғалтулар.

Кезең басындағы аяқталмаған өндіріс. Әр түрлі деңгейдегі аякталған өзіндік құн элементтері. Алдыңғы үрдістегі өнімнің өзіндік құны. . және орташа өзіндік құн әдістері бойынша шығындарды калькуляциялау.

Үрдіс-пе-үрдіс кальқуляциялау сатылары: өндірістің шартты көлемін есептеу; өнім бірлігінің өзіндік құнын талдау; жиынтық өзіндік құнды есептеу.
5-тақырып. Тапсырыстық калькуляция
Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын кальқуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Есептің тапсырыстық әдісі: қолдану өрісі мен оның айрықша ерекшеліктері. Тікелей шығындар есебі (материалдық және еңбек ақы шығындары) және оның тапсырыстық калькуляция жүйесіндегі тапсырысқа апару тәртібі. Өндірістік үстеме шығындар есебі. Орындалған тапсырыс және өткізілген өнім есебі. Тапсырыс, контракт бойынша өзіндік құнда калькуляциялау. Ақауды жөндеу шығындары мен қалдықтар есебі Аяқталған контрактардан алынған пайда есебі. Аяқталмаған өндірісті бағалау және тапсырыс бойынша толықтыру сомасы.
6-тақырып. Функционалды калькуляция

Шығынды бөлудің функционалды жүйесі. Сипаттамасы ұқсастығы мен айырмашылығы. Шығын топтары, шығынды тасымалдаушылар, қызмет түрлері бойынша шығын орталықтары. Шығынның мақсаттық калькуляциясы. Шығын калькуляциясынның басқа да әдістері.


7-тақырып. Нормативтік калькуляция
Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері: нақты және нормативтік шығындар есебі. Өндірістегі нақты шығындар есебі мен нақты өзіндік құнды калькуляциялау қағидаттары.

Әдістің артықшылығы мен кемшіліктері.

Нормативтік (стандартты, бюджеттік) шығындарға түсінігі.

Жеке нормативтерді қалыптастыру тәртібі. Ұйымның нормативті базасына қойылатын талаптар.


8-тақырып. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы

«Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуьша түрткі болатын себептер. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар. Негізгі материалдар бойынша ауытқулар (бағасы мен материалдардың пайдаланылуы бойынша ауытқулар); негізгі еңбек бойынша (тиімділік және төлем мөлшері бойынша ауытқуы); айнымалы үстеме шығындар бойынша ауытқулар (шығындар мен тиімділік бойынша ауытқулар); тұрақты үстеме шығындар бойынша (смета және өндіріс көлемі бойынша ауытқулар); Жалпы ауытқулар.

Өнім бірлігінің нормативтік шырындарының элементтері: тікелей материалдардың нормативтік бағасы; тікелей материалдардың нормативтік саны; нормативтік жұмыс уақыты (тікелей еңбек шығыны бойынша); тікелей еңбек төлемінің нормативтік мөлшері; айныалы және тұрақты үстеме шығыңдардың нормативтік коэфициенті.

Тікелей материалдардың, тікелей еңбектің, үстеме шығындардың нормативтік шығындарын есептеу тәртібі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда нормативтік шығыңдарды пайдалану.

Норма және нормадан ауытку бойынша шығындар есебі. Нормативтік әдістің қағидаттары. Нормативтік әдістің модификациялары (нормативтік шығындардың толық және толық емес есебі).
9-тақырып. Стандарттық калькуляция
«Стандарт - кост» жүйесі шығындар есебі мен калькуляциялаудың нормативтік әдісінің жалғасы ретінде (норматитивтік әдістің «стандарт - кост» жүйесінен айырықша ерекшеліктері). Стандарттық өзіндік құн алгоритмі. Ауытқуларды талдау шығындарды бақылау құралы ретінде. Ауытқуларды есептеу және оларды талдау. Ауытқулар түрлері: тікелей материалдық шығындар ауытқуы; тікелей еңбек шығындарының ауытқуы; үстеме шығындар ауытқуы. Бақыланатын және бақыланбайтын (ауытқулар). Ауытқулардың пайда болу себептерін анықтау. Қолайсыз ауытқулардың пайда болу себептерін жедел жою. Ауытқуларды ссептеу сатылары және оларды бухгалтерлік есеп шоттарына жазу. Ақаудың құнын анықтау. Нақты үстеме шығындарды стандарттықпен салыстыру.
10- Тақырып. Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау;

Шығындарды толық үлестіру (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау; өнімнің ( жұмыстың, қызметтің) өзіндік құн құрамындағы тікелей және жанама шығындар есебі. Айнымалы шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы. «Толық емес (келісілген) құн» түсінігі. «Директ-костинг» жүйесіндегі есептік жазбалар. Шығындар есебі әдісінің өзіндік құнға, пайдаға және өндірістік қорларды бағалауға әсері.

«Маржиналдық табыс түсінігі». Маржиналдық әдіс пен толық шығындар есебін қолдану арқылы пайдасы мен зияны туралы есебі. Операциялық пайданы есептеу тәртібі.

«Директ-костинг» жүйесінің толық шығындар есебі жүйесімен салыстырғандағы негізгі артықшылықтары.

Екі калькуляциялау әдісінің пайда мөлшеріне әсерінің салыстырмалы талдауы.

Екі калькуляциялау әдісінің пайда мөлшеріне әсерінің салыстырмалы талдауы.


11- Тақырып. Зиянсыздықты талдау
Зиянсыздықты талдау:оның мақсаты мен тәсілдері. Зиянсыздық нүктесі және мақсатты пайда. Пайданың табыстар мен шығыстарға тәуелділігін талдау әдістері: теңдеулер әдісі, жалпы пайда әдісі (маржиналдық табыс), графикалық әдіс. Ұйымның зиянсыздық графигін құру тәртібі және қатерлі нүктені анықтау (тепе-теңдік нүктесі). Қауіпсіздік маржасы. Операциялық тұтқа. «Шығын-өнім көлемі-пайда» талдауы кезінде қабылданған ескерулер
12. Тақырып Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөлек шығындар. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды тарату әдістері: натуралды бірлік әдісі, сатудың таза құн әдісі, жалпы пайданың тұрақты үлес әдісі. Шешімдер қабылдау кезіндегі кешенді шығындарды тарату жүйесінің кемшіліктері. Жанама өнім есебі.


13-тақырып. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау

Бюджеттеудің мақсаты мен міндеттері. Ұйым бюджетінің функциялары. Бюджеттеу үрдісінің сатылары. Сату келемін жоспарлаудың қиындықтары. Кәсіпорын тарапынан бақыланбайтын (инвесторлардың сатудан түскен түсімге әсері (бәсекелестердің қызметі, жеткізушілер мен сатып алушылардың түрақтылығы, жарнамалардың нәтижелілігі және басқалар).

Негізгі бюджет үшін функционалды смета құру мысалы. Бюджет түрлері: негізгі бюджетті құрудағы негіз ретіндегі сату бюджеті. Өндіріс бюджеті. Материалдар бюджеті. Еңбек бюджеті. Ондірістік үстеме шығындар бюджеті. Өндірістік өзіндік құн бюджеті. Коммерциялық және әкімшілік шығыстар бюджеті.

Пайда мен зиян бюджетін, ақша қаражаттары бюджетін, бюджеттік бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрастыру тәртібі. Ұйымның жоспарлау жұмысындағы бұл құжаттардың мәні.

Сметалық бақылау жүйесіне кіріспе. Икемді сметаны құру.
14-тақырып. Басқару шешімдерін қабылдау
Шешімдер қабылдау үрдісіндегі есептік ақпарат. «Релевантты ақпарат» түсінігі. Басқарудағы релеванттық көзқарас. Алдағы кезеңдегі релеванттық шығындар мен табыстардың анықтамасы.

Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау.

Бағалық шешімдер қабылдау. Баға қалыптастыруға байланысты шешімге әсер ететін негізгі факторлар. Баға қалыптастыру: Шығындар - плюс. Үстеме пайызын анықтау. Мақсатты баға қолыптастыру. Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру. Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау үшін толық және айнымалы шығындар есебінің әдістерін қолдану. Өзіндік құнан төмен баға бойынша арнайы тапсырыстарды орындаумен байланысты шешімдер қабылдау үшін релевантты ақпараттар. Қосымша шығарылатын өнімді сатуға мүмкін бағаны анықтау. Өндіріс көлемін арттырумен байланысты бағаны төмендету туралы шешімдер. Шектеу факторларын ескере отырып өндірілетін құрылымын анықтау.
15-тақырып. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
Күрделі қаржы салымы сметасын құрудың мақсаты мен сатылары. Инвестицияны бағалаудың дисконттық емес әдістері өтелімділіқ әдісі және өтелімділіктің есептік коэффициенті. Инвестицияны бағалаудың дисконттық әдістері: дисконтталған ағымы, таза келтірілген құн (NPV), табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR). Таза келтірілген құн мен табыстылықтың ішкі мөлшерін салыстыру.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ
1-тақырып. Басқару есебі туралы жалпы түсінік

1. Басқару қызметіндегі басқару есебінің рөлі.

2. Бухгалтерлік ақпарттарды пайдаланушылар.

3. Басқару және қаржылық есебінің салыстырмалы сипатта масы.

4. Шешімдер қабылдау үрдісі.

5. Басқару үрдісіндегі талдаушы-бухгалтердің рөлі.


2-тақырып. Шығындардың жіктелуі

1. Өндірістік шығындардың жіктелуі (элементгері бойынша)

2. Шешімдер қабылдау мен жоспарлау үшін шығындарды жіктелуі.

3. Бақылау мен реттеу үрдісін жүзеге асыру үшін шығындардың жіктелуі.

4. Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп.
3-тақырып. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру

1. Калькуляция баптары бойынша шығындар есебі.

2. Негізгі және қосалқы өндіріс шығындары есебі.

3. Үстеме шығындар есебі мен оның бөліп таратылуы.

4. Материалдар есебі.

5. Еңбек шығындары есебі.

6. Өз өндірісіндегі жартылай өнімдер есебі.
4-тақырып. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Үрдіс-де-үрдіс калькуляциясы

1. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік қүны - ұйым қызметінің сапалық көрсеткіші. Өзіндік құнның құрамы мен түрлері.

2. Басқару есебіндегі өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына кіретін шығыңдар құрамы.

3. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдіс-пен-үрдіс әдісі: оның айрықша ерекшеліктері мен қолдану аясы.

4. Эквиваленттік бірлік түсінігі.

5. Материалдық және қосымша шығындардың эквиваленттік бірлігі. Эквиваленттік өндіріс: нормативтік және нормативтен артық жоғалтулар.

6. Әртүрлі деңгейдегі аяқталулардың өзіндік құн элементтері.

7. . және орташа өзіндік құн әдістері бойынша шығындарды калькуляциялау.


5-тақырып. Тапсырыстық калькуляция
1. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құның калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі.

2. Тікелей шығындар есебі (материалдық және еңбек шығындары).

3. Өндірістік үстеме шығындар есебі.

4. Орындалған тапсырыстар мен сатылған өнімдер есебі.

5. Тапсырыс және контракттың өзіндік құны калькуляциясы.

6-тақырып. Функционалды калькуляция

1. Шығындарды бөлудің функционалды жүйесі.

2. Шығын топтары, шығынды тасымалдаушылар, қызметтер бойынша шығын орталықгары.

3. Шығынның мақсаттық калькуляциясы.

4. Шығын калькуляциясының басқа да әдістері.


7-тақырып. Нормативтік калькуляция

1. Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясының мақсаты.

2. Нормативтік және нақты шығындар есебі.

3. Норматив түрлері.

4. Жеке нормативтер қабылдау тәртібі.
8-тақырып. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы

1. «Ауытқу» түсінігі: қолайлы жэне қолайсыз ауытқулар.

2. Негізгі материалдар бойынша ауытқулар.

3. Негізгі еңбек бойынша ауытқулар.

4. Өндірістік үстеме шығындар бойынша ауытқулар.

5. Өнім бірлігінінің нормативтік шығындар элементі.

6. Тікелей материалдар, тікелей еңбек, үстеме шығындар бойынша нормативтік шығындарды есептеу тәртібі.

7. Ауытқуларды басқару.


9-тақырып. Стандарттық калькуляция

1. «Стандарт-кост» жүйесі шығындар есебі мен өзіндік құның калькуляциялаудың нормативтік әдісінің негізі ретінде.

2. Стандарттық өзіндік құн алгоритмі.

3. Нақты үстеме шығындарды стандарттық шығынмен салыстыптыру.


10-тақырып. Шығындардың толық үлестірілуі (абзорпшн костинг) және айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау

1. Шығындардың толық үлестірілуі (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау.

2. Шығындар есебі әдісінің өзіндік құнға, пайдаға және өндірістік қорларды бағалауға әсері.

3. Маржиналды және толық шығындар есебін қолдану арқылы ұйымдардың пайдасы мен залалы есебі.

4. Операциондық пайданы есептеу тәртібі.

5. Екі калькуляциялау әдісінің пайда көлеміне әсерінің салыстырмалы талдауы.


11-тақырып . Зиянсыздықты талдау

1. Зиянсыздық нүктесі және мақсатгы пайда.

2. Пайданың табыстар мен шығыстарға байланысты талдау әдістері: теңдеулер әдістері, жалпы пайда әдісі (маржиналды табыс), графикалық әдіс.

3. Ұйымның зиянсыздық графигін құру тәртібі және қатерлі нүктені анықтау.

4. Қауіпсіздік маржасы.

5. Операциондық тұтқа.


12-тақырып. Кешенді өндіріс шығындарыныц есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

1. Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі.

2. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды тарату әдістері.

3. Шешімдер қабылдау кезіндегі кешенді шығындарды тарату жүйесінің кемшіліктері.

4. Жанама өнім есебі.
13-тақырып. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау

1. Бюджет және оның түрлері.

2. Негізгі бюджетті құру сатылары.

3. Бюджеттік бақылау.

4. Қор деңгейін жоспарлау және бақылау
14-тақырып. Басқару шешімдерін қабылдау

1. Шешімдер кабылдау үрдісіндегі есептік ақпарат.

2. Арнайы зерттеулер: шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындарды анықтау.

3. Бағаға байланысты шешімдер қабылдау.

4. Баға қалыптастыру бойынша шешімге әсер етуші негізгі факторлар.

5. Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.


15-тақырып. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау

1. Инвестициялық шешімдер қабылдау.

2. Инвестицияны бағалаудың дисконтты әдісі.

3. Инвестицияны бағалаудың дисконтгық емес әдісі.

4. Таза келтірілген құн мен табыстылықтың ішкі мөлшерін салыстыру
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы №234- Ш, 28.02.2007 ж.

2. Международные стандарты финансовой отчетности: полного официального текста МСФО принятых в ЕС по сост. На 1 января 2008 г. - М.: Аскери - АССА, 2008

3.Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары,№ 185 200/ жылдың 23 мамырындағы Қазақстан Республикасының: қаржы Министрінің бұйрығымен бекітілген.

4.Вахрушина М.А. Бухгалтерский управленческий учет. Москва ЗАО «Финстатинформ», 2000

5. Ә.Д.Дәулетбеков, К.Т.Тайгашинова, Т.А. Тасмағанбетов. Басқарушы - өндірістік есеп. Оқу құралы. Алматы, Принт 2000

6. Друри К. Управленческий и производственный учет (перевод с англ.) М.: ЮНИТИ, 2003.

7. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. М.: ЮНИТИ, 2000

8. Карпова Т.П. Управленческий учет: Учебник - М.:ЮГ ТИ, 2003

9. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық - Алматы, Экономика, 2005.

10.Назарова В.Л. (жалпы ред. Н.Қ.Мамыров) Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Окулық. Алматы, Экономика, 2005

11. Төлегенов Э.Т. Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы, 2006

12. Хорнгрен .Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект: Пер.С англ./ Под ред. Я.В. Соколова. - М.: Финансы и статистика, 2000

13. Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж., Ш.Датар. Управлёнческий учет, Питер, 2007

14. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Терендетілген басқарушылық есеп. Алматы, Экоиомика; 2008
АВТОРЛАР

Экономика ғылымдарының докторы, црофессор С.Т. Миржақыпова; Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.С. Каипова-

Аға оқытушы Ш.М. Манапова;

Аға оқытушы А.А. Ашенова;

Аға оқьпушы К.О.Мазбаева;

Аға оқытушы Ж.Ш.Қазбекова


Алматы экономика және статистика академиясы

«_Есеп және аудит» кафедрасы

ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Басқару есебі » пәні бойынша

«Есеп және аудит» 5В050800 мамандығы





Оқыту нысаны

Күндізгі


Сырттай


Барлық кредит саны

3

3

Курс

3




Семестр

5

5

Емтихан (семестр)

5

5

Барлық сағаттар,

Соның ішінде:



135

135

Дәрістер (сағат)

30

9

Тәжірибе (семинар) сабақтары (сағат)

15

6

Зертханалық сабақтар (сағат)







СОӨЖ (сағат)

45

60

СӨЖ (сағат)

45

60


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет