Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Физика-техникалық факултеті
Ядролық физика – 307
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс.
«Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру»
Орындаған: Нұрпейсов Айкен
Рүстем Нұрдана
Дәрменқұлова Алтынай
Тексерген: Ташкеева Г
Алматы, 2019 жыл
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс.
«Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: жылу алмасу кезіндегі ыстық судың берген жылуы мен суық судың алған жылу мөлшерін салыстыру және алған нәтижені түсіндіру; оқушылардың теориялық білімдерін нығайту және практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық
Приборлар мен материалдар: өлшеуіш цилиндр, термометр, ыстық суы бар шайнек, стакан.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Зертханалық жұмыс жасауға дайындық.
Жылу алмасу дегеніміз не?
Жылу мөлшері дегеніміз не?
Денені қыздыруға қажетті жылу мөлшері қалай есептеледі?
Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
Жұмыс барысы:
Массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t1 температурасын өлшеңдер;
Стақанға дәл сондай суық су құйып, оның t2 температурасын өлшеңдер;
Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар. Алынған қоспаны термометрмен араластырып, оның t температурасын өлшеңдер;
Ыстық судың t температурасын дейін суығанда жылу мөлшерін формуласымен және суық судың осы t температураға жылығанда алған жылу мөлшерін формуласымен есептеңдер.
Ыстық судың массасы, m,кг
|
Ыстық судың бастапқы температурасы,t,0C
|
Қоспаның температурасы,
t ,0c
|
Ыстық судың берген жылу мөлшері,
Q,Дж
|
Суық судың массасы
m 1,кг
|
Суық судың бастапқы температурасы,t 2,0с
|
Суық судың алған жылу мөлшері Q2,Дж
|
|
|
|
|
|
|
| Өлшеу мен есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:
Ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырындар және тиісті қорытынды жасаңдар.
Тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынас пен есептендер:
мұндағы Q1 - суық судың алған жылу мөлшері, Q2 ыстық судың берген
жылу мөлшері.
Қорытынды шығарыңдар.
Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
Достарыңызбен бөлісу: |