1. Аудитті құжаттау 230 "Құжаттау" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында "аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға (ХАС) сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметгерді құжатпен рәсімдеуге тиісті" делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті.
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты- аудитордың аудитті нормативтік-қүқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.