Алматы экономика жєне статистика академиясы


Дәлелдемелер және олардың сипаты



бет25/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
Байланысты:
Аудит

Дәлелдемелер және олардың сипаты

Тексеру жүргізгенге дейін, тексеру процессінде сондай-ақ, оның аяқгалу кезеңінде аудитордың жинаған және дайындаған мәліметтері өткізілген аудиторлық тексерудің куәлігі (дәлелі) болып табылады. Бұл мәліметгердің бір бөлігі-аудиторлық дәлеледеулер ретінде қарас-тырылатын құжаттар немесе олардың көшірмелері.
Аудиторлық дәлеледеулер дегеніміз-аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа кездерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.
Аудитор тексерілген қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын дәлеледеу үшін өзінің жинаған дәлелдерінің жеткілікті екендігіне сенімді болуға тиісті. 200 "Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты және оны реттеуші жалпы принциптер" деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес аудит қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмаланғандықтың (қателіктің) жоқ екендігіне қатысты саналы сенімділікті қамтамасыз етуге арналған.
Саналы сенімділік дегеніміз-бұл, жалпы қаржылық қорытынды есепте елеулі қателердің (бұрмалаушылықтардың) жоқ екендігі жөнінде жоғары бірақ абсолюттік емес сенімділікті алу үшін қажетті дәледдеулерді жинауға қатысты түсінік.
Барлық қолдағы бар дәлелдеулерге егжей-тегжейлі талдау жасап, оларды бағалау аудиттің құнын көтеруі мүмкін болғандықтан, бұл мәселе бойынша айқындық кажет. Ол үшін аудиторға өзіне қандай дәлелдеулер алу қажет екендігін, оларды қаңдай көздерден және қандай процедулардың көмегімен алатындығын анықтап алу керек. Ол әділ және негізді аудиторлық қорытынды жасау үшін жиналған дәлелдердің жеткілікті әрі сапаға сәйкес келетіндігіне сенімді болуға тиісті. Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы оларды алу көздеріне байланысты.
Дәлелдеулер алудың негізгі көзі клиент әкімшілігінен, үшінші жақтан алынған, сонымен бірге аудитор өзі алған мәліметтер болуы мүмкін.
Клиент әкімшілігі дайындаған мәліметтерге төмендегі ақпарат көздерін жатқызуға болады:

  • бастапқы құжаттар, статистикалық қорытынды есеп, жарғылық құжаттар, қаржылық қорытынды есеп, есеп регистрлері;

  • талдау нәтижелері, ауызша сұхбат, салыстырулар, түгелдеу нәтижелері, басшылыққа жолдау жіберу.

Мұндай жағдайда аудиторға қаржылық қорытынды есептегі қате жіберу тәуекелдігін бағалау қиын болады. Егер аудитор бұл мәліметтерге сенім артуға шешім қабылдайтын болса, онда ол тексеруге аз уақыт шығындайды. Клиент басшылығы дайындап берген мәліметтерге қарағанда, үшінші жақтан алынған дәлелдеулер сенімдірек болады. Сонымен бірге, клиент басшылығы тарапынан қысым жасау ықтималдығы орын алды, ал аудитордың бұл ақпараттарды дайындаған үшінші жақтың жұмыскерлеріне сұрақ қою мүмкіндігі жоқ деп пайымдауға болады. Егер аудитор өзінің тікелей бақылауындағы ақпарат көздерінен алынған дәлелдеулерді пайдаланатын болса, әрине, жақсырақ болады. Бірақ, ол жеткілікті түрде күрделі және қымбат, Сондықтан аудитор үшін кәсіпорындағы шаруашылық операцияларьшың өзі жүргізген талдауы маңыздырақ, Мұндай кезде аудитор есеп құжаттарында қате көрсетілу мүмкін болғандықтан, шаруашылық операциялары жөнінде қауіпке көбірек ұшырайтьш ақпараттарды алуына болады. Бір ғана шаруашылық операциясы жөнінде бірнеше ақпарат көздерінен алынған дәлелдеулер бір кезден алынған дәлелдеулерге қарағанда әлдеқайда сенімдірек.
Дәлелдеулер алу процессін бірнеше кезеңдерге (сатыларға) бөлуге болады.
Сенімді дәлелдер алу үшін аудитордан белгілі бір процедураларды қолдану талап етіледі.
Аудиторлық процедуралар деп-аудит өткізу кезінде дәлелдеулер жинау әдістерінің жиынтығын айтады. Клиент тарапынан аудитордың алдына әртүрлі міндеттер қойылуы мүмкін болғандықтан, дәлелдеулер алу үшін қандай да бір процедураларды қолданбас бұрын, мақсатты айқындап оны негіздеу қажет. Мысалы, дайындап тапсырылған қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы мен әділеттілігін бағалау емес, жасалынған басқару шешімдерінің пайдалалығын немесе жасалынған келісімнің тиімділігін анықтау талап етіледі. Бұл мақсаттар нақтырақ. Глобалды (күрделі) мақсаттар да болуы мүмкін; меншіктің сақталуын анықтау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; жалпы өндірістің де, жекелеген өнімдердің де рентабельділігін бағалау; кәсіпорынның төлей алу қабілетін ағымдағы мерзімге ғана анықтап қоймай, келешекке де болжам жасау және т.б.
Дәлелдеулерді бағалау. Дәлеледеулерді бағалау деп—шындықты анықтау үшін жиналған дәлелдеулердің ролін логикалық және ой -санамен айқындау процессін айтады. Егер дәлелдеулердің жекелеген элементтері әртүрлі көздерден жинақтала отырып немесе әртүрлі сипатқа ие бола отырып, жүйелі түрде алынған болса, онда аудиторлық дәлелдеулер нанымдырақ (сенімдірек) болады. Мұндай жағдайда аудиторға дәлелдеулердің элементтерін жеке-жеке қарастыру нәтижесінде алынатын сол дәрежесінен артық кумулятивтік сенімділік дәрежесін алуға болады. Және оған қарама-қарсы, егер бір ақпарат көзінен алынған аудиторлық дәлелдеулер басқа көздерден алынған дәлелдеулермен жүйелі (бір ізді) болмаса, онда аудитор сол жүйесіздіктің шешімін табу үшін қандай қосымша процедуралар қажет екендігін айқындауға тиісті.
Аудиторға дәлелдеулер алуға шығарылған шығыстар мен алынған ақпараттардың пайдалылығы арасындағы өзара байланысты қарастыру қажет. Бірақ күрделілік пен шығыстар мәселесі өздерінен-өздері қажетті процедураны алып тастау үшін салмақты негіз больш табыла алмайды.
Дәлелдеулерді жинау және талдау кезінде олар жауап беруге тиісті талаптар, оларды алу әдістері қарастырылуы қажет, сондай-ақ алынған дәлелдеулердің арасындағы байланысты бөліп көрсете білу қажет. Тексеру жүргізіп және дәлелдеулердің барлық жиынтығын жинап алғаннан кейін аудитор оларды тәуекелдікті азайту мақсатында бағалауға тиісті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет