Қазақстанда аудитордың білім алуы Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аттестациялауға жоғары білімі бар және экономика, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау-ревизия немесе құқық қорғау салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған, сонымен бірге жоғарғы оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және жоғарыда аталған салаларда соңғы бес жылдың екі жылынан кем емес мерзім ішінде тәжірибе жинақталған тұлғалар жіберілетіндігі айтылған.
Жоғарыда айтылғандардан аудиторлық қызметпен айналысуға қойылатын негізгі талаптардың бірі — аудитордың білім алуы екендігін көреміз.
Аудитор алуға таісті білімінің негізгі элементтері төмеңдегілер болып табылады:
негізгі (базалық) білім;
жұмыс тәжірибесі;
арнайы кәсіптік білім.
5-Тақырып. Аудиторлық дәлелдемелер 1. Дәлелдемелер және олардың сипаты
2. Дәлелдемеге қойылатын талаптар
3. Дәлелдеме алу әдістері