Әкімшілік жауапкершілік. Аудит - қызметтің лицензияланатын түрі, сондықтан оның "Лицензиялау туралы" заңға сәйкес жауапкершілігі бар. Аталмыш занда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, сонымен бірге лицензиясыз қызметті жүзеге асырудан алынған табысты бюджетке алу түріндегі материалдық жауапкершілік қарастырылған.
Лицензия беруші орган төмендегі жағдайларда лицензияның қызметін тоқтата алады:
егер мемлекеттік қадағалаушы немесе бақылаушы органдар лицензия алушының лицензиялық талаптар мен шарттарды бұзғандығын анықтаған болса;
егер лицензия алушы жіберілген қателіктерді (бұзушылықтарды) жою жөніндегі лицензия берушінің талаптарын орындамаса.
Лицензия алушы лицензиялық алымды белгіленген мерзімнің ішінде төлемеген жағдайда, сондай-ақ, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады және жойылған болып есептелінеді.