Алматы экономика жєне статистика академиясы


Тауарлар мен қызмет көрсетуді алу, тексеру және қабылдау



бет48/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103
Байланысты:
Аудит

Тауарлар мен қызмет көрсетуді алу, тексеру және қабылдау.
Түсуші тауарларды тексеру басшылық көзқарасы бойынша бақылаудың маңызды реттемесі болып табылады. Сондықтан алынатын тауар бүтіндігін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын басшылығы әдетте міндеттерді бөледі. Мысалы, жабдықтау (сатып алу) бөлімінің қызметкерлері жеткізу келісімшартының орындалуын ғана бақыласа, қойма қызметкерлері тауарды құрылған шарт немесе тапсырысқа сай алып, содан кейін өндіріске жібереді. Егер жеткізуші жіберген тауар қоймаға түспей алынса, онда бастапқы құжаттарда осы факт туралы белгі қойылады.
Бүтін ыдыспен түскен тауарды қабылдау, әдетте, алушы қоймасында таза салмағы әр орындағы тауар бірлігінің саны, сапасы мен топтама бойынша қабылдау мерзімі сақтала отырып қабылданады.
Саны, сапасы мен топтамасы бойынша тауарларды қабылдауды алушы кәсіпорын басшысы немесе басшы орынбасары өкілетті еткен үш білікті адамнан тұратын комиссия қабылдайды. Комиссия мүшелері осы материалды жауапты адам қарамағында болмауы және материаддық құндылықтармен (есепке алумен, сақтаумен, қабылдаумен және оларды жіберумен) байланысты болмауы керек.
Тауарларды қабылдауды іске асыру үшін жақтар шартта комиссияның басқа құрамын көздеуі мүмкін.
Тауарларды қабылдайтын комиссия құрамына жіберуші (дайындаушы) оны тапсыру үшін өкілеттілік берген адамдар қатыса алады: жолсерік, келген бойдан жүкті тапсыру үшін бірге жіберілген адам және т.б.
Қабылдау комиссиясының мүшелері тауарларды қабылдау ережелерін қатал ұстану үшін жауапты болады.
Кәсіпорын басшылығы саны, сапасы және топтамасы бойынша тауарларды қабылдау жүктелген адамдарды бақылауды жүйелі іске асыруы және тауарды қабылдау ережесі бұзылғаны жөнінде хабарлап отыруы керек.
Саны, сапасы және топтамасы бойынша тауарларды қабылдау стандарттарға, техникалық жағдайларға сай, жақтар үшін міндетті ережелер не шарттар бойынша, сонымен қатар жеткізіліп отырған тауарлар санын, сапасын және топтамасын куәландыратын көліктік және қоса жүргізілетін құжаттар (шот-фактура, ерекшелігі, тізім, қорап (орама) құлақшасы, техникалық паспорт, сертификат және т.б.) бойынша жүргізіледі. Көрсетілген қоса жүргізілетін кұжаттардың немесе олардың кейбіреуінің болмауы тауарды қабылдауды тоқтатпайды. Бұл кезде қандай құжаттар жоқ екені көрсетілетін, түскен тауарлардың нақты саны, сапасы, топтамасы туралы акт жасалады.
Егер тауарларды қабылдау кезінде жетіспеушілік немесе жабдықтаушының қоса жүргізілетін құжаттарында көрсетілгеннен қандай да бір ауытқу анықталса, онда тауарларды қабылдау нәтижелері актімен ресімделеді және наразылық білдіріледі.
Тауарлар саны жетіспеушілігіне, сонымен қатар стандарттар, техникалық шарттар, сызулар, рецептуралар, үлгілерге (эталондарға) сапасы, топтамасы, қорабы, орамы және маркіленуі бойынша сәйкес келмейтін тауарларды жеткізуден туындайтын наразылықты алушы жеткізушіге қабылданған мерзімде "Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің наразылығын ұсыну және қарастыру және шаруашылық шарттар бойынша келіспеушілікті реттеу тәртібі туралы" ережеге сай ұсынады. Наразылықты карастыру мерзімін бұзылған немесе ол жауапсыз қалған жағдайда талаптық өтініш негізінде іс арбитраждық сотқа беріледі.
Тауар жетпеуімен байланысты таластарды шешу кезінде арбитраждық сотта ұсынылган дәлелдер бағаланып, жетіспеушілік себебі мен пайда болу орны анықталып, жақтардан барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде өнім мен тауарларды сан мен сапа бойынша қабылдау тәртібі туралы нұсқауда жіберуші (жеткізуші) және алушы міндетті түрде көрсететін қызметтік тексеру материалдарын ұсынуды талап етеді.
Топтамасы толық емес өнімді жеткізу жауапкершілігі топтама бойынша жеткізілген өнім стандарттарын және басқа нормативтік-техникалық құжаттамаға сай келетін, бірақ шартта көрсетілген талаптарға сәйкес келмегенде басталады.
Тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алу бойынша ішкі қызметкерлерінің жоғарыда көрсетілген әрекеті оперативты мәліметтер мен орындаушьшар есеп беруі арқылы бақылануы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет