Алматы экономика жєне статистика академиясы


Сатып алу шоттары мен аудиторлық тексеру бағытының қатынасы



бет46/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103
Байланысты:
Аудит

1. Сатып алу шоттары мен аудиторлық тексеру бағытының қатынасы
Сатып алу циклы шоттарының өзара байланысы және аудиторлық тексеру бағыттары
Сатып алу циклы процессін материалдық емес активтер, негізгі құралдар, тауар-материалдық босалқы қорлар және басқа активтер сатып алынатын, қарыз міндеттемелері құралатын және солар бойынша төлемдер жүргізілетін шаруашылық операциялар жатады.
Алдыңғы тарауда атап өтілгендей, тексеру жүргізу кезіңде қосарлы жазбаны есепке алу принціпіне негізделетін мақсатты тест жүргізу әдісін пайдалануға болады. Сондықтан сатып алу циклы аудиті кезінде тексерудің бастапқы нүктесі ретінде активтер сатып алынуын бейнелейтін шоттар дебетіне жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысуды сипаттайтын шоттар кредитін алуға болады.
Тексерудің келтірілген әдістемесіне айналымнан тыс активтердің сатып алу циклына түсуін бейнелейтін шоттар енгізілген. Бірақ, егер айналымнан тыс активтерді сатып алу және пайдалану бойынша операциялар жеткілікті түрде тұрақты және үлкен айналыммен жүргізілсе, оларды жеке жүргізген тиімді болады. Сондықтан осы тарауда активтерді сатып алу тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алуы мысалы бойьшша қарастырылады.
Сатып алу циклы аудитінің негізгі бағыттары есеп айырысу жағдайы туралы есепке алу мәліметтерінің нақтылығы мен зандылығын тексеру, есеп айырысу-қаржы пәндерінің орындалуы және оның кәсіпорынның төлем қабілетіне әсері, борыш нақтылығын анықтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет