Шикізатты (материалды) өндіріске жіберу. Өндірістік цикл операцияларының бухгалтерлік есеп жүйесі мен оларға қолданылатын бақылау процедураларын зерттей отырьш, аудитор ең алдымен жұмсалған өндірістік шығындарға рұқсат берілді ме, дәл бекітілді және жинақталды деген кепілдік беретін процедураларға қызығушылық білдіреді. Бақылаудың бұл мақсаттары аудит мақсаттарымен, оның ішінде өндірістік цикл шеңберінде, бірінші кезекте шикізаттың босалқы қорының, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің, сонымен қатар сатылған өнімнің өзіндік құнының толықтығы, дәлдігі және болуымен тығыз байланысты болады. Аудиторды аудиттің жоғарыда аталған мақсатымен тікелей байланысты емес бақылаудың басқа процедуралары да қызықтыруы мүмкін.
Кәсіпорын қоймаларында шикізат пен материалдың болуы өндіріс қажеттілігіне байлайысты болады. Бұл процесс тұрақты түрде басшылықтың бақылауында болуы керек. Өндіріс пен босалқы қорлар жөніндегі мәліметтердегі қателер дұрыс емес шешімдер қабылдауға әкелуі мүмкін. Мысалы, босалқы қорлар туралы дәл емес мәліметтер сатып алу немесе өндірістік бағдарлама орындалуына қатысты қате шешімдерге ұрындырады. Аса үлкен босалқы қорлар сақтау жөніндегі ағымдық шығындарды көбейтіп, ескеру тәуекелділікті арттырады. Жеткіліксіз босалқы қорлар тапшылыққа, өндіріс тоқырауына және сатуды жоғалтуға әкелуі мүмкін. Босалқы қор деңгейін бақылаудың тиімді процедурасы бизнесті басқару кезінде әкімшілік пайдаланатын және сонымен басқару тиімділігін арттыруға көмектесетін есепке алу және басқа ақпаратта қате пайда бөлу мүмкіндігін азайтады.
Өндірістік процессте графиктерді жоспарлау мен құрудың ролін түсінген аудитор босалқы қор мен өнімнің өзіндік құнымен байланысты бөлінбес және бақылау тәуекелдерін тиімді бағалай алады. Бұл циклде материалдар шығындары зерттелетіндіктен (алдыңғы тарауда біз кәсіпорынға тауар-материалдық босалқы қордың тусуі жөніндегі аудит қарастырылды), ішкі бақылау жұмысында бірқатар ұйымдастырушылық алғы шарттардың болуы талап ететін материалдарды босатуды (жіберуді) ұйымдастыру мен іске асыруды қарастырайық. Мысалы, қойма қызметкерлерінде бас бухгалтермен келісіле отырып, бекітілген материалдарды талап етуі мүмкін адамдар тізімі мен қолдарының үлгісі болуы керек.
Материалдарды жіберумен қатар пайдалануды бақылауды ұйымдастырудың қажетті шарты норматив (шығындар нормасы) болып табылады. Оларсыз материалдар шығындарын есепке алуды, оларды пайдалануды бақылауды, өнімнің өзіндік құнын төмендетуді қалыптастыруға болмайды.
Шикізат пен материалдар рұқсат берілген жүкқұжат негізінде өндірістік процеске бағытталады. Кез-келген жағдайда материалдардын мұндай қозғалысы оперативті мақсаттармен қатар бухгалтерлік есеп мақсаттарына қызмет ететін рұқсат беруші кұжаттарға тіркелуі керек.
Құжатпен рәсімдеу тәртібіне қарамастан көптеген өндірістерде материалдар лимит бойынша босатылады. Ішкі бақылау осындай лимиттер мен нормативтердің саны мен сапасын, олардың есеп айырысуының дұрыстығын (лимитті - алу карталары негізінде) анықтайтын талдау жүргізуі керек. Сонымен бірге ай басында цехтар жұмсамаған материаддар қалдығы да ескеріледі. Әдетте материалдарды жіберу (босату) лимитін нормалау бөлімінің (жоспарлау бөлімінің) есептеулерін пайдалана отырьш, жабдықтау бөлімі орнатады.
Тек директор немесе бас бухгалтер (немесе олар өкілеттілік берген адамдар) материалдарды лимиттен тыс беруге немесе бір түрді басқа түрге ауыстыруға рұқсат бере алады.
Шикізат пен дайын өнімді сақтау.
Шикізат пен материалдар қабылдау кезінен бастап өндіріс процессінде оларды пайдаланатын барлық кезеңдерде есеп пен бақылау объектісі болып табылады.
Шикізат, материалдар мен дайын өнімді сақтауды қамтамасыз ететін процедуралар қамтиды:
рұқсаты жоқ персоналды жіберуді шектеу арқылы босалқы қорларды қорғау;
материалды өндірістік цехтарға қажетті рұқсат беру арқылы беру;
шығындарды есепке алу тізіміне босалқы қорларды материалдарды беруден кейін жазу;
қолма-қол материалдарды ары қарай нәтижелерді талдамалық есепке алу тізімдері мәліметтерімен салыстыру арқылы кезең сайын есептеу (түгелдеу).
Түгелдеу ішкі бақылаудың тиімді құрылымының бөлігі болып табылады. Сондықтан аудитор бухгалтерлік есебінің 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" стандарты мен оның "Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізу тәртібі туралы" әдістемелік ұсынымдарына сай клиенттің түгендеу жүргізу мәселелерін зерттейді. Активтерді түгелдеу бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру мәселелерінің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жылына бір реттен кем емес жүрпзіледі. Активтердің сақтығына жауап беретін адамдар тобы немесе әр материалды жауапты адамнан түгендеу басталғанға дейін қолхат алынады. Кәсіпорынның босалқы қорларын толық есептеу бір уақытта жүгізіледі және бұл кезде барлық операциялар тоқтатылуы керек (кейде бұны "қабырғадан қабырғаға дейін түгелдеу" деп атайды); егер талдамалық есеп тізімі жүгізілсе және басқа міндеттемелер қанағаттандырылса, онда жыл бойы түрлі уақытта босалқы қорлардың еркін таңдап алынған түрлеріне мезгіл сайын есептеулер жүргізілуі мүмкін (бұны "босалқы қорларды циклдық түгелдеу" деп атайды).
Түгелдеуді жоспарлау мен жүргізуге ең алдымен клиент жауапты болады. Бірақ түгелдеуге сыртқы аудитор қатысуына байланысты жоспарлауды бірлесе отырып іске асыру керек.
Аудитор жазбаша турде құрылған түгелдеуді жүргізу нұсқауын немесе ескертпесін қарап, өз ескертулерін айтуы керек. Клиент әкімшілігінің түгелдеуге жауап беретін өкілі түгелдеуді жүргізуді қадағалайтындар үшін жиі бір немесе бірнеше нұсқамалар жүргізеді.
Бұл нұсқамалар тек материалды жауапты адамдарға ғана емес, тұрақты әрекет ететін түгедеу комиссия мүшелеріне, сонымен қатар бухгалтерия қызметкерлеріне арналады. Оған мынандай сұрақтар енеді:
тауар-материаддық босалқы қорлардың санын, жалпы сомасын есептеу;
түгендеудің жалпы нәтижесін бағалау мен жасауды іске асыру;