Алматы экономика жєне статистика академиясы


Өндіріс кезеңі аудитінің ақпарат көздері



бет55/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103
Байланысты:
Аудит

2. Өндіріс кезеңі аудитінің ақпарат көздері
Талдамалық процедуралар көмегімен тәуекелдерді анықтайды, шоттар арасындағы арақатынасты зерттейді, аудиторға тәуекелдікті бағалауда көмектесетін тенденциялар мен заңдылықтарды анықтайды. Тенденциялар көрінуі мұмкін:

  • өндірістік шығындардың кұрамдас бөлігі, өндірістік шығындар мен баға ауытқулары арасындағы ара қатынасты;

  • дайын өнімдердің босалқы қорларының айналымдылығы (сатылған өнімнің өзіндік құнының дайын өнімнің орташа босалқы қорына қатынасы).

Аудитор осы ара қатынастарды талдап, оларды өткен кезеңнің сәйкес мәліметтері мен болжау көрсеткіштерімен салыстырып, ерекше операцияларды анықтап, олардың құрылу табиғатын түсініктеме табуы қажет. Ішкі есеп беруге әкімшілік жүргізген талдау аудиторға өзінің таддамалық процедурасына қосу үшін олар қаншалықты қажет екенін шешуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған талдамалық процедуралардан басқа аудитор мыналарға талдау жасайды:

  • шикізат пен материалдардың, жалақының нақты шығындары мен жүкқұжат шығындарының нормативтен ауытқуына;

  • тауарлы-материалдық босалқылар құрамы мен құрылмыына;

  • тауарлы-материалдық босалқылардың шығарылуы (ескірген, сұранысқа ие емес, бұзылған, сонымен қатар өткен кезеңдер көрсеткіштерімен салыстырғандағы басқа шығарулар);

• тауарлы-материаддық босалқылардың өтімділігі.
Талдамалық процедуралармен байланысты туындаған аудитор сұрағына клиенттің жауабы клиенттегі бақылау сапасы туралы түсінік береді. Мысалы, ағымдағы жылмен алдағы жылды салыстырғанда босалқы қорлардың айналымдылығы көрсеткіштеріндегі орын алған ауытқулар туралы сұрақтарға бірден берілген логикалық және нақты жауаптар әкімшілік жағдайда бақылап отыр және есепке алу жүйесі мен бақылау процедурасы дұрыс әрекет етеді деген тұжырым жасауға негіз бола алады (егер қарсы дәлел болмаса).
Объектіге қатысты тексерулер
Аудитор компанияның бақылау құрылымын өзіне аудитті жоспарлауға мүмкіндік беретіндей етіп түсінуі керек. Бұл олардың пайда болу қаупі немесе мүмкін бұрмалауларды анықтау және объектігі қатысты тексеру әдістемесін даярлау үшін қажет. Аудитор өзіне кәсіпорын туралы белгіліні талдайды, алдыңғы жылдағы аудит нәтижелерін қарастырады, клиент персоналымен әңгімелеседі, персонал өз міндеттерін қалай орындайтынын бақылайды, бақылау саясаты мен процедурасының клиент дайындаған сипаттамасын қарастырады, құжаттар мен есептемені зерттейді.
Егер аудитор толықтық, дәлдік және болу сияқты аудит мақсаттарына қатысты өндірістік циклдің кейбір немесе барлық шоттарының бақылау тәуекелін төмен деп бағаласа, онда босалқы қорларға түгендеу жүргізуді міндетті бақылаудан басқа аудиттің осы мақсаттарына қатысты мән бойьшша тексерулер аналитикалық процедуралармен шектеледі. Ол аудиттің келесідей мақсаттарына қатысты бақылау тәуекелін сирек төмен деп бағалайды: құбылыс, бағалау, құқық және міндеттемелер, ұсыну және ашу. Сондықтан осы мақсаттарға қатысты әдетте мән бойынша тексерулер жүргізіледі.



11-Тақырып. Ұзақ мерзімді активтер аудиті
1. Материалды емес активтер аудиті
2. Негізгі құралдар аудиті
3. Ұзақ мерзімді инвестициялар аудиті



Үлкен кәсіпорындарды санамағанда, өндірістік қызметпен айналысатын көптеген кәсіпорындар азғантай негізгі кұралдар мен материалдық емес активтерді пайдаланады. Сондықтан ұзақ мерзімді активтер мен оларға сәйкес шаруашылық операцияларға ішкі бақылау процедуралары жеке көлемді жасалмайды, өйткені арнайы бақылауға кететін шығындар көлемі өзін-өзі ақтамайды. Мысал үшін үлкен өндірістік кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтерге аудит жасау әдістемесін келтірейік.
Ұзақ мерзімді активтердің ішкі бақылауы туралы жалпы түсінік алу мақсатында, аудитор лауазымды тұлғалар арасындағы ақпарат қозғалысындағы құрылымдық жүйесін есеп ақпараттарын көрсету үшін зерттеуі немесе өзі құрастырған ішкі бақылау жайлы сауалнама сұрақтарына жауап іздеуі тиіс. Бұл қүжаттар аудиторға клиентті бақылау тиімділігін тестілеуге және тәуекелділік деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық операциялар есепте нормативтік-құқықтық актілерге, бухгалтерлік есеп саясатына, есеп саясатының ережелеріне т.б. сәйкес көрсетілуі тиіс. Бақылау процедураларын зерттеу алдында аудитор тексеру жүргізгенде жүгінетін ақпараттарды білуі тиіс
Ақпарат көздері қаржылық есептілік баптарынын бекітілген дұрыстық категориялары бойынша аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін зерттелуі тиіс. Ұзақ мерзімді активтер бойынша аудитор тексеруі тиіс:
• Есепте көрсетілген ҰМА бар, өндірісте қолданылады және кәсіпорын меншігі болып саналатындығын.
• ҰМА қалдығы түгелдеу қортындыларында көрсетілгендігін.
• Барлық ҰМА кәсіпорын меншігі болып табылады және олар бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес есептелгендігін.

  • ҰМА кірісі мен шығысы бойынша барлық операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында есептелгендігін.

  • ҰМА синтетикалық есебінің шоты бойынша айналымы және сальдосы аналитикалық есеп шот сальдосы мен айналымымен салыстырғанда тең болады. Олар Бас кітап пен қаржылық есепке дұрыс көшірілуін.

• Алынған ҰМА құнына оларды сатып алу бағасы, қою, монтаждау, жеткізу шығындары кіргендігін.
• ҰМА-ді қайта бағалау нормативті құжаттарға сәйкес жүргізілгендігін.
• Амортизация қабылданған әдісі бойынша дұрыс есептелгендігін
• Болған операциялар бастапқы есеп құжаттарында тіркелуі тиіс және қаржылық есептілікке тура көшірілгендігін.
• Қаржыландыруға жататын бір де бір бап шығындарға жатқызылмағандығын.
• Кәсіпорын мүлікке иелік етуге заңды құқығы бар екендігін
• Мүлік тірлік мақсатында салымға салынбағандығын

  • ҰМА-дің сыныпталғандығын және қаржылық есеп беруге тура көшірілгендігін.

  • ҰМА жайлы ақпаратың бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ашылғандығын.

Ұзақ мерзімді активтерге байланысты шаруашылық операцияларды бақылауды тестілеу тек операциялардың өте көп болуынан және бақылау тиімсіздігіне әкелетін тәуекел көлемі үлкен болғанда қолданылады.
Тест сұрақтары:
1. Материалдық жауапкершілікті тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік жайлы келісім-шарт жасалды ма?
2 Ұйым басшысы негізгі құралдардың бүтіндігін тексеру мен түгелдеу жүргізу мақсатымен арнайы тұрақты комиссия құрды ма?
3 Негізгі құралдардың сақталуын тексеру және түгелдеу өз уақтысымен жүргізіле ме?
4 Ұйым басшысы тексеру қортындыларымен танысып, негізгі құралдардың жетіспеушілігі болған уақытта кіналы тұлғаларға тиісті жаза қолдана ма ?
5 Бастапқы құжат реквизиттері белгіленген тәртіппен рәсімделе ме?
6 Негізгі құралдар объектілерінің тиісті техникалық төлқұжаты бар ма?
7 Техникалық құжаттар негізінде негізгі құралдарды тиісті қасиеттеріне байланысты жіктеу жұмыстары жүргізіле ме?
8 Негізгі құралдарды қайта бағалау жұмыстары негізді түрде жүргізіле ме?
9 Арнайы ұйыммен бекітілген негізгі құралдардың нарықтық құны бойынша эксперттік қортындысы бар ма?
10 Бухгалтерлік есепте қайта бағалау қорытындылары дұрыс көрсетіле ме?
11 Негізгі құралдарды қабылдау өз уақытымен және сапалы түрде жүргізіле ме?
12 Әр қабылданған объект бойынша түгелдеу карточкалары ашыла ма және оларға түгелдеу номері беріле ме?
13 Түгелдеу карточкаларының тізімдемесі және негізгі құрал объектілерінің орналасқан жері, пайдаланылуы бойынша түгелдеу тізімі жүргізіле ме?
Бұл тест арқылы бақылау тиімсіздігі тәуекелін анықтау және ұзақ мерзімді активтерді есептеу жүйесі аяқталады. Тексеру процессінде шыққан бақылаудың әлсіз жақтарын аудиторлар басшысы тереңірек шолу керектігін анықтау мақсатыңда бағалау керек. Сондықтан әлсіз ішкі бақылау болған кезде шаруашылық операциялар мен ұзақ мерзімді активтерде әртүрлі өзгерістердің болуына қарамай, әр шаруашылық операцияны тексеріп отырған жөн. Ол үшін аудит мақсаттарына жауап беретін шыншыл ақпарат жинау керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет