Алматы экономика жєне статистика академиясы



бет53/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103
Байланысты:
Аудит

Активтер мен жазуларды нақты бағалау. Мақсаты — тауарлы-материалдық босалқы мен тиісті құжаттарды сақтайтын шараларды іске асыру.
Тәуелсіз тексерулерді іске асыру. Тәуелсіз тексерулер белгіленген ережелердің орындалуын бақылау үшін жүргізілетін процедуралар болып табылады. Ары қарай аудитор бақылау тәуекелдігін төмен деп бағалауға негіз ретінде саясат пен процедуралар тиімділігіне қосымша дәлел алу керек не керек еместігін, содан кейін осындай дәлелдердің қажеттігі мен дұрыстығын талдайды. Егер солай болса, әдетте аудитор аудиттің нақты мақсаты, көбіне босалқы қорлардың, өнімнің өзіндік кұнының және өндірістік шығындарының толықтығына, дәлдігіне және болуына қатысты бақылауға қосымша тексеру жүргізеді.
Өндірістік циклдың шаруашылық операцияларының құрамы мен саны негізінен өндірістік процесс күрделілігіне байланысты болады. Өндірістік циклдың әдеттегі операцияларына мыналардың жататыны белгілі:

  • шикізатты (материалды) өндіріске жіберу;

  • жалақы есептеу және төлеу;

  • дайын өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру;

  • дайын өнімді шығару және оның қозғалуы;

  • шикізат пен дайын өнімді сақтау.

Сәйкестікті тексеру бірізділікпен жүргізу үшін ішкі бақылау жұмысын өндіріс циклының төрт негізгі құрамдас бөлігі бойынша қарастыру рационалды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет