Алматы экономика жєне статистика академиясы


Қаржылық есеп беру аудитінің ақпараттық базасы



бет43/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103
Байланысты:
Аудит

1. Қаржылық есеп беру аудитінің ақпараттық базасы
Экономикалық субъектінің жағдайын өзгертуде немесе оны сақтауда бір жолға қойылуына әсер ететін басқаруды қамтамасыз етеді. Басқару ақпаратқа сүйенеді.
Ақпарат жинау, сақтау, өңдеу объектісі болып табылатын мәлімет. Ақпарат құнына: ақпаратты жинауға басшылар мен солардың қол астындағылардың жұмсалған уақыты, рынокты талдау, пайданылған уақытын төлеу, сыртқы кеңесшілер қызметтерін пайдалану, сонымен қатар нақты шығыңдар жатады.
Желілі және функционалды басшылардың қатарына жататын бухгалтерлер, қаржылық менеджерлер, экономистер сияқты мамандардың жұмысының табыстылығы, олардың құқықтық, ақпараттық, нормативтік, техникалық және т.б қызметтерін қамтамасыз ету түрлеріне байланысты болады. Ақпаратты қамтамасыз ету осы жүйенің негізгі элементтерінің қатарына жатады.
Басқару — шешім қабылдау деген сөз. Басқару шешімдерін түсініп қабылдау тек акпарат негізінде ғана мүмкін болады. Сондықтан Наполеон: "Басқару - алдын-ала көре білу" деген. Бұл үшін ақпарат қажет. "Ақпарат" түсінігің сан түрлі анықтамасы бар, оның ең сыйымдысында былай деген: "ақпарат — бұл өзі тиісті саладағы белгісіздікті азайтатын мәлімет".
Қазіргі кезде ақпарат, қоғам дамуының негізгі ресурстарының бірі ретінде қарастырылады. Ақпарат сан алуан және адам қызметіне байланысты ғылыми, техникалық, өндірістік, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, және т.б. больш бөлінеді. Аудит тиімді басқару шешімдері негізінде экономикалық ақпарат жүйесіне жатады. Жоғарыда аталғандай ол қаржылық есеп берудің нақтылығын дәлелдейді. Сондықтан ақпараттың осы түріне тоқталайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет