Алматы экономика жєне статистика академиясы


Аудиторлық қорытынды түрлері



бет40/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103
Байланысты:
Аудит

3. Аудиторлық қорытынды түрлері
Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды (есеп)
Халықаралық аудит стандарттары бойынша терминдер глоссарийлерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қорытынды (есеп) жалпы каржылық қорытынды есеп бойьшша жазбаша нысанда нақты білдірілген ой-пікірлерден тұрады.
Аудиторлық қорытынды аудитор мен қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар арасындағы негізгі коммуникациялық канал болып табылады. Аудиторлық қорытынды есептің негізін қалаушы кейбір концепциялар бұрын қарастырылған болатын. Бұл тарауда 700 "Қаржылық қорытынды есепке қатысты аудиторлық қорытынды есеп" деп аталатын Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес стандартты аудиторлық қорытынды есептің толық тексті келтірілді.
Ескертусіз аудиторлық қорытынды аудитор қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың белгіленген негіздеріне сәйкес ол сенімді әрі дұрыс көріністі көрсетеді (немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген") деген қорытындыға келген жағдайда жасалынады. Ескертусіз қорытындыда сонымен бірге бухгалтерлік есеп принциптеріндегі немесе оны қолдану әдісіндегі кез-келген өзгерістер, сондай-ақ, оның себеп-салдары тиісті түрде анықталып, қаржылық қорытынды есепте ашылатындығы туралы пайымдаулар көрсетіледі.
Фактіні бөліп көрсету—бұл ақпарат пайдаланушылардың назарын қаржылық қорытыңды есепке әсер етушы фактілерге,сонымен бірге осы пазиция толығырақ түсінік беретін ескертулерге аудару тәсілі. Фактіні бөліп көрсету ескертуі бар (шартты) аудиторлық қорытынды болып табылмайды. Әдетте ол қорытынды бөлімнен кейін көрсетіледі және аудиторлық қорытындының шартты емес (ескертуі жоқ) екендігін айқындайды. Ол төмендегі жағдайларда пайдаланылады;
1. Кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесіне көңіл аудару үшін. Егер қаржылық қорытынды есепте тексеру нәтижелерімен бірдей ашып көрсетулер бар болса, онда аудитор ескертуі жоқ (шартсыз) қортынды жасауға және аудиторлық қорытынды есепті, оған қаржылық қорытынды есепке түсіндірме ескертпелерге назар аудару арқылы кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесі туралы фактілер енгізілетін жеке параграфты кіргізе отырып, модификациялауға (түрін өзгертуге) тиісті. Ол фактілер төмендегі тәртіппен көрсетіледі: "Ескертусіз (шартсыз) қорытынды бере отырып біз сіздердін, назарларыңызды қаржылық қорытынды есепке _____ескертпеге аударамыз.
Кәсіпорын 200 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын бір жылдың ішінде *** мөлшерінде зиян шекті және осы мерзімге кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері оның ағымдағы активтерінен *** сомаға артық болды. Бұл факторлар № ескертпеде анықталған басқа да факторлармен бірге кәсіпорынның үздіксіз қызметін жалғастыру мүмкіндігінің болатындығына едәуір күмән тудырады".
2. Шешімін табуы кәсіпорынның тікелей бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалармен байланысты елеулі дәрежедегі сенімсіздік жағдайында күпеген жағдайлар (ситуациялар) бойынша ақпараттарға жүгіну қажет. Халықаралық аудит стандарты бойынша текстінің мысалы төменде қарастырылды:
"Ескертусіз (шартсыз) қорытынды бере отырып, біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қорытынды есепке № ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын патенттік кұқықтарды бұзу, авторлық гонорарларды иелену және зиян келтіру туралы, шағым-талап бойынша жауапкер болып табылады. Кәсіпорын қарсы талап қойды, сөйтіп қазіргі уақытта екі бірдей шағым-талап бойынша алдын-ала тыңдау және соттық істі қарауы жүріп жатыр. Бұл фактіні қараудың ақырғы қорытындысын бүгінгі күні анықтау мүмкін емес, және де міндеттеме туындаған жағдайда қаржылық қорытынды есепке оны жабатын резерв кұрылған жоқ".
3. Сондай-ақ, өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебі елеулі бұрмаланған және тиісті сандық көрсеткіштер ағымдағы кезенде соған сәйкес өзгеретін жағдайлар (ситуациялар) болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет