Алматы экономика жєне статистика академиясы


Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті



бет71/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103
Байланысты:
Аудит

2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
Ағымдағы міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді қарыздары, банктен тыс мекемелерден алынған қарыз және кредиторлық берешек жатады. Банктердің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу операциялары 4010 шоттарында ескеріледі. Бұл шоттардың әрқайсысында «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоты бар. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым – қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым –қарызға алынған соманы көрсетеді.
Алынған қарыздар сомасы «Банктердегі аккредитив чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша» бөлімшесінің «Шетел валютасындағы ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша», «Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша», «Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық берешек», «Қоюшы және мердігерлермен есеп айырысу» және т.б. шоттарымен корреспонденцияда көрсетіледі.
Өтелген кредиттер сомасына «Қарыздар» бөлімшесінің (ақшалай қаражаттың есебі бойынша шоттармен корреспонденцияда «Банктердің қысқа мерзімді қарыздары» аралық шоты) тиісті шоттары дебеттеледі.
Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебінің несиесін берген банк түрлері және жеке кредиторлар бойынша жүргізіледі.
а) қарыз проценттерін төлеу мен оларды кезең шығыстарына жатқызуының дұрыстығы;
ә) «Қарыздар» («Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоты) шоттары бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін 4 журнал-ордерде және бухгалтерлік баланста жүргізудің дұрыстығы;
б) баланста «Ағымдағы мінтеттемелер» бөлімшесінде « Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі» бабы келтіріледі;
в) қарыздарды өтеу мерзімі осы бап бойынша соманы негізділігін анықтау қажет;
г) овердрафт, сенімді клиентке оның шотындағы қалдықтан тыс берілетін қысқа мерзімді қарыз түрін білдіреді, сондай-ақ жеке есептелетін, мерзімінде төленбеген банк қарыздары.
«Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары» (4010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар») шотына аналитикалық есеп, қарыз берушілер мен қарызды өтеу мерзімдері бойынша жүргізіледі.
Банктен тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімдік қарыздар көбінесе вексельмен коммерциялық кредит және берешек міндеттемелерге «серіктестік» кредит түрінде болады.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділікті есебі және еңбекақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтары) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативтік құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР «Еңбек туралы»заңы. Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады.
Қызметкерлермен еңбеке төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күніндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бір уақыттағы Бас кітаптағы жазулармен сәйкестігін анықтап, бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 3350 тізімдемесінің ведомостының жиынтық сомасының мекеме балансындағысымен салыстыру қажет.
Айырмашылық табылғанда олардың себептерін анықтау керек. Сондай-ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеикіштерімен салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативтік құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Еңбектақыны уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалармен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі.
Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар-жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген түзетулердің бар-жоғын т.б. анықтайды.
Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табелін, сондай еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар-жоқтығын анықтау қажет. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының есебі табельдеріндегі жұмысшылардың аты-жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтермен салыстыру керек.
Бастапқы құжатармен есептік тізімдемелерді тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.
Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:

  • Төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру

  • Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты қосымша ақыны рәсімдеу тәртібі.

  • Құжаттау рәсімі мен іркіліс төлемі.

  • Өнімнің ақауын құжатпен ресімдеу мен оны төлеу

  • Түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы.

  • Жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу.

  • Мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу.

  • Іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу және т.с.с.) жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;

  • Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;

  • Жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.

Заңнамаларға сәйкес жалақыдан мыналар ұсталынады: жеке табыс салығы, зейнетақы қорларына аударымдар, бұрын берілген аванс бойынша берешекті, сондай-ақ арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген соманы өткізуге; есеп беретін сома бойынша берешекті өтеуге; пәтерақы, баланың мектепке дейінгі балаларға мекемеде тәрбиеленгені үшін, еңбеккерлердің мекемеге келтірген материалдық зиянның орнын толтыруға; ақшалай начеттар (заңсыз жұмсаған қаржыны біреудің мойнына жазу); кредитке сатып алынған тауарға; орындалатын құжаттар бойынша, өнім ақауы үшін. Жалақыдан басқа ұсталымдар еңбеккерлердің келісімімен ғана ұсталады.
Жеке табыс салығы ҚР-ның «Салықтар және бюджаттке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодексімен белгіленген тәртіп пен молшерде ұсталынады 5 процент.
Зейнетақы жарнасын ұстауы және төлеу қызметкердің ай сайынғы табысының 10 % мөлшерінде жүргізіледі.
Қарызға алынған тауарлар үшін ұсталымдар азаматтарға ұзақ пайдалану үшін кредитке тауарлар сату ережелерінде қарастырылған тапсырма-міндеттеме негізінде жасалады.
Қызметкерлер келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру үшін ұсталым мекеме бойынша бұйрық негізінде не болмаса сот шешімі бойынша атқарылады.
Тексеру қорытындысында мыналарды анықтау қажет:
шығыстарды еңбекақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;
жеке төлемдерді өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығы;
бухгалтерлік өткізбе желілері еңбекті өтеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;
синтетикалық және аналитикалық есепті жиынтық мәліметтерді және еңбекақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы.

4 Тәжірбиелік материалдар

1

1-Тақырып. Аудиттің маңызы мен орны
1. Аудиттің пайда болуы мен дамуы
2. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы мен дамуы
3. Аудиттің түрлері








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет